- •«Халықаралық маркетинг» пӘні бойынша
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1.Оқытушылар туралы мәлімет:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •5. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі:
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •1.1. Халықаралық маркетинг түсінігінің мазмұны
- •1.2. Халықаралық маркетингтің принциптері мен мақсаттары
- •1.3. Халықаралық маркетингті іске асырудың екі түрі
- •1.4. Халықаралық маркетингтің қазіргі мәселелері
- •Халықаралық нарықта қызмет ететін фирмаларды сыныптау
- •Халықаралық фирмалар, оларға тән сипаттар және қызметінің ерекшеліктері
- •Маркетинг халықаралық фирмалардың ерекше басқару функциясы
- •Халықаралық коммерциялық бизнестің ұйымдық варианттары.
- •3 Тақырып. Халықаралық маркетинг ортасы
- •3.1. Халықаралық маркетингтің ортасын анықтайтын факторлар.
- •3. 2. Халықаралық маркетингтің саяси ортасы.
- •3.3. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.4. Халықаралық маркетингтің құқықтық ортасы.
- •3.5. Халықаралық маркетингтің әлеуметтік мәдени ортасы
- •3.6. Халықаралық маркетингтің ғылыми – техникалық ортасы.
- •3.7. Халықаралық маркетингтің демографиялық ортасы
- •3.8. Халықаралық маркетингтің табиғи – географиялық ортасы
- •4 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі зерттеулер.
- •4.1 Маркетингті зерттеудің объективті қажеттілігі, ерекшеліктері және қиындықтары.
- •4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.
- •4.3. Екінші ақпарат көздері
- •4.4. Зерттеу жүргізу тәртібі
- •5 Тақырып Халықаралық маркетингте нарықтарды сегменттеу
- •5.1 Мақсатты нарықты таңдау
- •5.3 Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу
- •5.4 Нарықтың тауарлық құрылымын талдаудың кейбір ерекшеліктері
- •5.5 Бәсекелік ортаны зерттеу. Бенчмакинг.
- •5.6 Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.
- •6 Тақырып. Халықаралық тауар саясаты
- •6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
- •6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
- •6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері
- •7 Тақырып. Халықаралық маркетингте тауарларды қаптау және таңбалама
- •7.4. Штрих коды.
- •7.1.Сыртқы нарықтардағы қаптаманың негізгі қызметі.
- •7.2. Сыртқы нарықтарда тауар қаптамасына әсер етуші факторлар
- •7.3. Тауарлардың таңбалануы
- •7.4. Штрих коды.
- •8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.
- •8.2 Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің деңгейін бағалау.
- •8.3 Шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері.
- •9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар
- •9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері
- •9.3 Белгілі бір елде оңтайлы сату бағасын анықтау
- •9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы
- •10 Тақырып. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы
- •10.1 Сыртқы нарықтардағы тауарларды өткізу саясатының мәні және әдістемелігі. Тауарларды өткізу каналдары
- •10.2. Өткізу нарықтарын таңдау. Тікелей өткізу
- •10.3. Нарықтық құрылымдар және сыртқы нарықтарда тауарларды өткізу. Жанама түрдегі өткізу.
- •10.4. Халықаралық логистика.
- •11 Тақырып. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты
- •11.1. Коммуникацияның маркетингтік құралдарының түсінігі.
- •11.2 Халықаралық жарнамалық шаралар тұжырымдамалары мен принциптері.
- •11.3. Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары.
- •11.4. Өнімді өткізуді ынталандыру.
- •12 Тақырып. Сыртқы нарықтарға шығу стратегиялары
- •12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері
- •12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау
- •12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары
- •12.4 Бірлескен кәсіпкерлік қызметінің негізгі нысандары
- •12.5 Нарық субъектілерінің халықаралық қызметінің нысаны ретіндегі франчайзинг ерекшеліктері
- •13 Тақырып. Импортты маркетинг
- •13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет
- •13.3. Кәсіпорында сатып алу қызметін ұйымдастыру
- •14 Тақырып. Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету
- •1. Сыртқы саудалық операциялардың топтастырылуы.
- •15 Тақырып. Халықаралық маркетингті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау
- •15.1 Халықаралық жоспарлаудың қажеттілігі
- •15.2 Халықаралық жоспарлау процесі
- •15.3 Халықаралық қызметті ұйымдастыру
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •Семинарда талқылануға арналған тапсырмалар мен сұрақтар:
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған.
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •11 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •4 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Халықаралық нарыққа шығу әдістері.
- •4 Тапсырма. Соңғы 20 жыл ішінде экономистер арасында қалыптастырылған бенчмаркингтің жеті қадамын суреттеңіз. Бұд қадамдар қандай әрекеттермен сипатталатынына тоқталыңыз.
- •1 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •3 Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
- •2 Тапсырма. Кестені толтырыңыз. Кәсіпорынды халықаралық маркетингке енгізу делелдері
- •12 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •№ 8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі
- •№ 9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға туралы ақпараттар
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Халықаралық маркетинг принциптері мен мақсаттары
- •17 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •Мазмұны
- •Халықаралық маркетинг
- •5В051300- Әлемдік экономика мамандығы үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
6 Тақырып. Халықаралық тауар саясаты
6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері
А) физикалық сипаттамаларына байланысты
б) қызмет көрсету ерекшелігіне байланысты
В) символдық сипаттамаларына байланысты
Г) өндірістің сәйкес шығындарына байланысты
6.1 Тауардың өмірлік циклі қағидасының халықаралық ерекшеліктері.
