- •№ 1 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері
- •Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану
- •№ 2 Емтихан билеті
- •Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі
- •Ақша операциялардың есебін ұйымдастыру
- •Аудиттің пайда болуы және дамуы
- •№ 3 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау
- •Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу
- •№ 4 Емтихан билеті
- •Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар
- •Аудиттің пәні, объектісі және қызметі
- •№ 5 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі
- •2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •№ 6 Емтихан билеті
- •Бухгалтерлік есептегі этика
- •№ 8 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық
- •2. Қорларды тану. Қорларды бағалау. Қорларды бағалау әдістері
- •3. Аудиторлық қызметті аттестациялау және лицензиялау
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
- •2. Дайын өнімдердің, тауарлардың, аяқталмаған өндірістің есебі
- •3. Аудиттің халықаралық стандарттары және олардың сипаттамасы
- •№ 10 Емтихан билеті
- •Материалдардың бухгалтериядағы есебі
- •3. Қр аудит стандарттары
- •№ 11 Емтихан билеті
- •1. Қаржылық есептің элементтерін бағалау
- •2. Негізгі құралдарды сатып алу есебі
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
- •№ 12 Емтихан билеті
- •1. Есеп саясаты, міндеті, құрылымы
- •3. Аудиторлық мамандық этикасының қағидаттары
- •№ 13 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы
- •2. Негізгі құралдардың шығыс етілуі: тану және есепте ашып көрсету
- •3. Елеулілік түсінігі
- •№ 14 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы
- •2. Материалдық емес активтерді тану (38қехс)
- •3. Қателіктер және заңсыз әрекеттер. Заңсыз бұрмалауларды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері
- •2. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері
- •№ 16 Емтихан билеті
- •1. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамасы
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •2. Міндеттемелердің түсінігі және жіктелуі
- •3. Ажыратылмас тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 17 Емтихан билеті
- •1. Капиталдың құрамы және сипаттамасы
- •2. Қаржылық міндеттемелер есебі: банктік және басқа займдар, дивидендтер мен қатысушылар кірістері
- •Басқадай несиелік операциялар есебі.
- •3. Бақылау тәуекелділік және оны бағалау
- •№ 18 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
- •2. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі
- •3. Таба алмау тәуекелділігі
- •№ 19 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі
- •2. Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштар есебі
- •3. Елеулілік және оның деңгейін анықтау аудиторлық тәукелділіктің арасындағы байланыс
- •№ 20 Емтихан билеті
- •1. Екі жақты жазудың мәні
- •2. Кредиторлық борыштар есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға
- •3. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру
- •№ 21 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты
- •2. Кірістер және шығыстар түсінігі. Кірістер және шығыстар тану критериі
- •3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері
- •№ 22 Емтихан билеті
- •1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі
- •№ 23 Емтихан билеті
- •№ 24 Емтихан билеті
- •1. Есепті цикл
- •2. Пайда және зиян жөніндегі есеп
- •3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)
- •№ 25 Емтихан билеті
- •1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі
- •2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар
- •№ 26 Емтихан билеті
- •1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
- •№ 27 Емтихан билеті
- •1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы
- •Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
- •№ 28 Емтихан билеті
- •№ 29 Емтихан билеті
- •1. Ақша қаражаттары: анықтауы, өлшеуі және есебі
- •3. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудағы негізгі қағидаттар мен әдістемелік жүйелер
- •№ 30 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы
- •№ 31 Емтихан билеті
- •1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік
- •№ 32 Емтихан билеті
- •1. Дебиторлық борыштың есебі
- •№ 33 Емтихан билеті
- •Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
- •2. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
- •№ 34 Емтихан билеті
- •1. Қорларды бағалау әдістері: орташа есептік құны бойынша, фифо, лифо және арнайы ұқсастық әдістері
- •2. Ақша қозғалысы туралы есеп
- •3. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері
- •№ 35 Емтихан билеті
- •2. Түсініктеме жазбаларда ақпараттарды ашып көрсету. Есеп саясаты түсінігі, оның құрылымы
- •№ 36 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі
