Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы

Үш түрлі тәсілге – шығындар, сұраныс және бәсекеге негізделіп кәсіпорындар, нарықына шығатын елдерге байланысты әр түрлі сатыс бағасын белгілейді. Бұндай механикалық тәсіл тарифтеу бірлігі мәселесін түғызады, жалпы пайданы оңтайландыруға қажетті заңдық қазыналық факторларды есепке алуға мүмкіндік бермейді.

Тарифтеуге елдік тәсіл қажет. Бірақ ол инвестициялардың әуелі бір елге, сосын басқа елге және т.б. бағатталатын каскад типтес халықаралық дамуын мәңгілендірмеуі тиіс. Нарықта барлық аймаққа жаһандық тәсіл қолдану қажет.

Белгілі нарықтағы тарифтер бірлігінің қажеттілігі. Кәсіпорын көптеген елдерде филиалдарымен және экспортпен белгілі болған кезде, бір клиенттің әр түрлі нүктеде оның тауарына қызығушылық білдіретініне дайын болуы тиіс. Шындығында, өндіріс тауарларының кәсіпқой сатып алушысы немесе дистрибьюторлық топтың сатып алу бөлімі тұрақты түрде халықаралық деңгейде кеңес алады. Белгілі бір тауарға немесе қызметке белгіленген баға біраз ерекшеленетін болса, және ол тауар бір трансұлттық корпорацияға ұсынылса, тұтынушының үлкен сенімсіздігі тууы мүмкін. Бұндай қауіпті азайту үшін кәсіпорын мынандай жұмыстар жасауы тиіс:

  • өз филиалдары мен агенттерінің талап етулері бойынша шетелден келетін сұрауларға жауап беру тәртібін анықтау қажет;

  • хабарланған бағаның айырмашылықтарын түсіндіретін сенімді дәлелдер дайындау керек;

  • бұл айырманың үлкен болмауын қадағалау қажет, бұл арада жергілікті талаптарға сәйкес бейімделу мен жаһандық бір тұтастыққа ұмтылу арасында ымыраға келу қажеттігі туындайды.

  • Баға айырмашылығының басқа себебі «қосарлы экспорттық айналымның (сатыстық)» пайда болу мүмкіндігі. Бұндай іске дистрибьюторлар ынталы. Олар кәсіпорын тарапынан нашар немесе мүлде бақыланбаған жағдайда екі ел арасындағы баға айырмашылығын өз пайдасы үшін пайдалануы мүмкін.

Ішкі трансферт шығындарының әсері. Трансұлттық топтық көзқарасы бойынша әрбір филиалдың іске асырған пайдасы жалпы жаһандық нәтиженің бөлігі болып табылады. Осыған байланысты қолайлы жағдайды пайдалану немесе кедергілерді айналып өту үшін, әр елде алынған сомалармен айла - шарғы жасау мүмкін болады. Филиалдың қызметінің нәтижесін жақсы бағалау үшін соңғы немесе аралық өнімнің трансферттік бағасы қолданылады. Сонымен бірге көрсетілген қызметтерге, басқару шығындарына, қызметкерлердің іс-сапарын төлеуге, патенттер мен лицензияларды төлеуге, жалпы шығындарға қатысуға және т.б. шарттар жасалады. Бұндай тәжірибеден алынатын ұтыс төмендегідей [8, б.547] :

- қолдампаздық елдерде орналасқан филиалдарға трансферт жасағанда кедендік бажды төмендету;

- жоғары деңгейде салық салынатын елдерде орналасқан филиалдардың қызметінің жалпы қорытындысын төмендету жолымен салықты азайту;

- бастауын шек қоюға рұқсат етпейтін немесе валюталық операцияларды бақылау жолымен ондай әрекеттерді жазалайтып елдерден алатын қаржы ағындарын репатриация жасау мүмкіндігі.

Либерализм тұрғысынан өте жақсы негізделген бұндай тәжірибе бірталай мәселер тудырады. Бұндай қызметтің құрбаны болған елдер әрекетсіз, сылбыр күйде қалмайды. Олардың үкіметтері міндетті ақша бөлу базасын құрайтын барлық шығындарды негіздеуді талап етіп, қарсы шара қабылдайды. Индия немесе Латын Америкасы елдері трансұлттық корпорациялардың трансферттік бағаларын тексеру үшін халықаралық келісімдер тәжірибесін қолданады.

Халықаралық баға саясатында барлық факторларды зерттеу мәселенің күрделі екендігін көрсетеді. Оны шешу жергілікті сұраныс және бәсеке жағдайын өте жақсы білуді қажет етеді. Сонымен бірге әр бір жеке алынған елде есептеу әдістерінің өзгешеліктеріне қарамай өзіндік құнды анықтауға мүмкіндік беретін басқару жүйесін керек қылады. Мәселені бұлай шешу топтың жаһандық міндеттерін, сонымен қатар әрбір филиалдың, агенттің немесе басқа әріптестіқ міндеттерін нақты анықтауды қажет етеді.

Әдебиеттер: 1 - 40