Нарықты зерттеуде тауар циклі қағидасы маңызды орын алады. Кез-келген тауар мәңгілік емес, ерте ме кеш пе нарықтан басқа уақыт талабына сай келмейтін немесе арзан тауар ығыстырылады.
Тауардың өмiрлiк циклі – тауардың өмiр сүретiн, нарықта айналатын, сұраным болатын, өндiрушiлер мен тұтынушыларға табыс әкелетiн уақыт кезеңi. Тауардың өмірлік циклі нарықта тауардың сатып алынатын уақыты.
Тауардың өмiрлiк циклі келесi кезеңдерден тұрады:
1) тауардың сатуға түсуi;
2) сұраныстың пайда болуына және өсуiне байланысты сатудың өсуi;
3) ең жоғарғы сату көлемiне қол жеткiзуге байланысты, кемелдену кезеңi;
4) берiлген тауардың нарықтық төмендеуi, сұранымның төмендеуi, өткiзудiң азаюы.
Бұл қағида өнімді жасау мен өткізу үшін, тауардың нарықта пайда болу сәті мен оны нарықтан алып тастағанға дейінгі уақыт аралығында маркетингтік стратегия жасау үшін қажет.
Тауардың өмірлік циклі оның нарықтағы болатын уақытының айқындалған кезектілігі ретінде беріледі. Тауардың өмір циклі серпіні сұраныс бар белгілі уақыттағы сатудың мүмкін көлемін көрсетеді. Әр түрліліктеріне қарамастан тауардың өмір циклінің негізгі кезеңдерін тауардың қағидасы ретінде бөліп көрсетуге болады: енгізу, сұраныстың өсуі, кемелдену (немесе тұрақтану) және құлдырау.
Бұлардың әрқайсысына сату көлемімен табыстың, маркетингке кететін шығынның, бәсеке дәрежесінің, баға диапазонының, тұтынушының іс-әрекеті мен олардың тауарға қатынастарының заңды ара салмағы тән.
Тауардың өмірлік циклін кез-келген тауардың нарықта пайда болған уақытынан бастап, оны сатуды тоқтатқанға дейінгі қозғалысын көрсететін қисық түрінде көрнекті көрсетуге болады.
Тауардың өмiрлiк циклi туралы айтқанда төмендегiлердi есте ұстаған жөн:
- тауардың өмiр сүру мерзiмi шектелген;
- нарықта тауардың өмірлік циклi бiрнеше кезеңдерден өтедi және олардың әрқайсысы сатушының алдында белгiлi бiр мүмкiндiктер ашады және белгiлi бiр мәселелер қояды;
- тауардың өмiрлiк циклінің әрбiр кезеңiнде пайда өседi немесе төмендейдi;
- тауардың өмiрлiк циклінің әрбiр кезеңi маркетинг, қаржы, өндiру, өткiзу және қызметкерлердi басқару облысында ерекше стратегия жасауды талап етедi.
6.2 Халықаралық тауар саясатын әзірлеу
Тауар саясатының болмауы кездойсоқ ағымдағы факторлардың әсерінен ассортимент құрылымының тұраксыздануына және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен коммерциялық тиімділігіне бақылауды жоғалтуға алып келеді.
Тауар саясатын әзірлеу және іске асыру келесі шарттардың сақталуын қажет етеді:
- Болашақтағы өндіретін, өткізудің және экспорттың мақсаттары туралы нақты көзқарас болуын;
- Кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметінің болуын;
- Нарықты және оның талаптарын жақсы білуді;
- Қазіргі кезеңдегі және болашақтағы өзінің мүмкіндіктері мен ресурстары (зерттеу, ғылыми-техникалық, өндірістік, өткізу) туралы анық көзқарастың болуын.
Әр түрлі шаруашылықтық деңгейде тауар саясатының міндеттерін шешу үшін стратегиялық тәсіл қажет. Бұл, осы саладағы қандайда болмасын шешім ағымдағы мүдделер тұрғысынан, бірақ ол соңғы мақсатқа қалай әсер ететіндігін ескеріп қабылдануы тиіс екендігін білдіреді.
Тауар саясатын сыртқы нарықтарда әзірлеу және іске асыру экспорттың болашақтағы мақсаттары және кәсіпорынның экспорттық қызметінің қалыптасқан стратегиясы туралы нақты көзқарастың болуын қажет етеді.
Өндіруші шетелдік нарыққа ұсынатын тауар бәсекеге қабілетті болуы керек. Маркетингте тауардың бәсекеге қабілеттілігі деп, оған нарықта басымдылық қамтамасыз ететін, бәсеке жағдайында тауарды тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жағдайлардың барлығы түсінеді.
Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі, бір жағынан нарықты таңдаудың дұрыстығына, екінші жағынан, тауардың өзіне тән сапаларының жиынтығына байланысты болады.
Халықаралық тауар саясаты экспортшының сыртқы нарыққа шығаратын тауар ассортиментін тиімді қалыптастыруын қажет етеді.
