- •Практикалық бөлімі Ықтималдықтар теориясына есептер шығару
- •Кездейсоқ оқиғалар
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •2 Ықтималдақтарды қосу және көбейту теоремалары Мысал 1
- •36 Картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •3 Толық ықтималдықтың формуласы Бейес формуласы
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •4 Тәжірибені қайталау тәуелсіз сынақтар тізбегі
- •Cтуденттерге өзіндік есептер
- •Енді үлестірім кестесін жазалық
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •Үзіліссіз (үздіксіз) кездейсоқ шамалар
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •Шешуі: Дифференциялдық функцияның төртінші қасиеті бойынша
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •Студенттерге өзіндік есептер
- •Есептер
- •Есептер
- •Есептер
- •Есептер
- •Есептер
- •Математикалық статистика элементтері Негізгі ұғымдар таңдамалық тәсіл
- •Есептер
- •Интервалдық бағалар
- •Есептер
- •Статистикалық болжамдарды тексеру негізгі ұғымдар. Болжамды тексерудің жалпы схемасы
- •Пирсонның келісімдік хи-квадрат критерийі
- •Қалыпты үлестірілген бас жинақтың бас дисперсияларын салыстыру
- •Таңдамалық орташаны бас орташаның гипотетикалық (алдын-ала ұйғарылған) мӘнімен салыстыру
- •Есептер
- •6. Қалыпты үлестірілген х,у бас жинақтарынан кездейсоқ теріліп алынған, көлемдері таңдамалары үшін
- •Дисперсиялық талдау элементтері
- •Бір факторлы дисперсиялық талдау
- •Есептер
- •Сурет-а Сурет-в
- •Кесте 3
- •Корреляциялық жӘне регрессиялық талдау элементтері негізгі ұғымдар
- •Сызықтық регрессия теңдеулері
- •Кесте 7.1
- •Корреляциялық талдаудың негізгі қағидалары. Байланыс параметрлерінің маңыздылығын тексеру, интервалдық бағалаулар
- •Корреляция коэффициентінің маңыздылығын тексеру
- •Сызықты регрессиялық талдау
- •Регрессия теңдеуінің маңыздылығын тексеру
- •Есептер
- •Стьюдент үлестірімнің сын нүктелері
- •Маңыздылық деңгейі (бір жақты сын облысы)
- •Үзіліссіз кездейсоқ шамалар
- •Кездейсоқ шамалар системалары
- •Кездейсок шамалар функциясы
- •Үлкен сандар заңы
- •Қажетті терминдердің қысқаша орысша-қазақша сөздігі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Автор туралы
- •Автордан
- •Тәжiрибе мүмкін болатын нәтижелерінен тұратын жиынды
- •2 Ықтималдықтарды қосу теоремасы
- •Анықтама. Немесе ,т.С.С. Немесе оқиғаларының паида болуы ақиқат оқиға болса онда , оқиғалары толық топ құрады деп атайды, яғни.
- •4 Толық ықтималдық формуласы
- •5 Байес формуласы
- •Байес Томас (1702-1761)- ағылшын математигі, Лондондағы король ұйымының мүшесі.
- •6 Тәжірибені қайталау. Бернулли формуласы
- •7 Ең ықтимал сан және ең үлкен ықтиалдық
- •9 Муавр-Лапластың интегралдық теоремасы
- •10 Комбинаторика
- •11 Паскаль үшбұрышы
- •12 Кездейсоқ шамалар және олардың сипаттамалары
- •13 Дискретті кездейсоқ шамалардың математиқалық үміті және оның қасиеттері
- •14 Дискретті кездейсок шамалардың дисперсиясы және оның касиеттері
- •А.А.Марков теоремасы Егер х1,х2,…хn кездейсоқ өзара тәуелді шамалар берілсе және
- •15 Квадраттық ауытқу
- •16 Теориялық моменттер
- •17 Үлестірім фукциясы
- •18 Үлестірім тығыздығ
- •19 Бірқалыпты үлестірім заңы
- •20 Көрсеткіштік үлестірім заңы
- •22 Гаусс үлестірім заңымен анықталған кездейсоқ шаманың берілген интервал мәндерін қабылдау ықтималдығы
- •Бұл мысалдағы эмперикалық функцияның графигі 1-суретте көрсетілген.
- •3.Статистикалық ортаның орнықтылығы
- •4.Интервалдық бағалау
- •5.Қалыпты заңмен үлестірілген кездейсоқ шаманың параметрлері үшін сенімділік интервалын дәл табу әдісі. Стьюдент үлестірімі.
- •6.Корреляциялық тәуелдік
- •7.Сызықтық корреляция регрессия түзулерінің теңдеуі
- •9.Корреляция коэффициенті
- •10.Қисық сызықты корреляция
10.Қисық сызықты корреляция
Тәжірибенің
нәтижесінде алынған нүктелер
белгілі
бір y=f(x) қисығының маңайында орналассын.
