Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

13 Тақырып. Импортты маркетинг

13.1.Сатып алу маркетингінің мәні

13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет

13.3. Кәсіпорында сатып алу қызметін ұйымдастыру

13.1. Сатып алу маркетингінің мәні

Сатып алу маркетингі соңғы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндіктері бар, тауарларды алу есебінен жабдықтаушылармен жұмыс жасау кезеңінде бәсекелік ерекшеліктерді алу үшін қызмет етеді.

Бұл жағдайда келесідей міндеттер шешіледі:

Тұтынушының сұранысына ие болатын, тауарларды сатып алу;

Сатып алу үдерісі көтерме саудамен айналысатындарға экономикалық тұрғыда тиімжі болып табылуы тиіс (шегерімдер алу, төлемді кейінге қалдыру);

Ақауы бар тауар кездескен жағдайда көтерме бағамен сатушы оны алмастырылу мүмкіндігін иеленуі тиіс.

Дүкеннің сатып алу маркетингі, көтерме сауда жүргізетін компаниялардан бірқатар айырмашылықтары бар, ол өндірушілердің ұсыныстарының кең ауқымымен, сонымен қатар көптеген ірі және ұсақ көтерме бағамен жұмыс істейтіндер есебінен үлкен мүмкіндіктерді иеленеді.

Дүкеннің сатып алу саясаты, бір жағынан бәсекелі сатып алушы сұранысына, ал екінші жағынан аталған тауардың пайдасының қажетті үлесін алу мүмкіндігіне бейімделеді.

ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап, дамыған елдерде сатып алулар маңызы жоғарлай бастады. Олар техникалық қызметтен әріптестік қатынастар маркетингі принциптерінде іске асырылатын, ауқымды стратегиялық маңызы бар қызметке ауыстырылды. Бұл қарқын келесідей негізгі факторлар негізінде іске асырылады:

  • нарықта мамандануды нығайту (дайындаушы – компаниялар сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге көбірек байланысты бола бастады);

  • фирманың жалпы шығындарындағы материалды құрамдастырушылардың үлес салмағының ұлғаюы;

  • сатып алынатын өнімдердің және құрамдастырушылардың техникалық күрделілігінің өсімі.

13.2. Кәсіпорындағы сатып алу қызметі және коммерциялық қызмет

Өндіруші – кәсіпорын өндірілетін өнімге байланысты талап етілетін сапаны ескере отырып, шикізаттарды, құрамдастырушы бөлшектерді сатып алады. Сатып алу үдерісі бірқатар тізбектік қадамдардан тұрады:

а). санын анықтай отырып, нақты тауардағы, нақты бір тауар белгісіндегі қажеттіліктерді анықтау;

б). бір жабдықтаушыдан сатып алынуы қажет етілетін, ассортименттегі қажеттіліктерді анықтау;

в). жабдықтаушыларды бағалау кезінде бастапқы негізді құрайтын критерийлердәі анықтау және олармен келіссөздер жүргізу (экономикалық, маркетингтік, техникалық, логистикалық талаптар); г). нарықты маркетингтік зерттеу әдістерімен іздеу және талдау;

д) жабдықтаушыларды таңдау және олармен келіссөздер жүргізу;

е) сынақтағы тапсырыстарды орналастыру;

ж) нәтижелерді бағалау;

з) ұзақ мерзімді келісім – шарттарды қорытындылау.

Жабдықтаушыларға негізгі талаптарды қалыптастыруға болады:

  • танымалдылық (сауда маркасінің танымалдылығы);

  • сенімділік;

  • қол жеткізушілік;

  • бірлескен жұмысқа мүдделілік;

  • өзінің өнімін өткізудегі маркетинг ролін түсіну;

  • жеткізудің минималды мерзімдері;

  • өзіне тәуекел үлесін алу, мысалы, тасымалдаумен байланысты тәуекел.

Жабдықтаушыларды таңдау кезінде көтерме компания бір жабдықтаушыға (тапсырыстарды шоғырландыру принципі) тоқталу немесе бірнеше жабдықтаушыны (тапсырыстарды ) таңдау бойынша сұрақтарды шешеді.