Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.5. Халықаралық маркетингтің әлеуметтік мәдени ортасы

Әлеуметтік – мәдени факторлар адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Әрбір елге адамның әрекет етуінде өзіндік дәстүрлер мен салттар, құндылықтар және қалыптасулар, дағдылар мен әдеттер, коммуникация құралдары мен өмір жағдайлары тән.Сондықтан да, нақты бір шет елге шығу кезінде ішкі немесе басқа бір сыртқы нарықтағы өзінің қызметінің тәжірибесін жетекшілікке алуға болмайды. Әрбір қызығушылық білдіретін елдің әлеуметтік – мәдени ортасына зерттеу жүргізу қажет және сол зерттеулердің нәтижесінің негізінде ғана, сәйкес шет ел нарығына шығу мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға болады.

Сонымен қатар, мұндай зерттеулердің нәтижелері әлеуметтік – мәдени ортаның факторлары барлық элементтеріне тікелей әсер ететін, кешенді маркетингтің әзірленуіне негіз болып табылады. Мұндай факторлар шартты түрде келесідей үш топқа біріктірілуі мүмкін:

- мәдени элементтер;

- субмәдениет

- әлеуметтік факторлар.

3.6. Халықаралық маркетингтің ғылыми – техникалық ортасы.

Маркетингтің ғылыми – техникалық ортасын анықтайтын негізгі факторларға келесілер жатқызылады:

- аталған елдегі ғылым және техниканың даму деңгейі;

- жоғарғы технологиялық ғылыми салалардың дамуының бар болуы;

- жеке салаларда технологияның даму деңгейі;

- ғылыми – техникалық және тәжірибелік – конструкторлық өңдеулердің нәтижелілігі;

- өндірістің техникалық қамтамасыз тілу деңгейі;

- кастомизациялану деңгейі.

Соңғы жылдарда ҒТЖ өзгерісіне мәнді түрде әсер ететін маңызды факторлар келесілер болып табылады:

- ақпараттық технологиялардың дамуы;

- биотехнологиялардың енгізілуі;

- жаппай өндіріске жаңа технологияларды енгізілуі және әзірленуі.

3.7. Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасы

Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасына әсер ететін фсакторлаға келесілер жатқызылады:

- аталған мемлекеттің тұрғындарының жеке жастық топтарының сандық құрамы;

- туылу қарқыны;

- өлім динамикасы;

- некеге отыратындардың орташа жасы;

- айырысулар қарқыны

- жанұядағы балалардың орташа саны;

- тұрғындардың көші – қоң деңгейі;

- халықтың жалпы білімінің деңгейі және оның өзгерісінің динамикасы.

3.8. Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасы

Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасын анықтайтын негізгі факторлар келесілер болып табылады:

- мемлекеттік орналасқан жері

- климаттық жағдайлар және оның ерекшеліктері;

- қоршаған ортаның жағдайы;

- табиғи ерекшеліктер.

Әдебиеттер: 1 - 40

4 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі зерттеулер.

4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.

4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.

4.3. Екінші ақпарат көздері

4.4. Зерттеу жүргізу тәртібі

4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.

Маркетинг саласындағы әрбір қадам базарды білуге негізделеді. Бұл халықаралық маркетингке де қатысты мәселе. Халықаралық зерттеудің ерекшеліктері, олардың айрықша технологиясы, уақыт және ақшалай қажетті шығындар зерттеу жобаларын жасағанда көңіл аударатын мәселелер. Егер бұл салада кездесетін қиындықтарды болжап, кәсіпорынды қажетті әдістермен жарақаттандырса бұл мәселелерді шешүге болады.

Зерттеу ауқымының кеңдігі. Шетел нарығына шығу кәсіпорынға отандық тәжірибеден таныс емес, ерекше жағдайларды ескеруді қажет етеді. Кәсіпорын өз қызметіне нақты баға беру үшін шетел базары туралы кең ауқымды және әртүрлі мағлұматтарға ие болуы керек.

Шетел нарығының белсенді агенттерінің мінез-құлықтары және базар динамикасы, кәсіпорынның коммерциялық қызметіне кедергі келтіріп немесе тоқтатып, өзгертүі мүмкін. Сондықтан зерттеу жұмыстарын өте үлкен көлемде жүргізу қажет

Мағұлмат жинаудың техникалық қиындықтары. Ұлттық базарда қолданылған коммерциялық зерттеу дағдыларын, шетел базарларының ерекше сипаттарына байланысты пайдалану көп жағдайда қиын.

Қандай да болмасын елде, немесе географиялық аймақта мағұлматтар мүлде болмауы мүмкін: кейде өндірістік құрал жабдық үшін әлуетті тұтынушылардың жобалы тізімін алу да мүмкін болмайды; бәсеке жөнінде мағұлмат бір-де бір жарияланатын құжаттарды көрсетілмеуі мүмкін. Бұндай жағдай тек дамұшы елдерге ғана емес жаңа индустриялды елдерге де тән.

Сенімді статистикалық мағұлматтар болмауы сұрау жолымен зерттеу жүргізу мүмкіндігін қиындатады.

Жеке тұлғаларды немесе отбасыларын сұрау жүргізу жолымен зерттегенде зерттеуші елдің мәдениетіне және әдет-ғұрпына тән емес мінез-құлықтар көптеген күтпеген қиындықтар тұғызады. Оған қолайсыз саяси немесе әлеуметтік ортаның әсеріне сәйкес байланыс жасамау, немесе керісінше сұраушыларға жақсы көзқараспен қарап, олардың көңілін жықпаушылық жатады. Орталық Азия немесе Орталық Африка елдерінде тауарларға тест жүргізу алдамшы нәтиже беруі мүмкін. Ол елдерде сұраушының күткеніндей жауап бермеу мәдениетсіздік белгісі болып саналады. Қонақжайлық заңдылығының екінші тарапы осындай.