Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5.3 Нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу

Таңдап алынған нарықта орнығу мақсатын қойған кәсіпорын, оның бәсекелік ортасын талдауы қажет. Нарықтағы жағдай монополдық (олигополдық) немесе бәсекелік сипатта болуы мүмкін. Соған байланысты кәсіпорынның өткізу саясаты құрылуы тиіс. Таңдап алынған нарықта тұрақты жайғасым табу үшін кәсіпорын жеткілікті деңгейде талдау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ол үшін келесілерді анықтауы қажет:

а) таңдап алынған нарықтың негізгі қатысушыларын және олардың мінез-қүлықтарындағы ерекшеліктерін;

б) мүмкін болатын одақтастарын және нақты қарсы-ластарын.

Нарықтың фирмалық құрылымы келесі топтарға бөлінуі мүмкін:

а) контрагент фирмалар (сатып алушының фирмалары);

б) делдал-фирмалар;

в) бәсекелес-фирмалар;

Контрагент – фирмалар - кәсіпорынның экспорттық өнімін сатып алушылар (нақты, әлеуетті). Кәсіпорын неғүрлым бұндай фирмалардың көбімен байланыс жасаса, соғүрлым жақсы деп саналады.

Контрагент-фирманы таңдау. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде қандай да болмасын кәсіпорын үшін әріптес туралы алдын ала мағлұмат жинау әдеттегі іс болып табылады.

Әріптестің сенімділігі туралы баға беруге қажетті мағлұматтар төмендегідей болуы мүмкін:

  • ресми тәртіппен компанияның тіркелу факті;

  • компанияның құрылу мерзімі, заңдық адресі, егер заңдық адресінен айырмашылығы болса бизнес адресі;

  • компанияның филиалдары мен өкілдіктері, олардың адресі;

  • жарғылық капитал немесе төленген жарғылық капитал көлемі;

  • құрылтайшылардың аттары, саны, мекен жайы және олардың компанияның жарғылық капиталындағы үлесі;

  • компанияның директоры, компанияның хатшысы;

  • компанияның қызметінің өткен жылғы қаржылық нәтижелері, алынған пайдамен бірге.

Фирмалар туралы консалтингтік және басқа компаниялар ақпараттык анықтамалар береді.

Делдал-фирманы таңдау. Делдал-фирманы таңдауда келесі критерийлер қолданылады:

- делдалдың белгілі тауармен жұмыс істеуге қажетті білімі мен тәжірибесі болуы керек;

- делдалдың қаржылық жағдайы және іскерлік беделі танылған стандарттарға сәйкес болуы тиіс;

  • делдалдың қажетті сауда-қоймалық инфрақұрылымы болуы керек;

  • делдал таңдап алынған нарықта мүмкіндігінше тек қана сіздің фирмаңызға қызмет етуі тиіс. Кейбір жағдайларда, яғни сіздің нақты бәсекелесіңіз болып табылмайтын фирмаға қызмет көрсетсе, ондай делдалмен жүмыс істеуге болады.

Делдалдар құрамында маманданған коммерциялық фирмалармен катар қаржылық құрылымдар мен ұйымдар, көлік-экспедициялық қызметтер, жарнамалық агенттіктер, консалтингтік фирмалар, сақтандыру агенттіктері және тағы басқалары да болады.

5.4 Нарықтың тауарлық құрылымын талдаудың кейбір ерекшеліктері

Сыртқы базарға шыққандағы зерттеудің басты бағыты нарықтың тауарлық құрылымын талдау болып табылады. Ол үшін мыналарды зерттеу керек:

  • базарда айналымдағы тауарлар мен қызметтердің техникалық деңгейі мен сапасы;

  • логистикалық ерекшеліктері;

  • қажетті сервистің деңгейі;

  • тұтынушының тауарға талабы.

Мақсатты базарға қажетті өнім әкелуді анықтайтын базардағы нормалар мен стандарттар, қауіпсіздік техникасы тәртіптері, мемлекеттікжәне басқа да ұйымдардың регламентацияларына ерекше көңіл аудару қажет. Мысалы, машина-техникалық тауарлар халықаралық стандарттау ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес өндірілсе, онда жеткілікті дәрежеде бәсекеге қабілетті бола алады. Нарығының тауарлық құрылымын зерттеу кәсіпорынға оның экспортталатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін және таңдап алынған базарда мүмкін болатын болашағын анықтауға мүмкіндік береді.

Нарықтың тауарлық құрылымын зерттегенде тауарды мақсатты нарықта жайғастыруға көңіл бөлу керек.

Жайғастыру бағдарламасын әзірлегенде келесі алты сұрақ маңызды деп саналады.

Біріншіден, сіздің тауарыңыз, қызметіңіз және т.б. қандай орын алады?

Екіншіден, сіз олардың қандай орын алғаның қалар едіңіз?

Үшіншіден, сіздің тауарыңыз, қызметіңіз және т.б. сіздің мақсатты нарықта алғыңыз келген орынға сәйкес келе ме?

Төртіншіден, сіздің бәсекелестеріңіз кімдер, кімге сіз қысым көрсетуіңіз керек?

Бесіншіден, ойға алған мәселелерді іске асыру үшін компанияның қаржылары жеткілікті ме?

Алтыншыдан, компания басшылығының таңдап алған мінез-құлықтық ұстанымын жүргізуге шешімділігі жете ме?