Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі

Шаруашылық субъектісінің табыстары – деп ҚР бухгалтерлік есебінің «Табыс» - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

  • Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

  • Қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

  • Дивидендтер, роялти және пайыз түрінде алынатын ж/е тағы да басқа табыстар жатады.

Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:

а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін.

б) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде: тауарлар өткізу, қызметтер көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары – деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады. Шаруашылық субъектісінің бұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алғаң табыстары 6200 «Негізгі емес қызметінен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.

Субъектінің өз меншігіндегі материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстарының есебі 6211- «Материалдық емес активтерін сатудан тускен табыстарының есебі» -деп аталатын шотта жүргізіледі.

Субъектідегі шығыстар және оларды есептеу тәртібі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасынынң жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 7010- «Сатылған тауарлардың өзіндік құны», 7110- «Тауарларды өткізу бойынша шығындар», 7210- «Жалпы және әкімшілік шығындар», 7310- «Проценттер бойынша шығындар», 7410- «Негізгі емес қызмет бойынша шығындар», 7710- «Табыс салығы бойынша шығындар» - деп аталатын бас шоттардың бөлімше шоттарында есептелді.

3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері

Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз- аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде, пайдалануға алатын ақпараттары. . Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған жэне басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы қүжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

-Мақсаттың таңдалуы

- Дәлелдеулер жинау жэне оларды өңдеу

- Дәлелдеулерді бағалау

Аудитор еш уақытта өз пікІрінің түгелімен дүрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдеулерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдеулер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:

- дұрыстық

- жеткіліктілік

- өз уақытында алынуы.

Сенімді дәлелдеулер алу үшін аудитор әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады:

- бақылау

- растау

- сұрау беру

- түгелдеу

- құжаттарды тексеру

- қайта есептеу

- сканерлеу

- тексеру

- арнайы тексеру

- талдамалық процедуралар.

Бақылау - өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады.

Растау - сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

Сүрақ беру – нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап, ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттер дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

Түгендеу - аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы. Бүл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы-материлдық босалқылармен байланысты.

Қүжаттарды тексеру - оқу, іріктеу жэне күжаттармен танысу,-салыстыру жэне дэлелдеулер жатады.

Қайта есептеу деп - клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлділігін есептеу процедураларын айтады.

Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы қүжаттарды ) үздіксіз қарап отыру.

Арнайы тексеру - тексеру жүргізуге тар мамандықтын иесін тарту.

Аудиторлар қарама-қарсы тексеру әдісін пайдаланады (егер бақылау жасаудын мүндай мүмкіншілігі бар болса). Тексеру жүргізу әдістерімен бірге оларды үйымдастыру әдістері де бар:

• жаппай тексеру;

• іріктеп тексеру.

Аудиторлық процедуралар деп - аудит өткізу кезшде дәлелдеулер жинау' әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитордың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықтан, дәлелдеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қолданбас бұрын, мақсатты айқындап оны негіздеу қажет.

Дәлелдеулер алу шарттары. Дәлелдеулер жинаудың негізгі шарттары төмендегілер болып табылады:

- заңдылықтың қатан сақталуы. Тексеру жүргізу процессінде аудитор орындалған шаруашылық операциясының зандылығын, бухгалтерлік есеп принциптерінің сақталуын зерттеуге тиісті;

- дәлелдеулер жинау бойынша іс - эрекеттерді өз уақытында жүзеге асыру принципін қолдану;

- аудиторға тексеруге берілген мәліметтердің дұрыстығына кепілдеме алу (хаттар, берілген сураулар, дәлелдеулер және т.б.). ,

Дәлелдеулерді бағалау. Дәлелдеулерді бағалау деп - шындықты анықтау үшін жиналған дәлелдеулердің ролін логикалық жэне ой - санамен айқындау процессін айтады. Егер дәлелдеулердің жекелеген элементтері әртүрлі көздерден жинақтала отырып немесе әртүрлі сипатқа ие бола отырып, жүйелі түрде алынған болса, онда аудиторлық дәлелдеулер нанымдырақ болады.