Бұл аналитикалық функциясымен берілген
Х пен Y-тің тәуелдігі
-дің
барлық нүктелерінде бірдей бола бермейді,
немесе бірнеше нүктелер үшін
айырымы
нөлден өзгеше болады. Яғни тәжірибеде
yi
мәні мен аналитикалық f(xi)-дің
айырымы нөлге тең болмайды. Бұл жағдайда
y=f(x) қисығының параметрлерінің Δi
айрымдардың квадраттарының қосындысы
ең кіші болатындай етіп таңдап алу
керек, яғни
өрнегін минимумға айналдыру керек. Мұндай минимум табылады себебі /1/ өрнек бойынша y=f(x) тәуелділігіне сызықтық түрденетін параметрлер екінші дәрежелі және де /1/ өрнек теріс мәндер қабылдамайды. Осы әдіспен табылған параметрлердің мәндері ең кіші квадраттар әдісі арқылы анықталған деп атайды.
Тәжірибеден алынған нүктелер бойынша y=ax2+bc+c квадрат үш мүшеліндегі a, b және с параметрлерінің мәндері ең кіші квадраттар әдісі арқылы қалай табылғандығын көрсетейік.
/I/
теңдік бойынша
Бұл функцияның a,b және с параметрлері бойынша дербес туындыларын тауып нөлге теңестірсек келесі системаны аламыз:
Бұдан аздап түрлендірулер жүргізгеннен кейін параметрлері табу үшін мынадай үш белгісізді үш сызықтық тендеулер системасын аламыз:
Енді гиперболалық түрдегі корреляциялық байланысты қарастырайық.
түріндегі байланыстың a және b параметрлерін
көрсетілген ең кіші квадраттар әдісімен
анықтайық.
/1/ формулаға сәйкес
Бұл функцияның a және b параметрлері бойынша дербес туындыларын тауып нөлге теңестірсек келесі системаны аламыз
y=a*bx түріндегі көрсеткіштік функцияның a және b параметрлерінің ең кіші квадраттар әдісімен анықтау үшін бұл тендіқтің екі жағын логарифмдейік
lgy=lga+xlgb /5/
/2/ -өрнекке сәйкес
функциясынан lga және lgb параметрлері арқылы дербес туындыларын алып нөлге теңестірсек
Бұл өрнекті түрлендірсек lga мен lgb-ның мәндері үшін келесі теңдеулер жүйесін аламыз:
/6/ Жүйенің шешімін, яғни a және b параметрлерінің мәндерін тауып көрсеткіштік y=abx функциясын анықтаймыз.
Ықтималдықтар теориясынан қысқаша мағлұмат
Ықтималдықтар теориясы пайда болғанға дейінгі кезеңнің бастамалары ежелгі ғасырларға кетеді. Бұл ұзақ дәуірде, кейін келе ықтималдықтар теориясына жатқызылатын, өте қарапайым есептер қарастырылып шығарылады, бірақ та ол үшін арнайы әдістер табылмады. Ал есептердің өздері де қызба-құмар деп аталатын ойындардың (мысалы , қарта , сүйек және теңге лақтыру, тағы басқа ойындардың) төңірегінде ғана болды. Бұл кезең Д.Кардано (1501-1576), Н. Тарталья (1499-1557) және басқалардың жұмыстарымен аяқталды деп есептеліп жүр. Олардың шығарған есептерінде сол кездегі жаңа ұғым – шанс (француз сөзінен алынған) қатынасын енгізуге талпынған, мұның өзі де там – тұм кездесіп отырған (Майстров Л.Е. «Развитие понятие вероятностей». М., Наука, 1980).
Философия ғылымының даму тарихында кездейсоқтық, қажеттілік және мүмкінділік әрқашан да негізгі мәселелердің қатарында болды. Мұндай проблемаларды қарастыру ықтималдық ұғымының қалыптасуына да ықпалын тигізді. Ерте заманның өзінде-ақ статистикалық материалдарды жинап, оған түрлі талдау жүргізген. Міне, солар ғылымда жаңа ұғымдар, оның ішінде ықтималдық ұғымының шығуына әсер еткен. Алайда, ерте замандағы ғылым ықтималдық ұғымын бөліп ала алмаған (Карпенко Б.И. «Развитие идей и категорий математической статистики». М., Наука, 1979).
Ықтималдықтар теориясының шығуы ХVII ғасырдың ортасындағы Б.Паскальдің (1623-1662), П.Ферманың (1601-1665) және Х.Гюйгенстің (1629-1695) еңбектерімен байланыстырылады. Ықтималдықтар теориясының идеялары қауыпсыздандыру, демография және бақылау қателерін бағалау талаптарын шешуге арналған есептерге қолданылады.