- •2. Қорытынды кірісті немесе зиянды табу, жабылушы жазбалар. Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •№ 37 Емтихан билеті
- •1. Материалдық емес активтердің және негізгі құралдардың анықтамасы және сипаттамасы
- •№ 38 Емтихан билеті
- •1. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны
- •№ 39 Емтихан билеті
- •1. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні
- •№ 40 Емтихан билеті
- •1. «Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні
- •2. Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылуға тиісті топтар міндеттемелері; өзге де міндеттемелер
- •3. Аудитордың клиентпен алдын ала танысуы (бастапқы жоспар)
- •№ 41 Емтихан билеті
- •№ 42 Емтихан билеті
- •1. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы
- •№ 43 Емтихан билеті
- •1. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі
- •№ 44 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелердің анықтамасы және жіктелуі
- •2. Қаржылық есептілікті шыншыл ұсыну және қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкестігі
- •3. Компьютер жүйесімен дайындалып, өңделген ақпараттарды дайындау
- •Компьютерлік аудиторлық бағдарламаларды қолданудағы қиыңдықтар
- •№ 45 Емтихан билеті
- •1. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал
- •№ 46 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капитал
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •№ 47 Емтихан билеті
- •1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі
- •3. Аудиторлық қорытынды құрылымы мен түрлері
- •Аудиторлық қорытындының (қорытынды есептің) құрылымы мен нысандары
- •Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп)
- •№ 48 Емтихан билеті
- •3. Сөзсіз, тексерусіз жасалған аудиторлық пікір
- •№ 49 Емтихан билеті
- •1. Міндеттемелерді есептеу. Міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу
- •№ 50 Емтихан билеті
- •Теріс аудиторлық қорытынды
№ 26 Емтихан билеті
1. Шаруашылық операцияларын тіркеу және талдау олардың бухгалтерлік шоттарда бейнеленуі
Бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізгі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты (периодичности), мәліметтің көлемі (по объему) және тағайындалуы (по назначению) бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы (промежуточная) және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Ұйымның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезен аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты-мәліметтер кәсіпорьшның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы (первичная) және жиынтық (сводная) бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі. Жиьштық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық ұйымдары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.
Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытыды есеп ішкі (внутренняя) және сыртқы (внешняя) болып бөлінеді. Ішкі деп аталынатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандайда бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бүл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газетгерде, журналдарда) беттеріне де жариялайды.
Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:
бухгалтерлік баланстан;
қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есептен;
меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;
ақшалардың қозғалысы туралы есептен;
түсініктемелік жазбадан.
Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпаратгардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беру керек: сеңімділікке, тұтастыққа, тізбектілікке, салыстырымдылыққа, есепті кезеңге және рәсімделуге.
2. Шығарылған қаржылық құралдардың бастапқы танылуы (32,39 ҚЕХС). Меншік және тартылған капиталға бөлу
Қаржылық құралдар- кез-келген келісім-шарт нәтижесінде, бір компанияларда- қаржылық актив, ал екінші компанияларда- қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал ретінде туындайды.
Қаржылық актив төмендегідей болып табылатын кез-келген актив:
1.ақша қаражаттары;
2.басқа компаниялардан келісім – шарт құқығымен алынатын ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер;
3.тиімді жағдайда басқа компаниялармен келісім шарт құқығымен алмастырылатын қаржылық құралдар;
4.басқа компанияның үлестік құралы.
Басқа компаниялардан келісім шарт құқығымен алынатын ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер мысалы ретінде банктегі ақшалай депозит болып табылады. Ол салымшының банктен ақшаны алудағы келісім шарт құқығы болып табылады немесе салымшы несиеге алдындағы өзінің міндеттемесін жабу үшін депозитте жатқан сомаға чек жазып бере алады.
Қаржылық міндеттеме - келісім-шарт нәтижесінде төмендегідей болып табылатын кез келген міндеттеме:
1.басқа компанияға берілген ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер;
2.тиімсіз жағдайда басқа компаниялармен қаржы құралдарын алмастыру.
