Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)

Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды (есеп) — бүл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің арасындағы келісім-шарт-тың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды.

Арнайы мақсаттар төмендегілер болуы мүмкін:

• қаржылық қорытынды есептің жекелеген көрсеткіштері жөніндегі қорытынды; .

• корпоративтік табыс салығы бойынша қорытынды есеп беру жөніндегі қорытынды;

• кәсіпорынның төлей алу қабілеті және жарғылық капиталының құралуы жөніндегі қорытынды;

• келісім-шарттардың орывдалуы және дебиторлық, кредиторлық борыштардың шын бар екендігі жөніндегі қорытынды;

• шоғырландырылған (біріктірілген) қорытынды есептің нақты-лығы жөніндегі қорытынды және т.б.

Арнайы мақсаттағы қаржьшық қорытынды есепті растау кезінде аудиторға езінің қорытындысында сілтеме жасау және қорытынды есептің негізі заңцық, нормативтік акгілерге және ереже-нұсқауларға кдйшы келмейтіндігіне көз жеткізу керек.

Аудиттің отандық тәжірибесінде, әдетте, аудит жүргізіліп болған-нан кейін орындалған жүмыстарды қабылдау актісі жасалынады.

№ 48 Емтихан билеті

1. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) және есепті кезеңдегі (өткен кезеңдердегі) дивиденттер

Бөлінбеген табыстың есебі бухгалтерлік есептің бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімше шоттарында жүргізіледі.

5510 шот «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы»

5530 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы»

Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.

Есепті жылдың бөлінбеген пайдасының есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиянның сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттар туралы жинақтауға арналған 5510-шоты пайдаланылады.

Есеп берілетін жылдың соңында 5510-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалынады.

  • Жыл ішінде алынған табыс сомасына

5610 «Жиынтық табыс» шоты дебеттеліп, 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

Сонымен қоса, 5510 шоттың кредиті және 5410 шоттың дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510 шоттың кредиті дәне 5420, 5430, 5440 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған қайта бағалаудың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510 шоттың кредиті және 5210 шоттың дебеті өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.

5510 шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады:

5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резерв капиталы», 5460 «Өзге резервтер» шотының кредиті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 3030 «Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3240«Басқа да ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер» шоттарының кредиті - жай және артықшылығы бар акциялар бойынша девиденттерге, сондай – ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 5210 «Сатып алынған меншік үлес құралдары» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы құнынан жоғарғы бағаға сатып алғаннан түскен айырма соммасы.

Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы есептен былайша шығарылады:

  • бөлінбеген табыс сомасына: 5510-шоты дебеттеледі, 5530 – шоты кредиттеледі.

  • Бөлінбеген зиян сомасы : 5530 – шоты дебеттеледі, 5510-шоты кредиттеледі.

Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510 шоты бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.

Өткен жылдардың бөлінбеген табысы есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5530 шотта жүргізіледі.

5530 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары:

Өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460 шоттарының дебетінде көрініс табады.

5530 шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:

Өткен жалдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған зиянның сомасы 5510 шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының табысы мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін девидентердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3240 шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсаттық бағытталған соммасы 5010, 5020, 5030 шоттарының кредитінде көрініс табады.

Жиынтық табыстың есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 «Жиынтық табыс» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.

Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6000 «Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс» бөлімшесінің 6010 шоттарында, 6200 «Басқа да кірістер» бөлімшесінің 6210-6220 шоттарында, 7000 «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110, 7210, 7410, 7450, 7710,7510,7610 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.

Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады:

6000«Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс» блімшесінің және 6100«Қаржыландырудан түскен кірістер» бөлімшесінің шоттары дебеттеледі, 5610 «Жиынтық табыс» шоты кредиттеледі.

Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы анықталады:

7500 «Тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстар» бөлімшесінің 7510шоты және 7600 «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлесі» шоты дебеттеліп, 5610«Жиынтық табыс» шоты кредиттеледі.

Жыл аяғында 7300,7400 бөлімшелердің 7010, 7310, 7410-7450 шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610 «Жиынтық табыстар» шотының дебетіне көшіріледі.

6000 «Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс» бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болуы мүмкін. Табыс сомаларын 6000-бөлімшенің 6020,6030 шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 6000-бөлімшенің 6020,6030 кредитінен 5610 шоттың дебетіне көшіріледі.

2. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтау және есептен шығару

Материалды емес активтер-бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі. Зиялылық меншікті объектілерді өткізумен айналысатын кәсіпкерлерге, нақты авторлық құқықты қорғау саласындағы мәселерде үлкен қызығушылық танытады, өнеркәсіптік лицензияның кез келген өнімнің саудада пайданың тиуіне қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік типтік есеп шотына сәйкес, зиялылық меншік объектісіне мынадай материалды емес активтер жатады:

  • технологияларға, өнертабуға немесе зерттеуге, ноу-хау, тауарлық белгі және атрибутикаға берілетін лицензиялық келісімдер;

  • компьютерлік және оргтехникалық бағдарламалармен қамтамасыз ету;

  • ойлап-табу және ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу;

  • гудвилл, танымал фирмалардың кең спектрлік айырмашылығы, олардың имджі, келісім бойынша пайдалануға, сонымен қатар сатылу объектісіде бола алады. Зиялылық меншікті өткізудің ең делдалдық таратылу түрі технологияны өткізу, техника немесе ғылыми және техникалық құжаттамаларды өткізу туралы лицензиялық келісім болып табылады.

Лицензиялардың айырмашылығы келесі бейнемен анықталады:

- патенттік, патенттік емес және аралас меншікті объектілерді күзету жолымен;

- дербес өзіндік және тәуелді деңгейде;

- зиялылық меншікті объектілердің түрлерімен өнертабуды пайдалануға, өндірістік үлгіде, ноу-хау, тауарлық белгілер және сауда-саттық маркалары;

- қайтарылатын және қайтарылмайтын лицензия объектілеріне лицензияны пайдалану жүйесіндегі салымын лицензиялар құқығымен жетілдіруді пайдалану.