- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
№ 34 Емтихан билеті
1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
Материалдың өзіндік құнын бағалау келесі әдістердің бірімен жүргізіледі:
- орташа құн (орташа бағалау) әдісі;
- соңғы сатып алулар құны бойынша (ЛИФО әдісі);
- алғашқы сатып алулар құны бойынша (ФИФО әдісі);
- арнайы ұқсастық әдісі.
Бұл әдістердің әрқайсысы алдымен ай соңындағы қалдық-тардағы материалдарды бағалауды, одан кейін шыққан құнды-лықтардың құнын анықтауды болжайды. Соңғыларының құны ке-зең басындағы құндылықтарының құнының жалпы сомасынан есеп беру кезеңінде түскен құндылықтардың құнын ескере оты-рып, кезең соңындағы құндылықтардың құнын алып тастау арқылы анықталады.
Шыққан құндылықтарды әр бірліктің өзіндік құны бойынша есептеуге болады.
Материалдарды орташа өзіндік құн бойынша бағалау кезін-де, сол есеп беру кезеңінде өндірісте пайдаланылған материал-дардың жалпы құны құндылықтардың әрбір түрі бойынша орта-ша сатып алу бағасын материалдардың сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.
Материалдарды ЛИФО әдісімен бағалау кезінде алдыңғы кезекте соңғы шығарылған немесе сатып алынған материалдар-дың құнын есептен шығару көзделеді.
Материалдарды ФИФО әдісімен бағалау кезінде алдыңғы кезекте бірінші шығарылған немесе сатып алынған материалдардың құнын есептен шығару көзделеді.
Арнайы ұқсастық бойынша бағалау әдісі, әдетте, өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар мен тапсырыстарға арналған материалдар бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді.
2. Ақша қозғалысы туралы есеп
Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
Субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.
Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен с атып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің қкөрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді саиып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:
Оған мыналар жатады:
Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу жне т.б.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:
Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;
Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;
Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.
