Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері

Қателер бухгалтерия бөлімі жұмысшылырының ынтасыздығы, ұмытушылыгы мен жаңгалақтыгы нәтижесшде пайда болады. Қателер себебі - бухгалтердің бухгалтерлік есеп, салық салу, есептілікті құру ережелерін дұрыс түсінбеуі. ҚЕ-гі кейбір бұрмалануларга жете тоқталайық.

Құжаттарда міндетті реквизиттердің жоқтығы. Міндетті реквизиттерге құжаттың аты, құрылу күні, аты, шаруашылық операцияның мазмұны, ақшалай және натуралды өлшеуіштер, операция орындалуы мен дұрыс ресімделуі үшін жауапты тұлғалардың лауазымдары мен қолдары. Алғашқы құжаттардың көбінде үйлестірілген нысан бар. Егер белгілі бір операциялар бойынша үйлестірілген нысандар көзделмесе, онда олар коғамның есеп саясатымен бекітілуі керек. Алғашқы құжаттарда міндетті реквизиттердің болмауы құжаттың жарамдылығын жояды. Мысалы: дұрыс толтырылмаған шығыс кассалық ордер бойынша берілген ақша жетіспеушілік болып саналады және оны кассир материалды жауапты тұлға ретінде өтеуге міндетті.

Алғашқы ақпараттың заңды дәлелдеуінің болмауы. Кез келген алғашқы құжат оның дәйектемесі болатын басқа құжаттармен қоса жүруі қажет. Мысалы: кәсіпорын жұмысшысына берілген ссуда шығыс касса ордерімен ресімделеді, оған сәйкесінше хатталған, қол қойылған арыз қосылуы қажет.

Операцияларды шоттар бойынша таратқан кездегі кездейсоқ қателер. Бухгалтерлік есеп қолмен жүргізілген кезде бухгалтер операцияны бір шоттың дебетіне жазып, екінші шоттың кредитіне жазуды ұмытуы немесе сома бұрмаланып, қате жазылуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бухгалтерлік есептің қолмен жүргізілуі сирек кездескендіктен бұндай қателер автоматтандырылған бухгалтерлік есепте де кездеседі. Бұл жағдайда қателер бағдарламалық жаңылу немесесе бухгалтерлік есептегі өзгертулерге сәйкес уақытында жасалатын түзетулер енгізілмеген кезде пайда болуы мүмкін.

Операцияларды кездейсоқ жіберіп қою. Бұл қате есепті компьютермен жүргізуді мамандығы жеткіліксіз бухгалтер жүргізген кезде жиі кездеседі. Ең жиі төлем тапсырмасына сәйкес есепті шоттан ақшаның аударылуын көрсетіп, оны есептеуді ұмыту кездеседі. Бұндай қатені аудитор, компьютерден бөлек шоттар бойынша айналым ведомосін сұратып алу арқылы таба алады.

Аудитор бұрмаланулардың бар болуына сілтейтін факторларды іздестіруге әдейі іс-эрекет жасамауы керек жэне аудитор бұрмаланулардың әдейілігі жайында пікір айта алмайды. Қателерді анықтау барысанда аудитордың басты мақсаты - осы қателердің бүкіл елеулі (маңызды) жақтарынан ҚЕ-тің шынайылығына әсерін бағалау.

Қателердің бар болуын аудитор өз жұмыс құжаттарында, аудитті өткізу нәтижелері бойынша тексерілетін кэсіпорын басшылығына арналған жазбаша ақпаратта көрсетеді және басшыларды, бухгалтерия қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды хабарландыруға міндетті. Бұрмалануларды тапқанда аудитор оның түзетілуін талап етуге міндетті

Егер анықталған бұрмалаулардың саны, тексерісті бастау алдында алдын ала жоспарлау кезеңінде және аудиттің жалпы жоспарын жасаған кезде аудитор болжаған санынан асып кетсе, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен мінезін айқындау керек. Бүл аудиторлық тәуекелді төмендету үшін қажет.

