Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі

Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеті өндіріске жұмсалған еңбек шығынын дұрыс анықтау мен жалақы есептеу, қызметкерлердің саны бекітілген жоспардың орындалуына бақылау жасау, жұмыс уақытының оңтайлы, дұрыс қолданылуы, еңбек тәртібінің сақталуы және кәсіпорынның жекелеген бөлімшелері бойынша еңбек ақы қорының дұрыс пайдаланылуы болып табылады. Сонымен қатар осындай есептің арқасында мыналар бақылауға алынады: жүктелген тапсырмалардың орындалуы, кесімді жалақы бағасының сақталуы, тарифтік мөлшерлеме мен айлық деңгейінің сақталуы; есептелген еңңбекақы сомаларының өндірім құжаттарындағы еңбек өнімінің саны мен сапасына сәйкестігі; сыйақылар мен үдемелі үстемақылардың есептелуінің дұрыстығы.

Еңбекақы өнімінің өзіндік құнының құрамдас бөлшектерінің бірі болып саналады. Оның есебін дұрыс ұйымдастыру еңбек өнімділігінің өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауына үлкен ықпал жасайды.

Тәжірибе жүзінде көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбекақының екі негізгі нысаны қолданылады, олар – кесімді және мерізмдік.

Кесімді еңбекақы нысаны бойынша қызметкерге орындалған жұмыс және дайындалған өнімнің әр бірлігіне(өндірістік операцияларда көрсетілетін белгілермен, дана, килогарамм, метр куб және т.б.) бекітілген мөлшерде жалақы есептелінеді.

Еңбекақының кесімді нысанын келесідей еңбекақы жүйелеріне бөлеміз:

  • тікелей кесімді;

  • кесімді-сыйақылы;

  • кесімді-үдемелі;

  • жанама-кесімді;

  • аккордты.

Еңбекті ұйымдастыру нысанына байланысты бұл аталған жүйелер өз кезегінде жеке және ұжымдық болып та бөлінеді.

Жалақының тікелей кесімді жүйесі өнімнің әр бірлігін кесімді бағамен есептеу арқылы белгіленеді.

Кесімді-сыйақылы жүйе белгіленген көрсеткіштер немесе шпрттардың орындалуына қосымша сыйақы төлеуді көрсетеді.

Кесімді-үдемелі жүйе өндірістің белгілі бір бөлімшелеріне және шектелген мерзімдерге қолданылуы мүмкін, сонымен бірге базалық нысан шегіндегі жай бағам бойынша еңбекақы, ал өндірім кезінде бастапқы базадан жоғарғы – көтеріңкі бағам бойынша еңбекақы саналады.

Жалақының жанама-кесімді жүйесі көмекші өндіріс жұмысшыларына(жөндеушілер, реттеушілер т.б.) төлем жасау үшін қолданылады және олардың табысы негізгі өндірісті қамтамасыз еткен еңбек өнімін кесімді бағамен есептеу бойынша жасалады.

Еңбекақының аккордтық жүйесі өндірім нормасынан бөлек және берілген мерзімдегі жұмыстың барлық жиынын орындаудың кесімді бағамынан бөлек еңбек табысының мөлшері белгіленеді. Аккордты орындалған жұмыстың есебі барлық объектінің қабылдағаннан кейін жүргізілуі мүмкін.

Төлемнің кесімдік нысаны еңбекті нормалауға болатын және жеке не ұжымжық еңбек салымы мен оның ақырғы нәтижесінің есебін жүргізуге болатын жұмыстың кез келген түрлері мен бөлімшелеріне толықтай қолдануға болады.

Еңбекақының мерзімдік нысаны деп – жұмыс уақытының нақты орындалғанына белгіленген тарифтік мөлшерлеме немесе айлық түрінегі жұмысшыға есептелінген еңбекақыны айтамыз.

Мерзімдік жалақы жай мерзімдік және мерзімді-сыйақылы болып екі жүйеге бөлінеді.

Жай мерзімдік жүйе кезінде жалақы жұмысшыларға жұмыс істеген уақытына белгіленген тарифтік мөлшерлемемен немесе айлық түрінде есептелінеді.

Белгіленген шарттардың нақты сандық және сапалық көрсеткіштерін орындауға қатысты еңбекақының сыйақы қосарланған жүйесі мерзімдік-сыйақылы жалақы деп аталады.

Еңбекақының нысандары мен жүйелері кәсіпорындарда ұжымдық келісім-шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен айқындалады.

Қызметкерлермен еңбекақысның төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Қызметкерлермен еңбекақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.