- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
№ 6 Емтихан билеті
Бухгалтерлік есептегі этика
Бухгалтерлердің мамандық мінез-құлқының этикасы жұмыс этикасына тең, бұлар серіктерінің, мінез-құлықтарының ережелері мен нормаларына негізделеді, соңында қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызады. Бұл ережелер мен нормалардың маңыздылығы – өзара сенімділікті бекіту, серіктерін бағыттан адастырмау, өзінің ойы мен қызметі туралы серіктерін әрқашан хабардар етіп отыру.
Бухгалтер мамандығының қабылданған жалпы ережелері аясында келесілер сипатталады:
- оқу және білім нәтижесінде қабылданған, анықталған нақты маманданған әдеттердің болуы;
- жалпы қоғамға деген қатынасты клиентке де қолдануды міндет ретінде қабылдау;
- клиент қызметіне объективті қатынаста болу;
- жұмысты орындау және жүргізу стандарттарының ең жоғарғы талаптарына сай персоналдық қызмет көрсету.
Бухгалтер мамандығының негізгі айрықша ерекшелігі қоғамның, сәйкесінше, ажырамас түрде басшы мен әріптестері алдында өзінің жауапкершілігін сезіну. Осыдан, бухгалтерлік мамандықтың негізгі міндеті – ақпартты қолданушылардың талаптарын барынша қанағаттандыру үшін жоғары мамандандытүрде жұмыс жасау.
Этикалық жағынан Кодекстің мамандық білімі мен жарнамаға арналған жері маңызды болып табылады. Мұнда бухгалтердің өз-өзіне жарнама жасамауы керектігі айтылады, бірақ барлық жұмысты шеберлікпен және жоғары сапамен орындауы тиіс. Дегенмен, соңғы жылдары бухгалтер мамандығына жарнама жасауға шек қою алынып тасталынды. Сондықтан да, қоғамның өзгеруімен бухгалтерлердің де этикалық кодексі өзгертіліп, дамып отырады.
Этикалық нормаларды бұзуға байланысты институс кеңесі бухгалтердің мүшелігін уақытша тоқтату, шектеу немесе қайта қарау сынды басқа да шаралар қолдануы мүмкін.
Этика кодексінің халықаралық талаптары ұлттық этикалық нұсқауларға үлгі болады.
Мамандық жайындағы мәлімет екі фазаға бөлінуі мүмкін:
- жалпы білімді білдіретін мамандықтан хабардар болу, мұның ізінше арнайы білім болуы керек; сәйкесінше, мамандыққа байланысты мәселелерді қарап, дайындау, сонымен қатар белгіленген жұмыс тәжірибесінің уақыты;
- мамандықтан хабардар болуға ықпал ету – бухгалтер мамандығын дамыту қажеттілігін әрқашан түсініп, ескеруді және өз білімін толықтыруды талап етеді, мұның ішіне, ұлттық және халықаралық стандарттарды, нормативтерді, пән мамандығына байланысты есеп, аудит бойынша ереже, нұсқауларды оқу кіреді.
Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі
1220 - «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары» бас шоты мына бөлімше шоттарынан тұрады:
1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары».
Жалпылама аталмыш шоттарда барлық еншілес және тәуелді сериктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 – «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан республикасы Президенттінің Жарлығына сәйкес өзгерістер және толықтыруларда «шаруашылық серіктестіктері» - дегеніміз, өзінің қызметінің негізінде пайда табу мақсатында жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан республикасындағы шаруашылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін (1.2 пункт 1-бап).
Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз – басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына қатысуымен немесе келісім-шартақа сәйкес осындай серіктестікпен қабылданатын шешімдерді анықтай алатын мүмкіндігі бар болатын серіктістік өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және өзінің жарғылық қорлары болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қарж-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздері жүргізіп, есеп регистрлерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
1232 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары» шотын сипаттай келе, ХБЕС № 15 «Бірлескен қызмет бойынша қаржылық есеп беруде үлестік қатысудың көрсетілуі» стандартына «Бірлесіп-бақыланатын заңды түлға» сөзіне түсініктеме берілген. Айтылып өткендей «бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есептемесінде және біріктірілген (консолидациялық)қаржылық есептемесінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол пропорционалды біріктіру үшін есеп беретін форматтардың біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Біріктірілген есептеме жайлы айта отырып, № 13 Бухгалтерлік есеп стандартында «Біріктірілген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердегі инвестициялардың есебіне» сәйкес оны құрудың әдістері ұсынылған. Біріктірілген есептеме құрамына кіретін негізгі серіктестікпен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептемесі әдетте жалпыға бір есеп саясатын қолдану арқылы дайындалады. Егер топ мүшесі біріктірілген қаржылық есептемеде қыбылданған есеп саясатынан бөлек (басқа) есеп саясатын қолданатын болса,онда біріктіру (консолидациялау) барысында оның қаржылық есептемесіне сәйкес өзгертулер енгізіледі. Мүлік серіктістіктің активі болып, ал барлық қатысушылар иемденушілер болып қалады
3. ҚР-нда аудиторлық қызметті жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі
Нормативтік-кұқықтық реттеу дегеніміз - бүл аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік кұжаттарда, ере-желерде (ішкі тэртіп, міндетгерді бөлу жөне т.б.) карастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу /12, 203-6/. 250 "Каржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде зандар мен нормативтік актілерді карастыру" деп. аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға жэне нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмэнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал етуі субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рүқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады" /13/. Демек, кэсіпорын қызметінің за ңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның каржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бүл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден эдейі бас тарту, жалған қүжаттарды салып қою, сөз байла-сулардың салдарынан елеулі бүрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
"Аудиторлық қызмет туралы" заң Қазақстан Республикасында ауди-торлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, занды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады (тіркемені қараңыз).
1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).
2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).
3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және ауди-торлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).
4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).
5тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кұқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).
6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және, жауапкершіліктері (21-25 баптар).
Казақстан Республикасының "Казақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" 31 қыркүйек 1995 ж. №244, "Сақтандыру қызметі туралы"-18 желтоқсан 2000 ж., №126-11, "Инвестициялық қорлар туралы" 7 шілде 2004 ж., №576-2, "Табиғи монополиялар туралы"-9 шілде 1998 ж., №272-1, "Акционерлік қоғам туралы" 13 мамыр 2003 ж. №415-2,,
"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заң-дарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған.
Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің /14/, "Аудиторлық Қызмет туралы" заңның, "Лицензиялау туралы" заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық, ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады: Аудиторлардың жауапкершілігі, Азаматтық-құқықтық, Әкімшілік, Қылмыстық.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен) аудиторлық қызметгі лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы каулымен лицензия беру тәртібі мен шартгары, сондай-ақ аудиторлық қызметгі лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді /18/.
Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңының 3-тармағының 9-бабында атгестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған,' сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақгалған тұлғалар жіберілетіңдігі айтылған.
7 емтихан билеті
1. Бухгалтерлік есептің негізін құраушы қағидалар: есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы
Бухгалтерлік есептің келесі негізгі қағидалары бар:
есептеу қағидасы. Бұл қағида бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер , орныдалған жұмыстар үшін алынған табыстар немесе қойылған талапты айтады. Қойылған талап дегеніміз ақша қаражаты алынуға тиісті берілген шот;
дербестік принцип. Меншік иелігіне қарамастан әрбір немесе кез-келген ұйым бухгалтерлік есеп шоттарын қолданып, есепті жүргізуге міндетті;
үздіксіз іс-әрекет қағидасы. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада жойылмай белгісіз уақытқа дейін іс-әрекетін жалғастыра бермек;
2. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштарды
Дебиторлық қарыздардың ең басты қолданатын баптарының бiрi «Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу» табылады.
1210 "Алынуға тиiстi қарыздар" шотында жөнелтiлген өнiм (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады.
Алынуға тиiстi дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзiмдегi) дебиторлық қарыздар, яғни бiр есептiк кезеңнiң iшiндегi болып және ұзақ мерзiмдегi дебиторлық қарыздар, яғни бiрнеше есептiк кезендi қамтитын болып екiге бөлiнедi.
Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлiк есепте келесi жазулар жазылады:
Сатылған (жөнелтiлген) өнiмнiң, тауарлардың, iстелiнген жұмыстардың және көрсетiлген қызметгердiң нақты өзiндiк құнына сәйкес мына төмендегiдей шотгардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылған дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызметгердiң) өзiндiк құны" шоттары дебеттелi де, 8010 "Негiзгi өндiрiс", 8020 "Қосалқы өндiрiс" және басқа шоттары кредиттеледi.
Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтердi, негiзгi құралдарды саткан кезде тиесiлi шығыстар шотгары дебеттелiп, актив шотгары кредитгеледi (2411-2415, 2730,).
Сатылған (жөнелтiлген) өнiмнiң, тауардың, атқарылған жүмыстың, көрсетiлген қызметтердiң сату қүнына 1210-шоты дебеттеледi де, 6010 "Сатылған дайын өнiмнен (жүмыстардан, қызметтерден) түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледi.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негiзгi құралды (6210 шоттың кредитi), материалдық емес активтердi (6211 шотгың кредитi), бағалы қағаздары (6213 шотгың кредитi) сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бiрге қосымша құн салығына (ҚҚС) 1210 шоты дебеттелiп, 3130 шоты кредиттеледi.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушiлерге төлеу үшiн берiлген есеп айырысу-төлем қүжаттарын төлегенiне 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1010 "Кассадағы нақты ақша" шоттары дебетiтеледi де, 1210 "Алынуға тиiстi қарыздар" шоты кредиттеледi.
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер шартқа сәйкес жабдықтаушыға аванс төлесе (1010, 1040-шотгардың дебетi, 3511 "Тауарлы-материалдық запастары мен жабдыктау үшiн алынған аванстар" немесе 3512 "Жұмыстарды орындау және кызмет көрсету үшiн алынған аванстар" шоттардың кредитi), онда сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер төлеген аванс сомасын шегерiп барып төлем жасайды.
Жабдыктаушы кәсiпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады да, ол: 3511 және 3512 шоттарының дебетi және 1210-шотының кредитi бойынша көрiнiс табады.
Егер де алынуы тиiс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен көрсетiлсе, онда олардың есептiк кезеңнiң соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетiнде және 6250 кредитiнде көрсетiледi, ал терiс айырмасы 7430 дебетiнде және 1210 шоттың кредитiнде көрiнiс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетiн табысты салыстырғанның нәтижесiнде ғана танылады, бiрақ табыстан баға бойынша да, сату бойыншада берiлген жеңiлдiктермен (скидка) қоса, сатудан қайтарылган тауарлардың қүны шегерiледi.
Баға мен сатудан берiлген жеңiлдiктер 6032 "Сатудан жасалган жеңiлдiктер", 6033 "Бағадан жасалган жеңiлдiктер" деген шоттары дебеттелiп, 1210 шоты кредиттеледi, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебетгелiп, 1210 шоты кредитгеледi. Осыған сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС –да түзетiлiп жазылады.
Шаруашылық субъектісіне басқадай опреациялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептелінеді:
1420 – «Қосымша құн салығы»;
1270 - «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар»;
1250 – «Еңбеккерлердің қысқа мерзімді берешек қарыздары»;
1280 – «Қысқа мерзімді басқалай берешектер қарызы».
Бұл шоттарда 1210 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді берешек қарыздары» бөлімшесінің шоттарында есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалаған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептелінеді.
1420 - «Қосымша құн салығы» шоты субъектінің сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтер қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай ол тауардың құнына қосылып, оның бағасын көтереді. Сондықтан бұл салықты сатып алушылар төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке түлғалардан түспейді, осы тауарлар сатушылардан түседі. Неғурлым баға жоғары болса, соғурлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстармен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашалық ретінде анықталады.
- Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына 1420 -шот дебеттелініп, 3310, 3390 және тағы да басқа тиісті шоттар кредиттелінеді.
1270 - «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар» - шотында субъектінің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз (процент) түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвенстициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты 1270 «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады.
- Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген займдар бойынша пайыздар (проценттер) есептегенде 1270 -шот дебеттелініп, 6110-шот кредиттелінеді.
- есептелген пайыздар (проценттер) бойынша борыштардың жабылуына: 1070, 1050, 1040 және 1010 -шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1270 -шот кредиттелінеді.
- 1250 – «Еңбеккерлердің қысқа мерзімді берешек қарыздары», 1280 «Қысқа мерзімді басқалай берешектер қарызы» шотында жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға қарызға қызметтегі іс-сапарлары және басқадай шығындары үшін берілген сомаларп, сонымен қатар жұмысшалар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталынатын сомалар есептелінеді.
3. ҚР-нда аудиторлық қызметті жүргізуді анықтайтын құқықтар мен нормативтерге шолу
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады. Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 “Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: “Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады”. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