Егер аудитормен анықталған бұрмалаулар түзетілсе бүл жұмыс құжаттарында көрініс табады, ал егер түзетілмесе түзетілмеу себебі мен бұның салдары көрсетіледі. Қателер мен алаяқтықтын анықталған фактілерін түзету үшін кәсіпорын басшылығы ешқандай шаралар қолданбаған жағдайда аудитор қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін. Сонымен бірге аудитор қызмет көрсетуді тоқтатуға міндетті егер, кәсіпорын басшылығының алаяқтық қақатыстылығы туралы фактілер бар болса. Өйткені, бүл тексерілетін кәсіпорын басшылығымен көрсетілетін ақпараттың шынайылығына әсер етуі мүмкін.

Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алу мен анықтау жауапкершілігі кәсіпорын басшылығына жатқызылады. Қателер мен алаяқтық фактілерін алдын алуына аудитор жауапты емес. Кәсіпорын персоналының ҚЕ-тің бүрмалануына әкелетін іс-әрекетінің әдейі жасалуы (жасалмауы) туралы шешімді тек лауазымды орган ғана жасай алатыны аудитордың есінде болуы керек.

Тексерілетін кәсіпорын қаржылық есептің жасалған әдейі және әдейі емес бұрмаланулар елеулі (ҚЕ-тің шынайылығына әсер ететін) және елеулі емес бола алатынын білу қажет.

Тексерісті жасау барысында аудиторлық ұйымдар есептіліктің шынайылығын абсолютті дәлдікпен анықтауға міндетті емес, бірақ оның шынайылығын барлық елеулі жақтарынан анықтауға міндетті.

Барлық елеулі аспектілердегі ҚЕ-тің шынайылығы - бұл есептілікті пайдаланушы тұлға осы есептілік негізінде дұрыс шешімдер мен экономикалық тұжырымдарды жасай алатын есептілік көрсеткіштерінің дәлдік дәрежесі.

Қаржылық ақпараттың елеулілігі - ақпаратты пайдаланушының -экономикалық шешімдеріне ықпал жасайтын ақпараттың сапалық өлшемі мен қасиеттері.

Аудитор елеуліліктің екі жағын назарға алуға міндетті: сандық және сапалық. Елеуліліктің сапалық жағы - бұл кәсіпорын жасаған операциялардың тәртібі ҚР-да әрекет ететін нормативтік актілердің талаптарынан өзгешелігі тексеріс барысында анықталып, белгіленген' ауытқулар туралы аудитордың кәсіби пікірі. Елеуліліктің сандық жағы - бұл табылған ауытқулардың елеулілік деңгейінен жеке және жалпы сомадағы басымдылығын бағалау б.т.

Елеулілік деңгейі - бұл есептілікті пайдаланушы есептілік негізінде дұрыс шешімдер мен экономикалық тұжырымдарды жасай алмау мүмкіндігін көтеретін есептіліктің дұрыс көрсетілмеуінің сандық өлшемі және шекті мәні.

Халықаралық аудиторлық тәжірибеге сәйкес баланс бабындағы 5-10% шегіндегі ауытқуларға әкелетін қателер елеулі емес болып саналады. Бірақ, халықаралық және қазақстандық тәжірибеде бұрмаланулар елеулігінің нормативтік актілермен бекітілген сандық шегі жоқ.

Қабылданған тәжірибеге сәйкес әр аудиторлық ұйым әрбір тұтынушыға өзінің тәжірибесі мен кәсіби пікірі негізінде елеулілік деңгейін белгілейді. Елеулілік деңгейін бағалаудың әдістемесі ішкі фирмалық аудиторлық стандарттарда бекітілгені дұрыс.

Елеулілік деңгейін анықтаудың әдістемесі әдетте екі кезеңнен тұрады:

1) елеулілік деңгейі анықталатын ҚЕ-тің базалық көрсеткіштерді таңдау.

2) таңдалған көрсеткіштердің әрқайсысына елеулілік деңгейін анықтау.

Бірінші кезеңде аудитор ҚЕ-тің шынайылығын бейнелейтін ең маңызды базалық көрсеткіштерді таңдайды. Базалық көрсеткіштерді таңдау кәсіпорын саласы мен бизнес көлеміне байланысты.

Екінші кезеңде аудиторлық ұйым базалық көрсеткіштер үшін ауытқулардың шекті мэнін бекітеді. Ол үшін аудитор елеулілік деңгейіне эсер ететін келесі факторларды талдап, оларды бағалауы қажет:

- кәсіпорын эрекет ететін саланың жағдайы мен мінездемесі;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайы (тұрақтылық көрсеткіштері бойынша);

- бухгалтерлік персоналдың мамандығы мен тәжірибесі;

- ішкі бақылауды ұйымдастыру және т.б.

