- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
Басқадай несиелік операциялар есебі.
Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес, төлем қаржысы есебінде пайдаланытын вексель түрінде береді. Несие алушы шаруашылық субъектілері мұндай вексельдерді өздерін материалдық құндылықтармен, тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады. Әрбір вексельдің айналу мерзімі несие беруші банкпен несие алушы шаруашылық субъектісінің арасындағы келісім-шартпен белгіленеді. Бұл келісім-шарт бойынша субъекті банк мекемесінен вексельдерді алып, олардың сыртындағы тиісті жеріне табыстама жазу арқылы төлем үшін пайдаланады.
Дивиденд дегеніміз – акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне қарай оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады. Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер бойынша нснп айырысу есебі 3030 – «Дивидендтер бойынша есеп айырысу» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелініп жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени денгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
Әлеуметтік салықтың ерекшелігі – оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салық салу объектісіне, еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді, оның ішінде: әртүрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер ж/е басқадай төлемдер.
3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
Бақылау тәуекелдігі. Клиент байқамаған қателердің бухгалтерлік есеп процесінде болуы ықтимал. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100%-ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады тиімді кұрылымдар' салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.
Бақылау кұралдарының тәуекелдігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі меншікті бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.
Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:
- сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сәйкес болады;
-сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелдік сәйкес болады; — сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелдік сәйкес болады. Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде , үлкен сенім дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса, аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек.
№ 18 Емтихан билеті
1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
Кез-келген кәсiпорында күнделiктi жұмыс iстелiп, қызмет атқарылып отырады. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлiк балансының баптарына тiкелей әсер етедi, яғни ұйымдағы әрбiр орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгерiске ұшырап отырады. Бiрақ бухгалтердiк баланстың актив және пассив баптарының теңдiгi әрдайым сақталады.
Жалпы бухгалтерлiк есепте баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларын төрт түрге бөлiп қарастырады.
Бiрiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық оепрациялары бухгалтерлiк баланстың тек актив бөлiмiне әсер етедi. Бұл жағдайда актив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайса, екiншi бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтiң жалпы сомасы мен баланс сомасы ешқандай өзгермейдi.
Мысалы, кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шотынан кассаға 100 мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айрысу шоты бабындағы сома 100 мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың 100 мың теңгеге артады. Баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.
Екiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлiк баланстың тек қана пассив бөлiмiне әсер етедi. Актив бөлiмiнде өзгерiс болмайды, бұл жағдайда пассив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайып, екiншi бап тура сомаға артады. Ал пассивтiң жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейдi.
Мысалы, ұйым өзiнiң жабдықтаушы мердiгерлерiнiң алдындағы 500 мың теңге қарызын банк мекесiнен алынған несие арқылы қайтарды делiк.
Бұл уақытта кәсiпорынның бухгалтерлiк балансындағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 500 мың теңгеге азайып, ал банк несиесi бабындағы сома 500 мың теңгеге артады. Ал баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.
Үшiншi түрiне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екi түрiнен айырмашылығы бұл операциялар барысында баланстың активi мен пассивi бiрдей сомаға артады. Яғни ьұл жағдайда операция әсерiнен баланстың актив бөлiмiндегi бiр баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөлiмiндегi сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықаушы-мердiгерлерден кәсiпорынға 200 мың теңгенiң материалдары келiп түстi.
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлiк баланстағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталытын бабындағы және материалдар деп аталатын бабындағы сома бiр уақытта 200 мың теңгеге көбейедi. Яғни кәсiпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейедi. Сонымен қатар 200 мың теңгеге баланстың сомасы да өстi.
Баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларының төртiншi түрi үшiншi түрiне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келедi. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бiр уақытта бiрдей сомаға өзгередi. Айырмашылығы -үшiншi түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлiмдерi) белгiлi бiр сомаға көбейсе, төртiншi түрге жататын операциялар әсерiнен актив пен пассив, сондай- ақ баланстың сомасы қандай да бiр сомаға кемидi.
Мысалы, кәсiпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшiн 50 мың теңге борышы төлендi.
Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған құнға салынатын салық үшiн қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бiр уақытта 50 мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланыстың сомасы да 50 мың теңгеге кемидi.
