- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
Негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойында (бір жылдан артық) қызмет ететін материалдық активтер. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды ғылыми негіздеп жіктеудің маңызы зор. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:
- халық шаруашылығының салалары бойынша;
- арналған мақсатына қарай ;
- түрі бойынша ;
- кімге қарайтынына қарай;
- пайдалану сипатына қарай;
- салық салу мақсатына қарай.
Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар 19 топқа бөлінеді: өнеркөсіп, құрылыс, сауда, ауылшаруашылығы, көлік, орман шаруашылыры және т.б. Негізгі құралдарды салалық белгісі бойынша топтастыру, халық шаруашылырының салаларындағы негізгі құралдардың жайы жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар: өнеркәсіптік - өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді: ғимараттар; құрылыстар; өткізгіш жабдықтар; машиналар мен жабдықтар; көлік құралдары; аспаптар; өндірістік инвентарь және керек-жарақтар; шаруашылық инвентары; жұмыс малы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштары; библиотека қоры; жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар; басқа негізгі құралдар.
Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы (қордағы) болып бөлінеді.
Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар бірнеше топқа бөлінген, олар бойынша амортизациялық төлемдердің салықтық шекті нормалары (мөлшерлері) бекітілген:
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастырудың маңызды және міндетті шарты - бүкіл халық шаруашылығында қабылданған оларды бағалаудың бірыңғай принципі. Бұл олардың көлемін, құрылымын анықтауға, әртүрлі кәсіпорындар мен салалардың негізгі қорларын салыстыруға, оларды ұдайы өндіруді жоспарлауға және басқаларға мүмкіндік береді. Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрі қолданылады. Есептеу тәжірибесінде бастапқы, ағымдағы, баланстық, жою және өткізу құндары ажыратылады.
Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі. Түскен негізгі құралдарды комиссия қабылдап алады және негізгі құралдарды қабылдау өткізу (орын ауыстыру) Актысы жасалады (Ф.№ ОС-1). Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық нөмір берілуі керек. Ол нөмір негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.
Автокөлік құралдарынан басқа барлық негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару Актысымен (Ф. № ОС-3), ал автокөлік құралдары үшін (Ф. № ОС-4) хаттайды.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебінің негізгі регистрлері болып, негізгі құралдардың қозғалысын есептеудің инвентарлық карточкасы (Ф. № ОС-6) және негізгі құралдардың қозғалысын есептеу карточкасы табылады (Ф. № ОС-12). Инвентарлық карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі инвентарлық карточкалар тізбесінде, карточка нөмірі, объектінің инвентарлық нөмірі, аты көрсетіле отырып, тіркеледі. Инвентарлық объектілер саны көп емес кәсіпорындар негізгі құралдарды инвентарлық кітапта есепке алуына болады.
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкалары бір данада толтырылады және кәсіпорын бухгалтериясында сақталады. Негізгі құралдардың пайдаланудағы, орналасу орны бойынша инвентарлық тізімі (Ф.№ ОС-13), мүлік үшін жауап беретін жұмыскердің аты-жөні көрсетіліп, бөлмеде ілініп қояды. Негізгі құралдардың қозғалысының синтетикалық есебі шоттардың Үлгі жоспарының 2410 “Негізгі құралдар” шотында жүргізіледі.
Негізгі құралдар деп танылатын келіп түскен материалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2410 шотының дебеті бойынша және Негізгі құралдардың, 1030, 1040 шоттардың (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390 шоттардың (шоттарды акцептілеу кезінде) кредиті бойынша көсетілуі керек.
Құрылтайшылардан (меншік иесінен) жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2410 шотының дебеті және 5110 “Төленбеген капитал” шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен ақысыз-қайтарусыз алу кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 6230 ”Мемлекеттік субсидиядан табыс” шоты кердиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2410 шотының дебеті және 6220 “Ақысыз алынған активтерден табыстар” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады:
- жою;
- сату;
- айырбастау;
- ақысыз - қайтарусыз беру т.б.
Өткізу құны мен баланыстық құн, сонымен қатар өткізуге байланысты шығындар арасындағы айырма негізгі құралдарды өткізу немесе басқа да шығуынан табыс не зиян болып табылады.
Негізгі құралдардың шығуы кезінде олардың баланстық құны 2410 шотының кредитінен 7410 “Активтердің шығуы бойынша шығындар” шотының дебетіне есептен шығарылады. Негізгі құралдарды ақысыз-қайтарусыз беру нәтижесінде субъектіде зиянның пайда болуына әкеліп соғады.
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық тозуға ұшырайды. Олардың жеке бөлшектері (негізгі топтары, бөлшектері, конструктивтік бөлшектері) тұтас объектімен салыстырғанда едәуір қысқа мерзімде тозады. Негізгі құралдардың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін, оларды жұмыс жағдайында ұстау үшін және пайдалану процесі кезінде жоғалтқан табиғи және техникалық қасиеттерін қалпына келтіру үшін оларды жөндейді.
Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу күрделі және ағымдағы болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың жеке бөлшектерін қалпына келтіруді айтады. Олардың тұтас объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз болады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының қүрделі жөндеуі деп жүргізілуінің кезеңдік мерзімі бір жылдан асатын жөндеуді санайды. Бұл жөндеуде агрегат толық ажыратылады, барлық тозған бөлшектер және тетіктері ауыстырылады немесе қалпына келтіріледі, базалық және басқа бөлшектер мен тораптар жөнделіп жиналады және агрегат сынақтан өткізіледі,
Ағымдағы жөндеу негізгі құралдардың тозған жеке бөлшектерін жұмыс істейтін жағдайда ұстау үшін оларды ауыстырудан немесе жөндеуден тұрады. Оны негізгі құралдарды пайдалану процесінде жүргізеді.
Жөндеуді есептеу барлық жөндеу жұмыстарын құжаттармен хаттауды, жұмыстың көлемі мен өзіндік құнын табуды, жөндеуге жұмсалатын қаражаттың қатаң және белгіленген мақсат бойынша пайдаланылуын бақы-лауды қамтамасыз етуі тиіс.
Негізгі құралдарды жөндеуді мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіріледі. Амортизацияла-натын құн амортизациялық төлемдер түрінде субъект шығындар-ына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріліп тұрады. Амортизация әртүрлі әдістерді қолдана отырып есептелінеді:
- құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі;
- құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);
- жеделдетілген есептен шырару әдістері:
а) қалдықты азайту әдісі;
б) құнды сандар сомасы бойынша есептен шырару (куммулятивтік әдіс).
Негізгі құралдардың тозуының синтетикалық есебі үшін 2420 “Негізгі құралдардың амортизациясы” шоты арналған. Бұл шотта субъектіге меншік, шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығы бойынша тиесілі немесе ұзақ мерзімде жалға алынған негізгі құралдардың жинақталған тозуы жөнінде ақпараттар жинастырылады, жалпыланады.
