Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйым материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпоырндармен есеп айрысуының есебі 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айрысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олрадың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептеліген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоттың кредитінде тиісті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленеген сомалар жазылады. 3310 «Жабдықтаушы мен мредігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша 6-журнал ордерге жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олрадың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру

Аудиторлық тексерудің жоғары деңгейдегі тәуекелдікке ие болуына байланысты “Аудиторлық қызмет туралы” заңның 18-1 бабында (аудиторлық қызметті сақтандыру) аудитті өткізу кезінде зиян келтірудің салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша міндетті түрде сақтандыру келісім-шарттарының жасалынуы қарастырылған. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру ерекшеліктері сақтандыру объектісі, яғни–сақтандырылған аудитордың аудиторлық қызмет көрсету кезінде жіберген қателіктерінің немесе жаңсақтықтарының нәтижесінде клиентті зардап шектірген зиянның орнын толтыру бойынша заңмен белгіленген оның міндеттемелерімен байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

№ 21 Емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты

Бухгалтерлік шоттар - бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.

Шот - бұл сонымен қатар есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы. Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетуге болады, сол жағын "Дебет" (Дт), ал оң жағын "Кредит" (Кт) деп атайды.

Бухгалтерлік есепшоттарында қалдықтарды белгілеу үшін "Сальдо (қалдық)" (шот қалдығы) ұғымы қолданылады.

Барлық шоттардың құрылуы бірдей, бірақ шоттарда дебет пен кредиттің мағыналары мен жазбалардың мазмұны әр түрлі болып келеді.

Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Сөйтіп, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.

Активтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрамы, орналастырылуы және құралдардың пайдаланылуы көрсетілетін шоттар.Пассивтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрылу көздері мен қаражаттардың мақсатты бағытталуы көрсетілетін шоттар

Активтік шоттардың дебетінде қалдығы мен шаруашылық құралдарының көбеюі, ал кредитінде - есепке алынатын объектілердің азаюы көрсетіледі. Бухгалтерлік есепшоттарында жазылған әрекеттер сомасы айналым деп аталады Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы мынадай формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + Д. айн. -К. айн., активтік шоттағы қалдық тек қана дебеттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен объектілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі. Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы келесідей формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + К. айн. - Д. айн.,Пассивтік шоттардағы қалдық тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.