- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;
- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
- оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады.
№ 28 Емтихан билеті
1. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары
1. Мемориалдық - ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақтаушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, соңынан Бас журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Ай біткен соң синтетикалық және аналитикалық шоттардың мәліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомстілері жасалады. Бұл формадағы дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап етеді, өйткені бір жазба әлденеше рет қайта-қайта (мемориалдың ордерде, тіркеу журналында, синтетикалық және аналитикалық регистрлерде) жазылады. Аналитикалық есеп тым көп, әрі синтетикалық есептен бөлек жүргізіледі, шаруашылық іс-әрекетті бақылау, талдау және есеп беруді жасау үшін қажетті көрсеткіштерді жинау өте қиын.
2. Есептің журнал-ордерлік формасы. Негізгі ерекшеліктері:
шаруашылық операцияларын есептеу үшін кредиттік белгісі бойынша сызықтық-позициялау тәсілімен жазба жүргізілетін және жол-жол сызудың шахматтық формасы бар журнал-ордерлер қолданылады;
бір қатар журнал-ордерлерде сиитетикалық және аналитикалық есеп қатар орындалады;
жүйелі және хронологиялық жазбалар біріктіреді;
бақылау мен есепті жүргізу үшін қажетті көрсеткіттер көлеміндегі операциялар бейнеленеді;
журнал-ордерлерді және Бас кітапты тиімді құрудың арқасында жазулар саны азаяды.
Журнал-ордерлер дегеніміз – едәуір деректемелері бар бос парақтар. Белгілі бір синтетикалық шот пен шоттар тобына ашылады. Ай ішіндегі мәліметтер алғашқы кұжаттардың негізінде күн сайын жинақталады. Ай соңында қорытынды есептеледі. Бас кітаптың негізінен. Бас кітаптың баланс пеи есеп беру жасалады.
Есеп-қисаптың журнал-ордерлік формасын колдану есептін көп еңбек сіңіру қажеттілігін едәуір азайтуға мүмкіндік береді, опың бақылауыншылық мәнін арттырып, есеп кұруды жеңілдетуге жол ашады.
Алайда бұл форманың да кемшіліктері бар, бұлар - мәліметтерді қолмен толтыруға бейімделген және есепті механикаландыруды қиадататын журнал-ордерлерді түзеудің күрделілігі мен қолайсыз молдығы.
3. Есептің автоматтандырылған формасында (бухгалтерлік есепті компьютерде жүргізу) жоғарыда айтылған кемшіліктер кездеспейді.
Компьютерді пайдалануды салыстырмалы түрде қарастырсақ, қарапайым, оларды қолдану механикаландыруды, көбіне есеп-қисап процесін автоматтандыруды; есеп мәліметтерінің өте дәлдігін; есептің ширақтығын; есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыруды; оларды қарапайым, жай техникалық іс-қызмет аясын атқарудан босатуды және шаруашылық қызметті бақылау және талдаумен шұғылдандануға мүмкіндік беруді, есептің барлық түрлері мен жоспарлауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Есептін қарапайымдандырылған формасы - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған, әрі небәрі екі регистрді көздейді: шаруашылық операциллары есебі кітабы (синтетикалық есеп регистрі) және аналитикалық есеп регистрлері болып табылатын тиісті объектілер (негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және т.б.) есебінің регистрлері. Кітап пен ведомостің мәліметтерін баланс пен есеп беруді жасау үшін қолданады. Бұл форманы жүргізу «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі» мен есеп берудің 23 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған берілетін әдістемелік ұсыныстармен реттеледі.
2. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал, активтерді қайта бағалау резервтері; шетел валютасын қайта санау резервтері және басқа да резервтер
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді жабуға пайдаланылады. Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5400-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-шы «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5460-шы «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің (ЖШС,АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шартта- рында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тір- кеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капи- талдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5510 шоты де-беттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410–ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3030 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қар- жысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивиденттердің есебінен төленген кезде; 5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған зиян)», 5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөл- шерден тыс жасалған капиталдар есептелінеді.
5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Мұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян)» есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»
5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы»
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарас- тырып көрейік.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға ар- налған 5510-шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5510-шотқа жыл ішінде есептелген та- быстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:
жыл ішінде алынған табыс сомасына
5610-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5510-шы «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.
Сонымен қоса, 5510-шоттың кредиті және 5410 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510-шоттың кредиті және 5420, 5430, 5460 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510-шоттың кредиті және «Қайтарып алынған капитал» шотының дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсе- тіледі.
5510-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады:
5410-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударыл- ған сомасы; 3030-шы «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 3030-шы «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар», 3390-шы «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артық- шылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серік- тестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлін- беген табыстың сомасы; «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.
Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:
бөлінбеген табыс сомасына: 5510-шот дебеттеледі, 5520-шот кредитте- леді;
бөлінбеген зиян сомасына: 5520-шот дебеттеледі, 5510-шот кредитте- леді.
Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510-шы шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.
Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520-шотта жүргізіледі.
5520-шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
- өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5510-шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағыт- талған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460-шоттарының дебетінде көрініс табады.
5520-шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
- өткен жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиян- ның сомасы 5510-шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысу- шыларының табыстары мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3390-шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдар- да алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5020, 5010, 5030-шоттарының кредитінде көрініс табады.
3. Іс құжаттарының маңызы мен мағынасы
230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралықстандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті екендігі көрсетлген.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;
олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
оларда аудиторлыққорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңыздымәселерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Жұмыс құжаттарына келесілер жатады:
1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;
2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;
3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;
4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
6. Ассистенттер орындағын жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;
7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;
8. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері;
9. Аудитордың өз клиеніне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;
10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;
11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;
12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;
13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылыққорытынды есебінің, сонымен бірге қорытынды есеп бойынша жасалған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;
14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.
Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады. Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.
Тікелей мәлімет көзі фактілерді тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар- бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу құжаттары және түгендеу қорытындысы, акті.
Қосалқы мәліметтер көзі олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорынның шаруашылық жұмысына қатысты мәлімет.
Бухгалтерлік есеп құжаттарын дәлел көзі мағынасы ретінде 4 топқа бөледі: алғашқы, топтаушы, ерікті, қосымша.
Алғашқы есеп құжаттары- бұл шаруашылық операциялардың нақты орындалғанын немесе оның орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама. Топтаушы құжаттар-олар шаруашылық арасындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топтастырылғандарын жинақтап, бір жүйеге кетірілген құжаттар. Ерікті құжаттар- ол құжаттарға материалды-жауапты жұмысшының немесе басқадай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Қосымша құжаттар- кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір-ойын көрсететін негізде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын аудиторлық тексеруде көптеген мәліметтер көзі болатын құжаттар.
Аудитор өзінің жұмысында осы құжаттар арқылы фактілерді орындау мақсатымен жұмыс қозғауын жүргізіледі. Себебі, тексеру процесіндегі тфактілер тек құжаттар арқылы анықталады. Аудит барысындағы жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн-мағынасына сәйкес топтау, ол аудитор мамандығының деңгейігне байланысты. Аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі.
Сонымен, қорытындылай келе аудит жұмысы-ол бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылап жүргізілетін тиянақты жұмыс. Аудит жұмысының сәтті жүргізілуі аудитор алдымен субьектілердің құқылық құжаттарын толық танысып және зерттеу жұмысын өте тианақты, жан-жақты жүргізгенде жүзеге асырылады. Сондықтан да аудитор әртүрлі құжаттар арқылы жан-жақты материалдар дайындап шаруашылық субьектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығынын дәлелдеп аудиторлық иқорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған мәліметтерге сүйене отырып, яғни белгілі бір дәлелдер сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.
