Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 40 Емтихан билеті

1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні

Табыстар мен шығындар қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Табыстар - бұл есеп беру кезеңінде актавтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы.

Шығындар - бұл есеп беру кезеңінде актавтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі.

Иелерінің меншікті капиталға салымдары табыстар болып табылмайды және иелерінің меншікті капиталды бөлуі шығындар болып табылмайды.

Жылдық жиынтық табыс - күнтізбелік жыл ішінде заңды және жеке түлғалардың әртүрлі көздерден алған табысы. Негізгі қызметтен табыс дайын өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден, алынған тауарларды өткізуден сондай-ақ сыйақы, пайыз, дивиденді, гонорар жөне т.б. түрінде алынуы мүмкін.

Негізгі емес қызметтен табыс материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. өткізуден алынады.

Шығындарды анықтау өзіне меншікті басқарумен, өндіріспен және тауарлы-материалдық қорларды өткізумен, жұмыс орындау және қызмет көрсетумен байланысты шығындарды және зияндарды қамтиды. Зияндар экономикалық пайданың азаюын білдіреді және өз табиғатында басқа шығындардан айырмашылығы жоқ. Зияндар айналымнан тыс активтерді сату кезінде немесе табиғат апаттары нәтижесінде алынады.

Шығындар бөлімінің шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын, сондай-ақ кәсіпорынның өнімін және басқа активтерін өткізумен байланысты басқа да шығындарды көрсетуге арналған.

Жыл бойында барлық шығындар "Шығындар" бөлімінің шоттарында дебеті бойынша жинақталады және жыл соңында 5610 "Жиынтық пайда (зиян)" шотына есептен шығарылады.

2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер

Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың (проценттердің) есебі "Төленуге тиісті сыйақы", деп аталатын шотта жүргізіледі. Төленуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

Д-т: "Есептелінген сыйақы бойынша шығындар" шоты,

К-т: "Төленуге тиісті сыйақы" шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

— Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар (проценттер) сомасы төленген кезде:

Д-т: "Төленуге тиісті сыйақы" шоты,

К-т: "Ақшалар" деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.

Басқадай есептелген шығындардың есебі "Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарда өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

- Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:

Д-т: "Тауарларды сату бойынша шығындар" "Жалпы әкімшілік шығындары" және тағы да басқа шоттардың тиістілері,

К-т: "Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар" шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

- Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлем ақысымен байланысты нақты шығындар, өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

Д-т: "Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар" шоты,

К-т: "Көмекші өндіріс" немесе "Жабдықтаушы мердігерлер мен есеп айырысу" шоты және тағы да басқа шоттар түрінде жазылады.

Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторно етіледі (шегеріліп тасталады). Соңдай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.