Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)

Алдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңдерін қамтңды:

• Клиентті таңдау жене аудитті орывндау туралы шешім қабылдау;

• Аудитті орындау үшін персонал таңдау;

• Жұмыс жағдайларын келісу;

• Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиентті таңдау жөнв аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиештерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді тандау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:

• Көзделген клиент беделін, оның каржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;

• Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.

Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатынастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең сайын (мысалы, жыл сайын) не ерекше жағдайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін. Тексеруді бастау туралы шешім қабыдцанғаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабтары анықталады.

Кептеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімділген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды.

Аудиторлық фирманың фирмаішілік стандарттары негінде клиен-тпен алдын ала танысу сәйкес белімдерден тұратын аддын ала жос-парлау банкісінде көрсетілуі керек.

Экономикалық субъект пен оның басшылығы туралы жалпы ақпарат.

310 "Бизнес туралы білім" ХАС-ына сай: "Қаржылық есеп беру аудитін орындау кезінде оқиғалар, операцияларды анықтау мен түсінуге жеткілікті және аудитордың пікірінше, каржылық есеп беру, тексеру немесе аудиторлық есепке елеулі әсер ететін қабылданған тәжірибедегі көлемде клиент бизнесі туралы аудитордың білімі болуы немесе ол оған ие болуы керек".

Бірақ аудиторға кажет білім деңгейі әдетте субъект басшьшығы ие білім деңгейінен әрқашан төмең, болады. Клиент бизнесі туралы білімге ие болу ақпаратты жинау мен бағалаудың және алынған білімді аудиторлық дәлелмен салыстырудың үздіксіз және кумулятивты процессі болып табылады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде жиналға-нына қарамастан ақпарат әдетте аудитор клиент бизнесі туралы то-лығырақ түсінік алатын кейінірек кезендерде нақгыланады және то-лықтырылады.

Аудитор сала мен субъект туралы мәліметтерді келесідей көздер-ден ала алады:

• Осы субъект және ол жататын саладағы істелетін жұмыстың ал-дыңғы тәжірибиесінен;

• Субъект қызметкерлерімен әңгімелесуден;

• Заңдар мен нормативтік актілерден;

• Салаға қатысты басылымдардан (мерзімді басылымдағы статис-тикалық материалдар, мақалалардан және т.б.);

• Субъектілердің өндірістік және әкімшілік бөлмелеріне барудан;

• Субъект дайындаған қүжаттардан (мәжіліс хаттамасы, жарнама-лық материалдар, алдыңғы жылдардың жылдық және қаржылық есептері, субъект басшылығының ішкі есептері, басқарушылық сая-сат бойынша басшылық, лауазымдық нүсқаулар, маркетинг пен сату жоспарлары).

Клиент бизнесін білу аудитордың кәсіби тұжырымдамасына негіз болады. Клиент қызметін түсіну және ақпаратты сәйкес пайдалану аудиторға көмектеседі:

- тәуекеддікті бағалау және проблеманы анықгауға;

- аудитті тиімді жоспарлау және орындауға;

- аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға;

- клиентке жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге. Клиенттің өндірістік және әкімшілік бөлмелерін қарау, оның

бизнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеседі. Себебі ауди-тор персонал қызметін бақылау және түрлі деңгейдегі басшылармен жеке әңгімелесу мүмкіндігіне ие болады.

Тәуекелдікке негізделетін аудит кезінде клиент бизнесін зерттеу мен жоспарлауға аудиторлық процедураның жартысына жуығы жүмсалады.

Каржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштврі.

Клиенттің ағымдық және перспективті жавдайын түсіну ағымды және перспективті рентабельділікті, өтімділікті (қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті), сонымен қатар капитал жеткіліктілігі (ұзақ мерзімді міндеттемелерді орьшдау мен қаржы өсуіне сәйкес болу қабілеттілігі) зерттеуді қамтиды.

мәселелер шеңбері клиент қызметі, клиент талаптары мен талабының ерекшелігіне байланысты таралуы немесе кеңеюі мүмкін.

Аудиторлық тексеруді жүргізу жөніндегі шарт "клиент-аудитор" ара-қатынасын ретгеуші ресми күжат болып табылады жөне жалпы алғанда кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын қарапайым шарттар-дан ерекшелігі жоқ. Басқа шарттардай сияқгы бүл қүжатта шартқа қатысушы жақтардың, бүл жағдайда тапсырыс беруші клиент пен орындаушы аудитордың келісілген мүддесін заңцы түрінде көрсетеді.