Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 22 Емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.

Синтетикалық және талдамалық шоттардың арасында өзара байланыс бар. Талдамалық шоттардың біртекті тобы белгілі синтетикалық шотқа бірігеді, және керісінше, талдамалық шоттар синтетикалық шоттың дамуына әкеледі. Тәжірибеде, синтетикалық және талдамалық шоттармен қатар субсчеттар қолданылады. Оларды синтетикалық шоттың ішіндегі біртекті талдамалық шоттардың көрсеткіштерін қосымша топтау үшін енгізеді.

Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

- негізгі;

- реттеуші;

- операциялық;

- транзиттік;

- баланстан тыс.

Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:

Инвентарлық шоттар – негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.

Қаржылық салымдар шоттары – басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.

Ақшалай шоттар – ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, валюталық және банктегі басқа да арнаулы шоттардағы ақшалар шоттары кіреді.

Ссудалық шоттар – еліміздегі және шетелдегі банктер мен банктік емес ұйымдардан алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақытқа) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары уақытқа) ұлттық және шетел валютасындағы несиелер мен басқа да қаржылар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Есептік шоттар – есеп айырысуға арналған шоттар, олар активті және пассивті болуы мүмкін.

Есептік активті шоттар: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы, берілген аванстар, басқа да дебиторлық қарыз.

Есептік пассивтік шоттар: дивиденттер бойынша есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыз, алынған аванстар, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептеулер.

Капитал шоттары кәсіпорынның жеке меншік капиталының есебіне арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, алынған капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) шоттары кіреді.

Реттеуші шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

  2. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.

Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.

Операциялық шоттар – шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:

Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.

Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.

Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.

Салыстырмалық шоттар- шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.

Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.

2. Тауарды сатудан және оған көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер есебі

Табыс – бұл есепті кезеңде активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы.

Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады.

Тауарларды өткізуден түскен табыс мына шарттарды сақтаған жағдайда танылады:

        1. табыс сомасы барынша сенімді бағаланады – бұл мәмілеге қатысушы екі жақ та сатушы қандай сома сұрайтын және сатып алушы қандай сома төленуге тиіс екенін білетіндігін көрсетеді. Мысал ретінде сағат бойынша ақы төленетін кәсіптік қызмет көрсетуді айтуға болады;

        2. мәмілеге байланысты экономикалық пайданы субъектінің алып қалу мүмкіндігі – бұл клиенттің көрсетілген қызмет немесе өткізілген тауарлар үшін шартта ескерілген соманы төлейтіндігіне қызмет көрсететін тораптың сенімді екендігін білдіреді;

        3. субъект сатып алушыға меншік құқығын иеленуге береді;

        4. мәміле бойынша нақты немесе алда болатын шығындарды бағалау барынша сенімді жүргізіледі.

6010-шы “Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынған кірістер” шот бойынша аналитикалық есеп бір айда және жыл басынан бері алынған табыс түрлері бойынша машинограммаларда немесе ведомостьтарда жүргізіледі [15].

Келесі табыстар қатарына кәсіпорынның негізгі емес қызметтен түскен табысттарды есепке алатын шоттардың есебі 6100-шы «Қаржыландырудан түскен табыс» , 6200-шы «Басқада табыстар»” бөлімі қолданылады.

6100-шы шот бойынша келесі шоттар есепке алынады:

- 6110 “Сый-ақы бойынша табыстар”;

- 6120 “Дивиденттер бойынша табыстар”;

- 6130 “Қаржылық жалдан болатын табыстар”;

- 6140 “Жылжымайтын мүлікке инвестициялау операциялары бойнша табыстар”;

- 6150 “Қаржы құралдары құнының өзгерісінен болатын табыстар”;

- 6160 «Қаржыландырудың басқа да табыстары».

6200-шы шот бойынша келесі шоттар есепке алынады:

- 6210 «Активтерді сатудан табыстар»;

- 6220 «Қайтарымсыз негізде алынған табыстар»;

- 6230 « Мемлекеттік субсидиялардан болатын табыстар»;

- 6250 « Курстық айырмадан табыстар»;

- 6260 «Операционды жалдан табыстар»;

- 6280 «Басқада табыстар».

3. Аудиторлық дәлелдеулер алудың әдістері мен ақпарат көздері

Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз- аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде, пайдалануға алатын ақпараттары. . Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған жэне басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы қүжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

-Мақсаттың таңдалуы

- Дәлелдеулер жинау жэне оларды өңдеу

- Дәлелдеулерді бағалау

Аудитор еш уақытта өз пікІрінің түгелімен дүрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:

- дұрыстық

- жеткіліктілік

- өз уақытында алынуы.

Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады:

- бақылау

- растау

- сұрау беру '

- түгелдеу

- құжаттарды тексеру

- қайта есептеу

- сканерлеу

- тексеру

- арнайы тексеру

- талдамалық процедуралар.

Бақылау - өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады.

Растау - сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

Сүрақ беру – нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап, ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттер дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

Түгендеу - аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы. Бүл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы-материлдық босалқылармен байланысты.

Қүжаттарды тексеру - оқу, іріктеу жэне күжаттармен танысу,-салыстыру жэне дэлелдеулер жатады.

Қайта есептеу деп - клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлділігін есептеу процедураларын айтады.

Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы қүжаттарды ) үздіксіз қарап отыру.

Арнайы тексеру - тексеру жүргізуге тар мамандықтын иесін тарту.

Аудиторлар қарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады (егер бақылау жасаудын мүндай мүмкіншілігі бар болса). Тексеру жүргізу әдістерімен бірге оларды үйымдастыру әдістері де бар:

• жаппай тексеру;

• іріктеп тексеру.

Аудиторлық процедуралар деп - аудит өткізу кезшде дәлелдеулер жинау' әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет.

Дәлелдеулер алу шарттары. Дәлелдеулер жинаудың негізгі шарттары төмендегілер болып табылады:

- заңдылықтың қатан сақталуы. Тексеру жүргізу процессінде аудитор орындалған шаруашылық операциясының зандылығын, бухгалтерлік есеп принциптерінің сақталуын зерттеуге тиісті;

- дәлелдеулер жинау бойынша іс - эрекеттерді өз уақытында жүзеге асыру принципін қолдану;

- аудиторға тексеруге берілген мәліметтердің дұрыстығына кепілдеме алу (хаттар, берілген сураулар, дәлелдеулер және т.б.). ,

Дәлелдеулерді бағалау. Дәлелдеулерді бағалау деп - шындықты анықтау үшін жиналған дәлелдеулердің ролін логикалық жэне ой - санамен айқындау процессін айтады. Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі түрде алынған болса, онда аудиторлық дәлелдеулер нанымдырақ болады.