Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

3. Клиникалық кешендік зерттеуде рентгендік тексерулердің диагноздық мәні жоғары: жалпы шолу рентгенораммасы мен кт. Онкологиялық орталықта емделеді. Клиникалық жағдай n38

54 жастағы әйелдің шағымдары: өте көп мөлшерлі көбікті қақырық (800-1200мл дейін) тастайтын жөтел, кеуде сарайының ауырсынуы, дел-салдық, әлсіздік.

Анамнезінен: ЖРВА кейін қақырықты жөтел қалып қойған, күшейе келе, көлемі де ұлғайған. Әлсіздік пен салмақ тастау, кеуде сарайының ауырсынуы кейін қосылған.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене салмағы кеміген. Тері жамылғылары қуқыл, шамалы акроцианоз. Қалыптыда ентігу бар – тыныс жиілігі 34 минутына, перкуссияда – қос өкпенің төменгі бөліктерінде өкпе дыбысы біркелкі емес қысқарған; аускультацияда түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Пульсі 116 мин., АҚ 150/90 мм сын. бағ.

ЭКГ: жүректің оң бөліктеріне күш түсу белгілері бар. Рентгендік зерттеуде: қос өкпенің төменгі және оң орта бөліктерінде өкпе тінінің біркелкі емес, түрлі өлшемді, бұрыс пішінді инфильтраттық тығыздалулары анықталды. Оң орта бөліктегі инфильтрат плевралық саңылаудан өтіп, жоғары бөлігінің алдыңғы сегментіне тараған. Тығыздалу фонында бөліктік және сегменттік бронхтардың қуыстары байқалады. Түбір аймақтары мен медиастинумде лимфа түйіндердің ұлғаюы бақыланбады.

  1. Жетекшi синдромдары. Болуы мүмкін дерттер. ДД жүргізетін нозобірліктер.

  2. Науқасты кеңеске және емдеуге жіберетін маман.

N38. Жауаптары:

1. Жөтел, өте көлемді қақырық тастау, оның көпіршікті болуы – бронх-альвеолалық рактен күдіктендіреді. Жетекші синдромдары: өкпенің диссеминациялық процесі (түйінді); ТШ; салмақ тастау; АГ; ЖШ. Нақты аталған дерттен күдіктенгенмен келесі аурулармен де ДД жүргізу керек: екі жақты пневмония; өкпе шемені; өкпенің туберкулезі.

2. Шешуші зерттеулер қатарына кт, бал жатады. Онкологиялық диспансерде, көрсетпелеріне байланысты онкологиялық зерттеу институттарында тексерулер мен ем тағайындалады. Клиникалық жағдай n39

31 жастағы әйел адам дәрігердің қабылдауына соңғы 1,5 жылда 5-6 рет келген, бүгінгі шағымдары: кенет ұстаған “тұншығу ұстамасы”, алқымының сығылуы, ауа жетпеу сезімі, есінен тануы. Дәрігердің “астма” диагнозын неліктен қоймайтынын түсінбейтіндігін айтып, наразылығын білдірді. Психоневролог кеңесіне бармаған. Есінен қысқа мезгілге танғандығы, өлім қауібі қатты мазасыздандырады.

Жұмыс орнында беделіне нұқсан келгендігін, ауа жетпеуге байланысты терезелерді жиі ашудан шиеленіс, дау дамығандығын, кардиологтың да “маңызды” диагноз қоймағандығына таңқалғандығын да жасырмады.

Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тынысы терең, жиі, гипервентиляциялық. Тері жамылғылары ылғалды, қалыпты түсті. Өкпе үстінде анық дыбыс, күшейтілген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзармаған, сырылдар жоқ.

Пикфлоуметрия сынамасында тыныстың бір секундтағы екпіндетіп шығарған көлемі – 480мл. ЭКГ патология жоқ.

  1. Болжам диагнозын анықтаңыз. Неврологиялық патологиялармен байланысын зерттеңіз.

  2. Науқас емделетін маман.

N39. Жауаптары:

1. Де-Костаның гипервентиляциялық синдромы, гипервентяляциялық криздермен. Үрейлі-күмәншіл жағдайлармен сипатталатын неврастенияда, фобияларда, беймазалық невроздарда қосақтаса кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]