Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды.

Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

Осн + По – Ио = Оск ,

Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары.

Құралдардың қалдығы туралы мәліметтер бухгалтерлік есепке алудың мәліметтерімен анықталады. Жалпы жағдайдағы кему мен көбеюдің жеке түрлері бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру мәліметтерін нақтылау қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда көрсетілген.

Көпшілігінде, капиталдың көбеюі (По көрсеткіші) заң орындарымен бекітілген жарияланған капиталдың, резервтік капиталдың есебінен және негізгі құралдарды, инвестицияларды және үлестірілмеген табысты (залалды) қайта бағалау есебінен пайда болады. Есеп беру жылындағы капиталдың шығындалуы (Ио көрсеткіші) сипаты кезінде төленбеген капитал есебінен болған төмендеуді және есеп беру кезеңіндегі залалдарды жеке-жеке қарастыру керек. Сонымен қатар, акция көлемінің төмендеуінен, акция номиналының азаюынан болған кемуді де жеке-жеке қарастыру керек.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.

Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебі, оның ұсынылуы және жіктелуі, осымен байланысты құжаттарға сілтеме белгілі бір негізгі мақсаттарға ие. Солардың аса маңыздылары:

  1. ұйымға салынған капиталдың негізгі қайнар көздері арасындағы айырмашылықтарды көрсету және жіктеу;

  2. толық немесе біртіндеп жою кезіндегі үлес құнына беретін әдістерді және акционерлер приоритеттеріне құқықты анықтау;

  3. қандай да бір себептермен капиталдың үлестірілуі кездесетін заңнамалық шектеулерді анықтау;

  4. есеп беру кезеңінің үлестірілмеген табысын үлестіру реті кездесетін қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, келісімдік (құрылтайшылардың келісімдері) шектеулерді анықтау;

  5. акционерлер құрамын қамти отырып, конвертирленетін құнды қағаздардың, акционерлік және басқа да келісімдердің шарты мен кепілдемесін ашу;

Есеп беруді құрудың кез-келген әдістемесі сату көрсеткіштерінің, қаржылық нәтижелердің және қорытынды бухгалтерлік баланстардың қосымша байланыстарынан тұрады.

3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері

Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

- Заң талаптарының орындалуы;

- Мүлікті ысыраптан қорғау;

- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кэсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықгы жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін' енгізу...

Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

- Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесін қам-тамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;

- Олар қаржылық есеп берудің бүрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?

Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесідей компоненттерден түрады:

- экономикалық субъектіні баскару стилі;

- экономикалық субъекгінің ұйымдық кұрылымы; ,

— қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;

— кадрлық саясат.

Бақылау күралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау күралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:

мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес' шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;

— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, кұжаттарды. кітапша ету, сақтау және архивке қою; сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану; шаруашылық субъектілері активтеріне рүқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;

— субъектінің каржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау. Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен зандылығын қамтамасыз ету және бүл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өңдеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дүрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.

Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіңдегі аудитор мақсаты оған" деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бүл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты — оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бүл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей,' аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. ¥сынылған үсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің қажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бүрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтимаддылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бүл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба. алмайтындығын хабарлауы керек.