Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 46 Емтихан билеті

1. Резервтік капитал

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, девиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттарымен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капиталжарлық капиталымен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншіктік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400 «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резерв капиталы» және 5460 «Өзге резервтер».

Заңдармен белгіленген резервтік есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан жарияланған отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15 %-нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 – ші шоттың дебетіне мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

4410, 4430 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі девиденттердің есебінен төлеген кезде; 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы», 5530 «өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

2. Басқа да кірістер есебі

6280-шы, шот «Басқада табыстар». Аталған шот кәсіпорынның негізгі емес қызметінен алынуы мүмкін басқа да табыстарды есепке алуға арналған. Бұл шотта келесі табыс түрлері көрсетіледі:

- негізгі құралдарды түгендеу барысында анықталған негізгі құралдардың артықшылығы (2412-2416 шоттарының дебеті, 6280 шоттың кредиті);

- түгендеу кезінде анықталған материалдардың, дайын өнімнің және алынған тауарлардың артықшылығы (1310, 1320, 1330, 1350-шы, шоттарының дебеті, 6280-шы, шоттың кредиті);

- түгендеу кезінде анықталған ақша қаражаттарының артықшылығы (1010, 1020 шоттарының дебеті, 6280 шоттың кредиті);

- талап ету мерзімі өтіп кеткен (3 жыл) кредиторлық қарыз сомасы (дебет счетов 3310, 3512, 3351, 3540 шоттарының дебеті, 6280 шоттың кредиті).

3. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі

Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге материалдық қателер мен бүзушылықтарды анықгау қүралы ретінде бағдарламаның өзінің орындылығын айқындайды.

Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық кдзметтің белгіленген стандарттарының талаптарын кднағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жүмыс қүжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

Клиент басшылығына хат — бүл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауыткулар туралы, қаржылық қоры-тынды есептегі бүзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі үсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге ауди-торлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, және аудиторлық қоры-тывды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар қүжат.

Хаттың нысаны және жасалу (құралу) тәртібі фирмаішілік стан-дарттарда қарастырылуға тиісті.

Басшылыққа хат төмендегілерден түрады:

• аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшылыққа хат");

• адрес иесінің атауы (аты);

• кіріспе бөлім;

• талдамалық бөлім;

• қорытынды бөлім.

Басшылыққа хат аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті реквизиттерін көрсете отырып, жіберіледі.

Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық үйымның реквизиттері, оның ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі, аудиторлық тексе-руге қатысушы аудитор және басқа түлғалар туралы мағлүматтар, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы жазылады.

Басшылыққа хаттың констатациялау (белгілеу) бөлімінде Халықаралық аудит стандарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:

• экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нөтижелері;

• бухгалтерлік есеп пен кдржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

• қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіңде заңдардың сақгалуына тексеру жүргізу нәтижелері;

• салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дүрыстығын тексеру нөтижелері;

• активтердің жағдайын тексеру нөтижелері. Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:

• ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына сәйкестігін жалпы бағалау;

• аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына елеулі сәйкессіздіктерін бейнелеу.

Экономикалық субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жағдайына тексеру жүргізу нөтижелері туралы ақпараттарға енгізілетіндер:

• бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржьшық қорытынды есепті қүру-дың белгіленген тәртібін бағалау;

• аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті дайындаудың белгіленген тәртібінің елеулі бүрмалануын көрсету.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы кезінде заңцардың сақталуын тексеру нәтижелері туралы ақпа-раттарға төмендегілер енгізілуге тиісті:

• кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық операция-ларының заң актілеріне сәйкестігін бағалау;

• аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған кәсіпорыңца жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық операцияларының заң актілеріне елеулі сөйкессіздіктерін керсету.

Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дүрыстығына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:

• жасалынған және тиісті оргаңцарға тапсырылған салық жөне баскд да міңцетгі телемдер бойынша есептеулердің дүрыстьпъш бағалау;

• салықгар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібін бүзу фактілерін, салық салынатын базаны анық-тау кезіндегі ауытқушылықгарды көрсету.

Активтердің сақталуын тексеру нәтижелері оларды түгелдеуге негізделуге жөне оларға активтердің нақты бары мен сақталуы туралы мәліметтер енгізілуге тиісті.

Аудиторлық қорытынды есептің қорытынды бөлімінде айқындал-ған ауытқушылықгарды жою жөніндегі аудиторлық үйымның үсы-ныстары, сонымен бірге кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін кетеру жөніндегі үсыныстар мен ақыл-кеңес-тер болуға тиісті.

Клиент басшылығына хат анық, ері қыска, әрі мазмүнды, нақгы дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасальшған келісім бойьш-ша баскдрудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалъшуы мүмкін.

Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хаты-на сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс-өрекеттер көрсетілген жауапты сүрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға қүқықгы түлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.

Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.