Я.Бернуллидің (1654-1705) жүргізген зерттеулері ықтималдықтар теориясының дамуындағы белді кезең болды. Ол өзінің еңбектерінде шектік теоремалар қатарына жататын алғашқы үлкен сандар заңын дәлелдеді. Осы дәуірде келелі жұмыстардың пайда болғанын айта кету керек: Муавр (1667-1754) кездейсоқ құбылыстарды қарастырғанда жиі кездесетін қалыпты заңдардың қарапайым түрлерін ашты; Лаплас (1749-1827) ықтималдықтар теориясын бір жүйеге келтіріп баяндады, ықтималдықтың қазіргі кезде классикалық деп аталатын анықтамасын берді, шектік теоремаларды әрі қарай кеңейтті; Гаусс (1777-1855) қалыпты заңның негіздемесін жасады, «ең кіші квадраттар әдісін» экспериментальдық берілгендерді өңдеуге қолданды; Пуассон (1781-1840) үлкен сандар заңдарын зерттей отырып, кездейсоқ шамалар бағынатын үлестірімнің жеке бір түрін атау теориясына қолданды; т.б.
Ықтималдықтар теориясы дамып жетілуіне Петербургтың математикалық мектебі зор роль атқарды. Дүние жүзілік математика ғылымының дамуына әсерлі ықпалын тигізген бұл мектептен көптеген атақты оқымыстылар шықты. В.Я.Буняковский (1804-1889) орыс тілінде алғашқы оқулық жазды, ал оның шәкірті, орыстың ұлы ғалымы П.Л.Чебышев (1821-1894) ықтималдықтар теориясына жаңа бағыт берді, оның зерттеу арнасын кеңейтті, жаңадан соны әдістер тапты.
П.Л.Чебышевтың оқушылары - А.А.Марков (1856-1922) бір-біріне тәуелді кездейсоқ шамаларды да қарастырды, сөйтіп, ықтималдық идеяларының басқа да ғылым салаларына қолданылу мүмкіндігін кеңейтті; А.М.Ляпунов (1857-1918) әдейі характеристикалық функция әдісін тауып, орталық шектік теореманы өте жалпы шарттар орындалғанда дәлелдеп шықты, бұлардың бәрі осы кезге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ.
Қазақстанда ықтималдықтар теориясы бойынша ғылыми-педагог мамандар даярлау ісіне Қазақ және Өзбек республикалық академиктері О.А.Жәутіков және С.Х.Сираждинов тікелей араласты. 50-ші жылдарда математикалық статистикадан Қ.Б.Бектаевтің, марковтық тізбектерге қатысты Б.С.Жаңбырбаевтің ғылыми мақалалары жарық көре бастады.
Шет елдердің математиктері Н.Винер, В.Феллер, Д.Дуб, Р.Фишер, Д.Нейман және Г.Крамер ықтималдықтар теориясының дамуына әжептәуір үлес қосты.
Өлшем теориясы мен нақты айнымалылар функцияларының теориясы негізінде құрылған ықтималдықтар теориясының жалпы аксиоматикасын академик Андрей Николаевич Колмогоров (1903 жылы туған) 1929 жылы жасап, өзінің атақты «Основные понятия теорий вероятностей» (1933 ж.) монографиясында жариялады, сөйтіп, бұл теорияның түбірімен өзгеруіне жол ашылды, оның жаңа тарауларының пайда болуына орнықты логикалық фундамент қаланды. Кездейсоқ процестердің теориясы табиғат құбылыстарын, экономикалық және техникалық процестерін зерттеуге кеңінен қолданылуға мүмкіндік алды. Міне, сондықтанда да, ықтималдық теориясындағы классикалық есептердің бәрі қайтадан жаңартылды, соны түсініктемелер қабылдады.
Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі ғылымның интеграция және дифференциация құбылыстары ықтималдықтар теориясына да әсерін тигізді. Информация теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы, ойындар теориясы және беріктілік теориясы сияқты ғылым салаларының бөлініп шығуына, олардың дамуына әсерін тигізген ықтималдықтар теориясы мен оның бір тарауы математикалық статистика.
Жиіліктің мәнінің тұрақтылығын
тәжірибе арқылы зерттеушілер көп
болған. Оны теңге лақтыру арқылы
жүргізілген сынақтан жақсы көруге
болады. ХVIII ғасырдан бергі осындай
сынақтардың нәтижесін кестемен
келтірелік. Мұндағы n тәжірибе саны,
ал
- теңгенің елтаңба жағының көріну
жиілігі:
n m/n
Бюффон 4040 0,507
Де Морган 4092 0,5005
Джевонс 20480 0,5068
Романовский 80640 0,4923
Пирсон К. 24000 0,5005
Феллер 10000 0,4979
Хамитов.М. 5000 0,509
Ескерту: Тәжірибе жасау үшін кәдімгі елу теңгелік ақшаны (күміс) оң қолына алып бас бармақтың үстіне қойда шертіп жіберде, елтаңба ма әлде сан жағы ма есептей бер. Мен бес мың рет лақтырғанда 2545 рет елтаңба жағы түсті. Қызық қой!
