Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 17 Емтихан билеті

1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары ж/е алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.

Субъектінің барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы активтері болып бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі активтер» ж/е «айналымдағы активтер» - деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құрылады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға ж/е дамытуға арналады.

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мынанар саналады:

  • Жарғылық капитал;

  • Резервтік капитал;

  • Бөлінбеген пайда.

Шаруашылық субъектілірі өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Қосымша төленген капитал – қогамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі ҚР-ның заңдары мен шаруашылық субъектісінің жарғысында қаралады.

Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акциянынң номиналдық құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамнаң жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздауына, өндірістің өркендеуіне, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс.

2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері

Несие – бір тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгігі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге баланысты райда болатын экономикалық карым-қатынас жүйесі болып табылады.ъ

Комерциялық несие – бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Несиенің объективті қажеттілігі – бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.

Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі.

Шетел валютасы түріндегінесиелер есебі

Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүниежүзіндегі ірі банктерден де несие алынады.

Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі

Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмайды. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 4010-«Банктен тыс мекемелердің несиелері» -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.