Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 32 Емтихан билеті

1. Дебиторлық борыштың есебі

Дебиторлық қарыз болып жеке тұлғалардың, ұйымдардың және басқада дебиторлардың кәсiпорын алдындағы ақшалай нысанындағы мiндеттемелерi табылады. Дебиторлық қарыздар әртүрлi операцияларды жүзеге асыру кезiнде, соның iшiнде жие өнiмдi, тауарларды және қызметтердi өткiзу кезiнде пайда болады.

Дебиторлық қарыздар алынуға тиiстi шоттардың өтелу немесе қарыздардың өтелу мерзiмiне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзiмдi және ағымдағы болып жiктеледi. Дебиторлық қарыздар шот-фактура құжатымен расталады.

Негiзiнен дебиторлық қарыздар кәсiпорынның негiзгi қызмет нәтижесiнде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша сатып алушылардың мiнедеттемелер және басқада қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық қарыздар соммасы болып жiктеледi.

Өнiмдердi, тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) өткiзу кезiнде анықталған шоттар және алынған вексельдер тауарлы мiндеттемелер деп аталады.

Кәсiпорынның дебиторлық қарыздары қатарына алынуға тиiстi проценттер бойынша төлемдер персоналдарға және еншiлес компанияларына берiлген ссудалар жатқызылады.

Егерде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша ақша қаражаттары толық түрде өтелмесе, сатып алушылар бойынша талаптардiң қалған бөлiгi өтемсiз болып табылады. Мұндай жағдай кәспорындардың қызмет бабында жие кездеседi.

2. Баланста көрсетілетін ақпарат

Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

Құру уақыты бойынша;Құрудың қайнар көздері бойынша;Ақпараттар көлеміне байланысты;Қызметінің сипатына байланысты;Меншік нысандары бойынша;Бейнелену көлемі бойынша;Тазарту тәсілдері бойынша.

1.Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін: а) кіріспе; б) ағымдағы; в) таратылу; г) бөлу; д) қосылу.

2.Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; б) кітаптық; в) бас.

3.Баланстар ақпараттар келеміне байланысты былай бөлінеді: а) біртекті; б) жинақ.

4.Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

5.Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік, жергілікті басқару (муниципалдық), кооперативтік, ұжымдық, жеке, аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.

6. Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді: а) дербес; б) жеке.

7.Тазарту тәсілі бойынша баланстар баланс-брутто және баланс-нетто болып келеді.

Бухгалтерлік баланс, ақпараттардың қайнар көзі бола отырып, ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге құрылған шаруашылық құралдарының құрамы мен орналастырылуы және олардың құрылу көздері бойынша экономикалық топтастыру және жалпылама қорыту тәсілі.

Баланс өзінің құрылуы бойынша актив пен пассивтен тұратын екі жақты кесте болып табылады.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының заттық құрамы, орналастырылуы мен пайдаланылуы көрсетілетін сол жағы баланс активі деп аталады.

Баланстың оң жағы пассив деп аталады және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне салынған қаражаттың шамасын, оның шаруашылық құралдарын құруға қатысу нысанын көрсетеді.

Шаруашылық құралдарының құрамы және орналастырылуы (баланс активі) бойынша жалпы сомасы олардың құрылу көздерінің (баланс пассиві) жалпы сомасына тең болады. Баланс активі мен пассиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстың валютасы деп атайды. Мұндай баланстың теңдігін төмендегідей көрсетуге болады:

Активтер=Қаржылық міндеттемелер+Меншікті капитал

Бухгалтерлік баланс екі бөлікке бөлінеді: актив және пассив.

Баланстағы әрбір айқындама баланс бабы деп аталады. Баланстың екі түрлі жағы - актив пен пассив болғандықтан, баланс баптары активтік немесе пассивтік болуы мүмкін. Баланс активінің әрбір бабы шаруашылық құралдарының экономикалық біртекті түрлері, ал пассив баптары - шаруашылық құралдарының құрылу көздерінің экономикалық біртекті түрлері. Баланстағы барлық баптар топтарға, ал топтар өз кезегінде бөлімдерге біріктіріледі.

Баланс баптарының топтар мен бөлімдерге біріктірілуі олардың экономикалық мазмұнынан туындайды. Бухгалтерлік баланстарға шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерін көрсететін баптардан басқа осы шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің бағалау құнын реттейтін баптар да кіреді. Оларды реттеуші баптар деп атайды. Олар баланста тұратын баланс баптарының санын кеңейтеді және ақпараттардың көлемін арттырады.

Бухгалтерлік баланс 5 бөлімнен тұрады.

Баланс активі мынадай бөлімдерден тұрады:

1 бөлім "Қысқа мерзімді активтер"

2 бөлім "Ұзақ мерзімді активтер"

Баланс пассиві мынадай бөлімдерден тұрады:

3 бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

4 бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

5 бөлім. Меншікті капитал

3. Бақылау ортасын бағалау. Бақылау тәсілдері (БТ) және олардың көп түрлілігі

Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

- Заң талаптарының орындалуы;

- Мүлікті ысыраптан қорғау;

- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кэсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықгы жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін' енгізу...

Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

- Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесін қам-тамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;

- Олар қаржылық есеп берудің бүрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?

Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесідей компоненттерден түрады:

- экономикалық субъектіні баскару стилі;

- экономикалық субъекгінің ұйымдық кұрылымы; ,

— қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;

— кадрлық саясат.

Бақылау күралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау күралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:

мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес' шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;

— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, кұжаттарды. кітапша ету, сақтау және архивке қою; сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану; шаруашылық субъектілері активтеріне рүқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;

— субъектінің каржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау. Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен зандылығын қамтамасыз ету және бүл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өңдеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дүрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.

Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіңдегі аудитор мақсаты оған" деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бүл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты — оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бүл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей,' аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. ¥сынылған үсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің қажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бүрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтимаддылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бүл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба. алмайтындығын хабарлауы керек.