Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IA_sit-es-zhina_1171_y_1_b_1257_lim_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

Клиникалық жағдай n6

5 жастағы ұл баланы емхана дәрігеріне ұстамалы жөтелге, ысқырықты сырылдарға, ентігуге байланысты алып келді. Бала бірінші, қалыпты жүктіліктен дүниеге келген, салмағы 3250г, бойы 50 см болған. 4 айлығынан жасанды тағамдануға өткізілген, 5 айлығынан атопиялық дерматиті бар. Балалар бақшасына барған 2 жас 3 айлығынан бастап жиі ауырған: жылына 6-8 ретке дейінгі респирациялық аурулар, субфебрильді қызбамен, ентігулермен, жөтелмен, құрғақ, ылғалды сырылдармен қабаттасқан. Рентгендік зерттеулерде пневмониялар дәлелденбеген. 3 жасында кезекті ЖРВИ кезінде тұншығу ұстамасы болған, сальбутамол ингаляцияларынан 4 сағаттан кейін ғана басылған (? Әдетте бұл дәрмек 4-5 мин әсерін бастап, шыңына 40-50 мин жетеді, әсер ұзақтығы 4-5 сағатқа жалғасады). Осыдан кейін ұстамалар әр 3-4 айда, ЖРВИ немесе шоколад, цитрустарды қабылдаумен байланысты, қайталанып тұрған.

Жанұялық анамнезінен: әкесі және атасында бронхтық астма, анасында экзема бар. Өршуі 3 күн бұрын түшкіру, насморк, дене қызуынан (38,20С) басталған.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене қызуы 37,70С, ұстамалы жөтел, тыныс шығаруы ұзарған ысқырықты тыныс, тыныс жиілігі 32 мин. Аңқасының кілегеі қабығы шамалы қызарған. Кеуде сарайы күпсіген, перкуссияда қорап реңкілі дыбыс, аускультацияда ысқырықты құрғақ және ылғалды сырылдар естілді. Жүрек тондары шамалы әлсіз, ырғақты, ЖСС 88 мин.

Қосымша тексеру нәтижелерінен: ҚЖА: Нв 120г/л, эр. 4,6х1012/л, лейк. 4,8х109/л, лейкоформуласы – т/я 3%, с/я 51%, эоз. 8%, лимф. 28%, мон. 10%, ЭТЖ 5мм/сағ. НЖА патология жоқ. Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында: өкпе алаңдары мөлдір, бронх-тамырлық суретінің күшеюі, ошақты көлеңкелер жоқ. ЛОР дәрігердің кеңесі: ІІ-ІІІ дәрежелі аденоидтар.

  1. Негізгі симптомдарды бөліңіз, оның диагноздық алгоритмін жүргізіңіз. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты диагнозын болжаңыз. 3 жасындағы тұншығу ұстамасы неге 4 сағаттан соң басылатынын болжаңыз. Бронх өткізгіштігінің патогенезі?

  2. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын шешіңіз.

  3. Ұстама аралық кезеңде жүргізілетін диагноздық сынамаларға тоқтаңыз. Баланың дамуына қажетті спорт түрін ұсыныңыз.

N6. Жауаптары:

1. Негізгі симптомдары ұстамалы жөтел, ысқырықты сырылдар, ентігу мен тұншығу ұстамалары, аллергиялық симптомдар – бронх өткізгіштігінің бұзылысы; аллергиялық синдромдарды негіздетеді. Болжам диагнозы:

Негізгі ауруы: Бронхтық астма атопиялық, ішінара бақыланатын ағымды.

Фон: Поливалентті аллергия. Нейродермит.

Тұншығу ұстамасының 4 сағаттан соң басылуы, ингаляцияның дұрыс жасалмауынан болған болуы мүмкін. Бронх өткізгіштігі бұзылуы – ісіну мен дискринияға байланысты.

2. Стационарлық ем көрсетілген: жүйелі гкс, ипратропиум бромиді, ингаляция әр 4-6 сағатта, натрий кромогликаты; о2-ауалық қоспаны 2-3л/сағ., маска арқылы немесе мұрын катетері арқылы.

3. Пикфлоуметрия көмегімен тшшж қадағалатып (монитор) үйрету; бета-стимуляторлар; қабынуға қарсы ем; игкс, астма-мектебіне қатыстыру; едш (лфк); физиоем; шынықтыру; жүзуге қатысу. Клиникалық жағдай n7

Емханада дәрігер кезегіндегі (анықтама алуға келген) 4 жасар қыз балада құрғақ тағам жеп отырғанда (“кириешки” және майда кәмпиттер) кенет құрғақ, алқымнан алған жөтел мен ентігу дамыды. Анамнезінен: балада ешқандай бронх-өкпелік аурулар болмаған. Дәрігер бөлмесінен шығып қарағанда: баланың санасы анық, орын таппай мазалануда, тынысын ішке алу өте қиындаған. Өкпе үстінде перкуссияда анық дыбыс, тынысы беткей, екі жағында естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСС 100 мин. АҚ 95/55 мм сын. бағ. Қысымын өлшеп бола бергенде жағдайы күрт ауырлады, тыныс алуы үзілмелі, құрысулы бола бастады, цианоз тез дамыды. Ауыз қуысында бөгде дене көрінбеді.

  1. Жетекші симптомды бөліңіз. Шұғыл көмек көрсетіңіз, дұрыс тактиканы таңдаңыз. Тасымалдау тактикасын анықтаңыз.

  2. Өмірге төнген қауіптер мен асқынуларды айтыңыз.

  3. Крикотиреоидты байламның орналасуын қайталап, нақтаңыз.

  4. Крикотиреоидотомияның көрсетпелері. Ненің негізінде толық асфиксияға ұшыраған науқастарға шұғыл эндотрахеалық интубация мен трахеостомия арасында таңдау жасайсыз?

  5. Осы жағдайдағы тыныстың жедел шамасыздығының түрі? Осы жастағылардың эндотрахеалық түтігінің болжам диаметрі?

N7. Жауаптары:

1. Негізгі симптомдары жөтел мен ентігу, асфиксия. Шұғыл көмек: ауыз қуысын қарау, ЛОР дәрігер болса тікелей ларингоскопия жасау; бөтен денені арнайы тәсілдермен механикалық қағып шығару: а) Геймлих тәсілі, пациентіміз 4 жаста болғандықтан 1 жастан асқандарға арналған тәсілді қолданамыз – қыз баланы тіземізге жүзін алдына қаратып отырғызамыз; сол қолымызды жұдырыққа түйіп, бас бармақ жағымен кіндік пен қабырға доғаларының орта аралыңына қоямыз да оның үстіне оң қолымызды орналастырамыз; диафрагма бағытына қарай 450 бағытпен 5-8 рет соққы береміз. Ауыз қуысын қайта қараймыз, бөтен дене шықпаса трахеостомия немесе интубация шараларын шешу үшін ЛОР бөлімшесі бар ауруханаға тасымалдаймыз. Тасымалдауда пациент тек отырған күйде болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]