Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 29 Емтихан билеті

1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі

ҚР Қаржы Министірлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлікесеп стандартының бірінші басында : «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардытүрлі операциялық ж/е инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп ттүсуі, кірістелуі ол қаржылырдың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп ж/е оларға осы заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы бағалауына мүмкіндік береді.

Ақшамен қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық ж/е уақытылы дер кезінде есептеу.

  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін ж/е оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

  3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

1030- «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:

  • Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.

  • Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

  • Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Курс (бағам) – бұл ҚР Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.

1040- «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» - деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2-журнал-ордерде, ал дебетінде жазалған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

Есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетілген белгілі тәртіп бойынша шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде белгілі ғана пайдаланылады.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық обектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп едені жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған ж/е дыбыстық белгі беретін қондырқылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

1010- «Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша» ж/е 1020- «Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде жүргізіледі.

2. Эмиссиялық кіріс есебі

Эмиссиялық кіріс дегеніміз- акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі.

Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар- бұл сатылған, содан соң шығарған акционерлік қоғам сатып алған акциялар. Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар фирманы тарату кезінде активтердегі үлесіне дивидендтер алуға құқық бермейді.

Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар туралы ақпараттар қалыптастыру үшін 5210 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» шоты тағайындалған. Осы шоттың дебеті бойынша акционерлерден сатып алынған акциялар құны, айналымнан қайтарып алған немесе опциондар арқылы сатылған акциялардың құны көрсетіледі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша меншікті акцияларды сатып алуды жүргізуге құқығы бар. Акцияларды сатып алу:

  • акционерлік қоғамның акциялары үшін қолайлы конъюнктураны ұстап тұру;

  • әрбір айналым жасаушы акциялардың кірісін көбейту;

  • өзге компанияларға сату үшін қолда акциялардың қажетті санына ие болу;

  • өзге заңды және жеке тұлғалардың акциялардың бақылау пакетін басып алуын жою;

  • опциондар арқылы жұмысшылармен қызметкерлерге таратып бөлу үшін қолда акциялардың болуы, яғни белгілі бір жеңілдік жағдайларында қызметкерлер (жұмыскерлер) арасында акциялар тарату туралы әкімшілік пен оның қызметкерлері (жұмыскерлері) арасындағы келісім үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар:

  • айналымнан алынып қойылуы;

  • сатылуы және қор нарығы айналымында тағы да пайда болуы мүмкін.

Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орыны толтыруды талап етуге құқылы.

Заңға сәйкес сатып алынған акция құны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.