Үлестік құрал - бұл компанияның барлық міндеттемелерін алып тастағаннан қалған активтерінің үлесіне құқығын айғақтайтын кез келген келісім. Үлестік құралдарға жәй акциялар, артықшылығы бар акциялардың кейбір түрлері, варранттар, опциондар жатады.
Шынайы құн - бір- бірінен тәуелді емес тараптардың келісімді жасау үшін активтерді алуға және міндеттемелерді жабуға қажетті ақша қаражаттарының сомасы.
Нарықтық құн - активті нарықта қаржылық құралдарды сатып алу немесе сату кезінде төленетін ақша қаражатының сомасы.
Қаржылық құралдар болады: алғашқы құралдар: яғни дебиторлық және кредиторлық қарыздар, үлестік бағалы қағаздар және де туынды құралдар: қаржылық опциондар, фьючерстік және форвордтық контракттар, пайыздық және валюталық своптар.
39 ҚЕХС –на сәйкес қаржылық құрал 4 категорияға бөлінеді:
1.Саудалық қаржылық құралдар;
2.Жабуға дейінгі ұсталынған қаржылық құрал- жабдықтар ;
3.Алынған және берілген қарыздар мен займдар;
4.Қолма- қол сатуға берілген қаржылық құралдар.
Саудалық қаржы салымы - бұл қаржылық активтерге салынған инвестициялар:
1.Пайда табу мақсатында активтердің нарықтық бағаларының қысқа мерзімді тербелулерінен немесе маржа түрінде өндіріледі;
2.Кәсіпорынның нарықтағы қысқа мерзімді спекуляцияға арналған, инвестициялық портфелінің құрамына кіреді.
Жабуға дейінгі ұсталынған қаржылық құралдар - бұл қаржылық салымдар:
1.не тіркелген белгілі табысы, не тіркелген жабу мерзімі бар;
2.басқа кәсіпорындарға берілген займ болып табылмайды;
3.белгіленген мерзімі келмейінше кәсіпорын сатуға құқылы емес.
Сондықтан бұл топқа тек қана ұзақ мерзімді қаржылық активтер, мысалы, облигация, вексель, талап ету құқығынан бас тарту нәтижесінен алынған берілген (дебиторлық) қарыздар.
Басқа кәсіпорынға берілген займдар - бұл келесідей қаржы салымдары:
1.кәсіпорында қызмет немесе тауар, ақша қаражаты нәтижесінде тікелей қарызданушыға туындайды;
2.тек келесі сатылым мақсаттарында алынбаған.
Займдар (дебиторлық қарыздар) өзге кәсіпорындарға берілетін займдар категорияларына жатпайтын жағдайда:
- кәсіпорын нарықтағы өзге кәсіпорынның қарыздарын иемденеді ;
- кәсіпорын өзге кәсіпорынның талаптарынан бас тарту қарыздарын иемденеді ;
- өзге кәсіпорынның қарыздар жиынтығының бір бөлігін иемденеді.
39 ҚЕХС-да енгізілген жаңа негізгі элементтер мыналардан тұрады:
- 39 ҚЕХС 32 ҚЕХС-ы секілді қаржылық активтерге (бағалы қағаздар, берілген займдар,актив болып табылатын туынды қаржылық құралдар) және қаржылық міндеттемелерге (дебиторлық қарыздар, алынған несиелер мен займдар, міндеттеме шектеулеріне жауап беретін туынды құралдар) таралады;
- қаржылық құралдардың белгіленген бір бөлігі нақты шынайы құнымен бағаланады;
- класқа бөлінген қаржылық құралдардың бөлімшелері бағалы қағаздардың классификасиясына сәйкес.
Улестік бағалы қағаздардағы инвестициялар есеп және есеп беру мақсатында үш үлкен категорияларға бөлінеді:
1.төлеуге дейінгі ұсталымдар: Кәсіпорын жинақтайтын немесе өтеуге дейін ұстай алатын улестік бағалы қағаздар.
2.саудалық: Қысқа мерзімді бағалар арасындағы айырмашылықтан жақын арада пайда табу мақсатында сатылып алынған немесе ұсталынып тұрған улестік бағалы қағаздар.
3.сатылымда барлар: Өтеуге дейін ұсталынған немесе сатылатын бағалы қағаздар ретінде классификасияланбайтын улестік бағалы қағаздар.
