Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар

• Шығындар. Әрбір аудиторлық фирманың өзінің аудит жүргізу стратегиясы мен әдістемелік тәсілдерінің болуы керек екендігі белгілі. Сондықтан жалпы мақсатқа пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалардың пакетін жасаудан үлкен тиімділік күту орынсыз.

Тіпті бағдарламалардың жалпы пакетін пайдалану кезінде, аудиторлық тестілерді анықтап алмас бүрын клиенттің процедуралары мен файлдарын мұқият зерттеу қажет болғандықтан, оларды орнату мен ұйымдастыру бойынша елеулі шығындар туындайды. Мақсатты бағдарламаларды пайдалану одан да көп шығындарды талап етеді.

• Клиент жүйесіндегі өзгерістер. Бағдарламадағы өзгерістер қымбатқа түсуі мүмкін немесе әртүрлі мерзімге жүйені тексеру үшін бағдарламаның, қалай болғанда да, бір жыл ұдайы жұмыс істеуі талап етіледі. ,

• Кішігірім қондырғылар. Компьютерлерге немесе микрокомпьютерлік қондырғыларға тура келетін аудиторлық бағдарлама пакеттері болмай қалуы мүмкін. Бағдарламалық жабдықтаулардың -құжаттары толық болмауы мүмкін, және де соның нәтижесі ретінде процедураларды анықтау кезінде қиындықтар туындайды.

• Күрделі бағдарламалар. Дамып жетілуі елеулі шығындарды талап ететін сұрау берудің тым күрделі бағдарламаларын шығару тенденциясы орын алуы мүмкін. Мұндай бағдарламаларды басқару көп уақыт алады. Аудитор, аудит тұрғысынан қарағанда, пайда түсіру үшін бағдарламаны' пайдалануға шығарған шығынды ақтауға тиісті.

• Шығатын мәліметтердің көлемі. Сұрау беру бағдарламасы шығатын мәліметгердің үлкен көлемін өндіруі (шығаруы) мүмкін. Бұл бағдарламадағы қателердің немесе сұрау беру бағдарламасын дұрьіс жасамаудың нәтижесі болуы мүмкін. Осы проблеманы болдырмау үшін баптардың белгілі бір саны есептеуге енгізілгеннен кейін операцияны тоқтататын пакеттерді қондыруға болады. Аудитор қандай жағдайда өзінің параметрлерді қате бағалағандығын және өте үлкен іріктеуді алғандығын, ал қандай жағдайда қағазға басып шығарылған ұзын баптардың өте үлкен санының дұрыс еместігінің нәтежесі болып табылатындығын анық білуге , тиісті. Соңғы жағдайда ол аудиторлық жұмысты тексеруге және байқалған проблеманың себебін қарастыруға тиісті.

•Тестілеу кезінде пайдаланылатын файлдардың нұсқалары., Аудиторлық бағдарламалық жабдықтау өзі қандай файлдың негізінде жұмыс жасайтын болса, тек сол файлды тексереді. Сондықтан клиенттің файлдағы бағдарламалық жабдықтауды пайдаланған дұрыс. Мәліметерді "тірідей" пайдаланбас бұрын, клиенттен рүқсат алып, бағдарламалық жабдықтауды мұқият тексеру қажет.

№ 45 Емтихан билеті

1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атау- лы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акция- ларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акцио- нерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған саны- ның шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесі- нің шешімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шыға- рылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған жә- не жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған ак- цияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгілен- ген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орна- ластырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жария- ланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредитор- лар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттан- дырады:

- дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;

  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазу- лы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізі- мінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді (акцияларды, обли- гацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2730 шоты;

  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жар- ғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоты;

  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу ке- зінде – 1310,1320,1330;

  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде – 1010,1030 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-шы шот бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

2. Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері

3. Шаруашылық субъектісінің басшыларына жүргізілген аудиттің қорытындысы туралы жазбаша мәлімет беру

Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары" жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:

•операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;

• қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылгандығын және-қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дүрыстығын;

• қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты зандық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;

• жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке' жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бүл қорытынды есеп туралы өзінің ой-пікірін тұжырымдай алатындығын.

Клиент басшылығына хат — бүл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бүзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мэліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын , басқа да ақпараттары бар құжат.

Басшылыққа хат төмендегілерден тұрады:

• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшыпыққа хат");

• адрес иесінің атауы (аты);

• кіріспе бөлім;

• талдамалық бөлім;

• қорытынды бөлім.

Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:

• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру-жүргізу нәтижелері;

• бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың сақгалуына тексеру жүргізу нәтижелері;

• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен' төленуінің дұрыстығын тексеру нәтижелері;

• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері. Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:

• ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына сәйкестігін жалпы бағалау;

• аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына елеулі сэйкессіздіктерін бейнелеу.