Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9 Тақырып. Халықаралық баға саясаты

9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар

9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері

9.3. Белгілі бір елде оңтайлы сату бағасын анықтау

9.4 Базарға сәйкес келетін баға стратегиясы

9.1 Әлемдік нарықтардағы бағалық стратегиялар

Халықаралық маркетингте қолданылатын негізгі бағалық стратегиялардың мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырамыз.

“Қаймағын алу” стратегиясы тауарды әдепкіде өндіру бағасымен бірге, барлық шығындар, орта және монополдық пайда кіретін, жоғарғы баға бойынша сатуды қарастырады. Бұл стратегия патенттермен қорғалған жаңалық тауарлар үшін тән. Стратегияның бұл кең тараған типі салынған қаржылардың тез қайтымдығын қамтамасыз етеді, бірақ ол сұраныстың бағадан икемділігі жеткілікті деңгейде төмен тауарлар мен нарықтар үшін ғана тиімді. “Қаймағын алу” стратегиясы тауардың өмірлік циклінің енгізу кезеңінде ерекше белсенді қолданылады. Бұл кезде сұраныстың ұсыныстан басымдылығы байқалады және фирма сол тауарды өндіру мен өткізуде монополдық жағдай алып тұруы мүмкін.

Төмен баға стратегиясы немесе “бұзып өту” стратегиясы, сұранысты ынталандыру, бәсекелес тауарларды ығыстырып шығару және жалпы нарықты жаулап алу мақсатында тауарларды төмен бағамен сатуды қарастырады. Бұл стратегия сұранысының икемділігі төмен тауарлар үшін де қолданады. Бірақ қазіргі жағдайда оны пайдалану біраз қиындыққа тап келеді, себебі баға көтеру өте күрделі. Сондықтан, қазіргі кезде бұл стратегияның түрлендірілген нысаны өте жиі пайдаланылады: төмен бағалар фирмаға нарыққа “бұзып өтуге” мүмкіндік береді, бірақ кейін бағалар көтерілмейді, сол деңгейде ұсталады. Пайда болса сатыстың жалпы көптігінен қамтамасыз етіледі. Бұндай әрекеттер үшін сұраныстың икемділігі жоғары болуы керек, ал сол тауар бойынша оның өндіру және өткізу көлемінің өсуімен байланысты өнімнің бірлігіне есептегенде, өндіріс және айналым шығындарының қысқаруы байқалуы тиіс.

Сараланған баға стратегиясы әр түрлі нарықтар, сегменттер және сатып алушылар үшін орта баға деңгейіне мүмкін болған шегермелер мен үстемелер белгілейтін фирмалардың саудалық тәжірибесінде белсенді пайдаланылады. Бұл стратегия әр түрлі нарықтарда әр түрлі тауарлардың сатысын ынталандыру немесе тежеуге, әр түрлі сатып алушыларды “көтермелеуге” немесе “жазалауға” мүмкіндік береді. Оның түрлері ретінде жеңілдікті стратегия және кемсітушілікті бағалық стратегияларды санауға болады.

Біріңғай баға стратегиясы тауарды каталог, үлгі бойынша, сәлемдемелік сауда арналары арқылы өткізгенде пайдаланылады. Бұл жағдайда ол өте қолайлы және тұрақты клиенттер шеңберін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бағалық жетекші стратегиясы танымал жетекші – фирманың берілген нарықтағы нақты тауарының бағасының қозғалысы мен сипатына өзінің бағасының деңгейін “байлауды”, немесе жетекші фирма өзінің тауарға бағасын өзгерткен жағдайда, сол нарық, болмаса сегментте фирманың өз тауарларының бағасына түзету енгізетіндегі туралы жасырын келісім жасауын қарастырады. Бұндай стратегия өздерінің бағалық стратегиясын әзірлеуге мүмкіндігі жоқ немесе жүргізгісі келмейтін фирмалар үшін тартымды, бірақ ол жеткілікті дәрежеде қауіпті, себебі белгілі бір деңгейде фирманың ынтагерлігін тежейді.

«Залалды жетекші» стратегиясының (немесе кешенді сатысты ынталандыру) мағынасы мынада, тауар кешеніндегі жетекші-тауар төмен бағамен өткізіледі, ал басқа жаңалық иеі кешеніге кіретін бұйымдар, монополдық пайданы кіргізетін баға бойынша ұсынылады. Нәтижесінде фирма мақсатты пайда алады. Бұл статегия басқа стратегияларды пайдалану қиын болғанда немесе тіпті мүмкін болмағанда, тауардың өмірлік циклінің соңғы кезеңінде пайдаланылады.