Үлестік бағалы қағаздардың осы категорияларын есептеу ерекшеліктерін қарастырайық.
Өтелуге дейінгі ұсталынып отырған улестік бағалы қағаздар амортизациялық құнмен бағаланады, бұл бағалы қағаздар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді.
Амортизацияланған құн- бұл дисконт немесе сыйақы амортизация есебімен алынған құн.
Үлестік бағалы қағаздар өтелуге дейін ұсталынып отырған ретінде классификацияланбауы тиіс, егер шаруашылық субъект мыналарды иемденсе:
1.алдағы орындалатын істер (болжамдар),
2.өтеу мерзіміне дейін бұл бағалы қағаздарды ұстауға мүмүкіншілігі болса .
Үлестік бағалы қағаздарға облигиация мен вексельдер жатады.
Егер компания бағалы қағаздарды анықталмаған уақытқа дейін ұстап отыруды жоспарласа және белгілі бір себептерге байланысты бағалы қағаздарды сататын болса, онда бұл қағаздар өтелуге дейінгі ұсталынып отырған ретінде классификацияланбайды.
3. Аудиторлық әдістемелерінің түрлеріне жеке сипаттама
Аудитті сегменттеудің түрлі тәсілдері бар. Әр шот бойынша сальдоны жеке сегмент ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай сегменттеу тиімді бола бермейді. Сондықтан бір-бірімен байланысты шаруашылық операциялар циклдері мен осыған сәйкес олардың шоттарын көрсететін топтар бойынша жекеленген аудит жүргізу пайдалы. Бұлциклдік жол деп аталады.
Аудит сегменті ретінде шаруашылық операциялардың циклдерін бөліп көрсету экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі қолданатын бухгалтерлік есепжүйесі мен құжат айналым жүйесінің мазмұны ескеріле отырып жүргізіледі. Циклдік тәсіл негізінде капиталдың толық айналымын салуға болады. Бұл ақшалар, шикізат пен материалдар, негізгі құралдар мен басқа активтерді сатып алуға бағытталады. Есеп айырысу операциялары жүргізіледі. Осы процессті сатып алу циклі ретінде қарастыруға болады. Өнімдайындауға белгілі біршығындар жұмсалады. Ары қарай дайын өнімдісатады және шот-фактуралар құрайды, төлемдер алады, осындай жолмен алынған дивидендтер мен пайыздарды төлеу, сонымен қатар жаңа циклдерге кірісу үшін пайдаланылады.
Шаруашылық операциялар циклдерін бөліп көрсету аудит барысында қосарлы жазбаның есепке алу принципіне негізделетін бағытты тест жүргізу әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Қосарлы жазба табиғатына сай кредиті бойынша жазбаның бұрмалануы дебеттік жазудың бұрмалануына немесе жіберіліп қоюына әкеледі және керісінше. Бағытты тест жүргізу әдісін пайдалану кезінде, аудитор бір шоттың дебетіне артық тест жүргізілсе, сонымен бір мезгілде корреспонденттік шот кредитіне де артыққа тест жүргізіледі.
Сонымен, типтік жобалар бағытты тест жүргізу аудитті жүргізгенде қажетті еңбек пен уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Объективтік тәсіл кезінде аудит сегменттері бухгалтерлік есеп объектілеріне дәл келеді де шаруашылық операцияларға бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарына қатысты дәлел алу тұрғысынан тест жүргізіледі.
Сонымен, әр шаруашылық операциясындағы дәлелдерді жинау кезеңінде олардың арасындағы өзара байланысты анықтамастан, бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарының орнатылған критерийлеріне сәйкестігіне дәлел жинау тұрғысынан жүргізіледі. Бухгалтерлік шоттың әр шотының аудиті аяқталғаннан кейін алынған нәтижелерді жинау мақсатында олардың арасындағы өзара байланысқа талдау жасау керек.
Әрине, аудиттің мұндай нұсқасын ең ұтымды деп тануға болмайды, себебі бірдей қаржылық шаруашылық операцияларын аудитор бірнеше рет тексеруі мүмкін.
