- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен (өзгертулерімен және толықтыруларымен) аудиторлық қызметті лицензиялау Ережесі бекітілді. Осы қаулымен лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптар белгіленді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N384 қаулысымен өтініш берушіге және банктер мен сақтандырушы ұйымдарда аудит өткізуге лицензия беру туралы өтінішке тіркелген құжаттардың тізіміне қойылатын талаптар жөніндегі Ереже-нұсқаулар бекітілді. Мемлекеттік емес мекеме–аудиторларды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясының ережесінде оның Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген, аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау мақсатында құрылғандығы атап көрсетілген. Комиссияның құрылтайшысы болып табылатын–аудитордың аумақтық палаталары. Ережеде, сондай-ақ, Біліктілік комиссиясының мақсаты мен міндетті қызметтері (функциялары), құқықтары мен міндеттері және жұмыс істеу тәртібі анықталған. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау ережесінің 1.2. параграфында аудиторларды аттестациялау түсінігі берілген: “Аттестациялау деп – өкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарының не-гізінде емтихандар қабылдау арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін Біліктілік комиссиясының анықтауын айтады. Аттестация аудитор-лыққа кандидаттардың аудиторлық қызмет көрсетуге кәсіби дайындықтарын растайды”. Сондай-ақ, аталмыш құжатта төмендегілер анықталған:
• аудиторлыққа кандидаттардың құжаттарын тапсыру және сақтау тәртібі;
• модульдік емтихан тапсырмаларына қойылатын негізгі талаптар;
• ұйымдастыру және бағалау топтары;
• аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау процедуралары;
• аттестация нәтижелерін рәсімдеу;
• аттестацияның өткізілуіне жауапкершілік және бақылау жасау.
№ 9 Емтихан билеті
1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғанық нәтижесін сыныпқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұны қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады:
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз ретінде болып келуі мүмкін.
ШЖС активтерге меншік құқығы болуы да болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қаматмасыз етеді және оларды пайдаланудан алатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстар арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тура келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына арналғанын көрсетпейді.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.
Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.
