Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

15.2 Халықаралық жоспарлау процесі

Халықаралық жоспарлау процесі төрт фаза арқылы іске асырылады.

1. Кәсіпорынның мақсаттарына және ресурстарына байланысты нарықтарды талдау және таңдау фазасы. Сыртқы экономикалық байланыстарға тартылу дәрежесі қаншалықты болса да, кәсіпорын бар тәжірибесімен, өндірілетін тауарларымен, өзінің мәдениетімен, мақсаттарымен және әр түрлі нарықтардың сипаттамасымен, үздіксіз тұрақты сәйкестікті ұстауға ұмтылады. Осы мақсатта таңдау өлшемдерін белгілеудің маңызы зор. Оларға мыналар жатады: ең төмен әлеует, инвестицияның ықтималды өтелу кезеңі, ағымдағы пайданың белгілі бір деңгейі және т.б. Бұл қадамдар сыртқы нарықтың игерілуімен бірге ақпараттарды алу және жобаларды іске асыруды бақылауға байланысты күш-жігер ұсталып тұрған жағдайда ғана тиімді болады. Бұл күш-жігерлер кәсіпорынға ұсыныстарды және сол нарықта іс-әрекеттің басталуы туралы мүмкіндік болған коммерциялық шешімдерді бейімдеу үшін, әлеуетке, тәуекелге және мүмкіндіктерге нақты баға беруге қажетті мәліметтерді иеленуге мүмкіндік береді.

2. Ұсынысты бейімдеу фазасы.Бұл стратегиялық фазаның мақсаты – ұсыныс көлемін анықтау үшін әр түрлі элементтердің, тауардың, бағаның, өткізу жүйесінің, коммуникацияның бейімделу дәрежесін өлшеу. Бір мәселе – ұсынылатын өнімнің мәдени ортасына қатысты идентификациялау феноменін, тұтыну тәсілін, сатып алу жиілігін және т.б. өлшеу.

Әңгіме әр түрлі елдер арасында өткізу, баға және несие саясаты, жалпы байланыс саласы, оның ішінде жалпы ақпарат құралдары, хабарлардың мазмұны және табиғаты, жарнама компанияларының шығындары және т.б. әжептәуір айырмашылықтарды мұқият түрде зерттеу туралы болады. Бұл фаза кезінде кәсіпорынның ұсыныстарының жүзеге асырылуына және нарықтың ерекше жағдайына бейімделу шығындарына баға беруі тиіс. Ол өз кезегінде екінші рет нарық таңдауға мүмкіндік береді.

3. Маркетинг жоспарын әзірлеу фазасы. Қол жеткен нәтижелер негізінде көзделген нарыққа бейімделген жоспар әзірлеуге болады. Жоспар не істеу керектігін, кім, қандай жолмен және қандай мерзімде оны іске асыратынын нақтылайды. Шығындар мен қаржылар туралы сұрақ басты болады, себебі ол жоспардың табыстылығын немесе адымдарға әсерін тигізеді. Тіпті әрекеттердің келіспеушілігі мен бейімделмеуінен көрінуі мүмкін.

4. Іске асыру және бақылау фазасы. Сыртқы экономикалық салада коммерциялық жоспарды іске асыру тек қана оң шешім қабылдаумен шектелмеуі тиіс. Іске асырылатын күш-жігер негіздеу және нарықты игеру жоспарынан мүмкін болатын ауытқуларды ертерек анықтау үшін мониторинг немесе бақылау жүргізуді қажет етеді. Ол үшін нақты белгіленген басымдылықтардың болуы ғана емес, сонымен бірге қайшылықтарға баға беруге және реттегіш шешімдер әзірлеуге қажетті ағымдағы іс-әрекеттерге байланысты қол жеткен арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Стратегиялық жоспарлау процесі тұйықталған жүйе болып табылады. Оның іске асырылуы екі жағдайдың орындалуымен байланысты, олар – бақылау және икемділікті қамтамасыз ету. Жүйелі түрде бақылау нәтижелерді өлшеуге және ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді. Икемділікті қамтамасыз ету қажетті реттеулер енгізуге жағдай жасайды. Сондықтан, кәсіпорын осы екі сипатын да дамытуға тырысуы керек.