15 емтихан билеті

1. Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің құрамы және сипаттамасы

«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, салынып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебіне салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

Барлық «Негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары,көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатыннегізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнер-кәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізі ұйымдар, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.

Пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалайды: бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны - бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір мерзімдегі, бүгінгі күнгі негізгі құралы нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл шаруашылық субъектісінің бухгалтерік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады.

Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезде шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдарға есептелген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі.

Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарының есебін 12-шотының бөлімшелерінде, мына активті шоттарда жүргізеді:

2411-шот - жер;

2412-шот - үйлер мен ғимараттар;

2413-шот - машиналар мен жабдықтар;

2414-шот - көліктер құралдары;

2415-шот - компьютерлер;

2416-шот -жиһаздар

2417-шот – басқалар

2930-шот - аяқталмаған құрылыс.

Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, есептен шығарылуы көрсетіледі.

Инвентарлық объекті - өзінің құрамына кіретін, өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, салынып біткен жеке құрылыстарды, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Шаруашылық субъектілерінің бухгалетриясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық инвентарлық карточка ашылады. Олар талдамалы есептің түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, кіріске алынуына және істен шығарылуына байланысты толтырылған уақыты тағы да басқа керекті мәліметтері жазылады. Инвентарлық карточкалармен қатар ірі машиналар мен жабдықтар, көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбейюі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық субъектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу – деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, оларды ұзақ уақыт пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың ішінде мына аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:

  • Жерге;

  • Кітапхана қорларына;

  • Фильм қорларына;

  • өнімді малдарға;

  • музейлік заттарға;

  • өнер ескерткіштеріне.

Негізгі құралдардың тозуы шоттар жоспарының 13-бөлімшесінің мына шоттарында жүргізіледі:

2422 шот - үйлер мен ғимараттардың тозуы;

2423 шот - машиналардың тозуы;

2424 шот - көлік құралдарының тозуы;

2425 шот - басқадай негізгі құралдардың тозуы.

Негізгі құралдар, өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады, бұл - Амортизация (өтеу) процессі.

Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеп шығарған бір жылдық аморизациялық аударым сомасы.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың пайдалануы барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдынғы бөлімдерде сөз етілді. Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процесі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.

Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды шаруашылық субъектісінде тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады, қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.

Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілері жөндеу қорын жасауларына болады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, субъектінің өз күшімен жүргізілсе:

Дт «Басқадай есептелінген шығындар»

Кт «Қосалқы өндірістер»,

ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе:

Дт «Басқадай есептелінген шығындар»

Кт «Өнім беруші ж/е мердігерлермен есеп айырысу».

Жыл соңында «Басқадай есептелген шығындар» - деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.

Негізгі құралдарды есептен шығару №6 – бухгалтерлік есеп стандартында қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі. Негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығару үшін, субъекті басшысының бұйрығымен комиссия құралады. Негізгі құралдарды есептен шығару үшін «шығару актісі» толтырылады, оны субъектінің басшысы бекітеді.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі бойынша барлық шаруашылық субъектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, мәліметтерінің дұрыстығын нақты бар-жоғын анықтау және күтіп сақталуын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүлектеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды тугендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.

Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы басқа мәліметтерді енгізіп жазулары керек.

Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былайша жазылады: артық шыққан, бұрын есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алынады.

Материалдық емес активтердің есебі.

Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

  • Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

  • Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

«Ноу-Хау» - деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша ққұқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу-Хау»-ды шаруашылық субъектісінің үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің субъектідегі жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. Оның бағасы, яғни бастапқы құны оны шаруашылық субъектісіне кіріске алатын, демек, балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

«Лицензиялық келісімдер» – дегеніміз белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.

«Программамен жабдықтау» - деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.

«Патент» - деп жеке адамның немесе топтың, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

«Ұйымдастыру шығындары» шаруашылық субъектісінің жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.

«Гудвилл» немесе «Фирма бағасы» - болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің нақты нарықтық бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен шығындар субъектісінің зияны болып табылады.

Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, оның пайдалану мезімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептеліп тұрады. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі субъектінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан аспауы керек.