Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 42 Емтихан билеті

1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы

Табыстар мен шығындар туралы есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған таувар құнын, бағадан және сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікедлей шығындар кіреді;

- жалпы табыс өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағанан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, пайыздарды төлеу бойынша шығыс;

- негізгі қызметтен түскен табыс – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорнның негізігі қызметімен баланысты емес операциялардан алынған табысы;

- салық салынғанаға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргенне алынған табыс;

- табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

- төтенше жағдайынан алынған табысы;

- таза табыс.

2. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері

3. Аудит бағдарламасы мен жоспарын дайындауға қойылатын жалпы талаптар

Алдынала жоспарлау процесінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдарламаларын дайындауға кіріседі.

Жалпы жоспар дайындау процесі ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлықтексеру тиімділігіне көмекмесуі мүмкін.

Аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруға қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек.

Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:

  • аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;

  • аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;

  • аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, таңдау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгетуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.

Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшінқажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.

Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негізбойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепке айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.