Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі

Арнайы мамандар тілімен айтқаңда жалпы этика екі түрге бөлінеді. Ол - жалпы жан дүние этикасы және мамандық (жұмыс) этикасы. Қандай мамандық болса да олардың этикасы мамандық негізінде қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігіне негізделген әдептілік, ізеттілік, философиялық тұргыдан анықталған. Профессор Дж. Робертсонның айтуынша: "мамандық этикасының кодексінің жалпы этика теориясынан айырмашылығы онда нақты мамандық проблемаларына жауап анықталған. Мамандық этикасының кодексінде нақты мамандарға қойылатын талаптар анықталған. Онда мамандарга қойылатын этикалык, талаптармен қатар әдептілік, ізеттілік түсініктері де анықталған. Ал мамандар өз кезегінде сол . көрсетілген этика талаптарын орындауға міндетті болған. Оны орындамаған жағдайда мамандық саласында тәртіп болмайды". Осы келтірілген мамандар этикасы аудит қызметкерлеріне де тән.

Батыс елдерінде этика мәселесінің шешімі арнайы мамандар этикасының кодексімен қарастырылған. Онда аудитор этикасынын құрамы, оларға қойылатын этикалық талаптар атап көрсетілген. Осындай мамандар этикалық кодексінің бірі ол -Ұлыбритания елінде қалыптасқан. Онда ең алдымен аудиторға қойылатын талаптар: адалдық, дербестік және объекттивтік қасиеттер.

Аудитордың адалдығы объективтілік қасиеттері мамаңдар этикалық кодексінде өте қысқаша қарастырылган. Тек онда аудитор кәсіпкер ретінде әрқашан адал, шыншыл болу керек екені қарастырылған. Осы орайда аудитор тек өзі ғана адал, шыншыл болып қана қоймай ол өзімен қатар қызметтестерінен де сондай адалдықты талап етуі қажет. Сонымен қатар тапсырушылармен сондай адал, шыншылдық қатынаста болуы керек. Мысалы, тапсырушының жұмысына біліктілігі жетпейтін болса, кәсіпкерлік пайдасын ойламай ондай жұмыстан алдын ала бас тартуы тиіс.

Аудитор өз жұмысында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс барысында барлық фактілерге әділ көзбен қарап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы қажет.

Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, тәуелсіздік көрсету жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу. Себебі, көптеген факторлар күдіктілік туғызады, содан кейін ол объективтілікке әсерін тигізеді. Сондықтан мамандар этикалық кодексінде күдіктіліктен алшақ болу жолын, оған жол бермеу үшін не істеу керек екенін қарастырған.

Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста тәуелді болу жағдайына немесе аудит принциптерін бүзу жағдайына жол бермеу керек. Әрине, аудит қызметінің барысында аудитор тапсырушымен үздіксіз байланыста болады, ал жеке аудиторлар болса гонорар алу үшін тәуелсіздік жағдайда болады деуге де болады. Сонда да болса аудитор өзінің тәуелсіздігін, тапсырушыларын сақтауға тиісті. Осы орайда мамандар этикалық кодексінде көрсетілгендей аудитордың еңбеқақы мөлшері кәсіпорын пайда сомасынан 15 %-тен аспауы қажет. Егер де одан жоғары мөлшерде аудитор еңбекақы алатын болса, ол оның тәуелсіздігіне күдік тұғызады.

Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне күмәнсіз болуы керек. Себепсіз тапсырушы мен аудитор фирмасының немесе жеке аудитордын жоғарыда айтълғандай байланысы болса онда аудит қызметінің тәуелсіздігіне күмән туғызады. Сондықтан да 1989 жылы Ұлыбритания елінде арнайы заң шыққан. Онда: "тапсырушы аудит директорымен, фирмасымен туыс болса немесе жакын жолдастық қатынаста болса, аудит фирмасының директоры екі жыл бүрын қызметтес болса онда аудит фирмасының тапсырушыдан жұмыс қабылдауға құқысы жоқ" -. делінген.

Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол -аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кэсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы керек. Ол кәсіпорынмен және

Эвестициялық немесе акционерлік қарым-қатынаста болса оны үзуге міндетті. Сол сияқты аудитордың әйелі немесе балаларының инвестицияға, Облигация, қүнды қағаздарға қатысы болмауы керек.

Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.

Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол -соттасу немесе сот тергеуінен аулақ болуы керек. Ондай жағдайға душар болған кезде тапсырушының жұмысы туралы коммерциялық құпиялар жария болады да, тапсырушы кәсіпорынға үлкен моральдық және материалдық зиян келтіреді, ол жағдай аудит фирмасына да тиімді болмайды. Ондай жағдай" болса ол аудит фирмасының беделін түсіріп, тәуелсіздігіне күдік туғызады. Сонымен қатар ондай аудит фирмасы тапсырушылардың сенбеушілігіне, күдікті болуына, жүмыс беруден бас тартуына әкеліп соқтырады.