Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

11.3. Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары.

Жарнамаларды таратудың халықаралық құралдары - әр алуан. Жарнамалаудың процесі- ол ақпаратты тарату. Оның мазмұнымен қоса пайдаланатын құралдары маңызды. Сондықтан оны жеке сұрақтардан бөліп қарастырмау қажет. Интуиция арқылы таңдалған сұрақтар көп жағдайда мақсатты аудиторияға 60% -ға дейін жетеді.

Жарнама таралу құралдарының талдауының ең таралған және қымбат түрі теледидардан басталады.

Теледидардағы жарнама - егер бюджет мүмкіндік берсе, бұл табысты бастама. Кейбір тауар түрі теледидар арқылы жарнаманы қажет етпейді, бірақ көптеген тауарлар үшін ол өте тиімді. Себебі ол тұтынушыға тауардың артықшылықтарын және оны пайдалану мүмкіндіктерін көруге жағдай жасайды. Жарнаманың қол жетерлігі және қайталанушылығы- маңызды факторлар болып табылады. Сонымен қатар жарнамалық хабарландырулардың сапасы және сендірушілігі өте маңызды . Теледидар жаппай ақпарат құралы ретінде тауарды жарнамалағанда өте көп пайда келтіре алады. Бірақ кері нәтиже болуы да мүмкін.Егер тауардың сапасы төмен болса, онда жарнамалық кампания сол тауар үшін зиянды болуы да мүмкін. Оның сенімділігі- қажетті шарт.

Жоғары сапалы коммерциялық жарнама- жарнамалық құралдың өте қымбат түрі. Американдық теледидардың 30 секундтық жарнамасы орташа 100 мың доллар тұрады.Теледидар арқылы жарнама АҚШ- та, Ұлыбританияда және Жапонияда кең таралған. Дамыған елдердің көпшілігінде теледидар бойынша жарнаманың орташа шығыны жарнамалық шығынның жалпы көлемінің 10% - ын құрайды, және ол барлық жарнама түрлері ішінде үшінші орын алады.

Кейбір елдерде, телекөрермендердің мүдделеріне есептелген, көп арналы бағдарламаларды қосуға мүмкіндік беретін, кабельдік теледидарлар кең таралды.

Радиодағы жарнама- эмоционалдылық арқылы қандай да болмасын халықаралық жарнаманы қолдау үшін өте керемет құрал болып табылады.

Радио тиімді, себебі ол тікелей және зорлықсыз тауар бейнесін қалыптастырады. Радионың басқа артықшылығы, тауардың оң сапасы туралы хабарды, жеңіл есте қалатын әуен арқылы қолайлы уақытта беру мүмкіндігі болып табылады. Құнының салыстырмалы төмендігі (теледидармен салыстырғанда) жарнаманың қажетті қайталанушылығына және қол жетерлігіне мүмкіндік береді. Радиожарнама басқа жалпы ақпарат құралдары тұтынушыға жетпейтін жерде де оны таба алады. Ол жарнамалық кампанияның өзгерістеріне де тез бейімделе алады, себебі радиода жарнаманы дайындауға көп уақыт кетпейді. Өндірістік шығындары да салыстырмалы төмен.

Радиодағы жарнама барлық елдерде бірдей қолданыла бермейді. Кейбір радиохабары мемлекеттің қолындағы елдерде коммерциялық жарнама ны радиода беруге тиым салынған. Бұл скандинавия елдері (Швеция, Норвегия, Финляндия), және де Франция, Бельгия, Дания, Швейцария. Ұлыбритания мен Германияда радиодағы коммерциялық жарнама мөлшері өте аз, себебі оны сол елдердің үкіметтері шектейді. Радиожарнама АҚШ, Жапония, Италия, Россияда кең таралған.

Киножарнама киноның үлкен мүмкіндіктеріне және танымалдылығына байланысты кең таралды. Жарнаманың бұл құралы батысеуропа елдерінде көп таралған, бірақ ол АҚШ пен Жапонияда мүлдем қолданылмайды. Жарнамалық кинофильмнің объектісі бір фирма сататын тауар (бір немесе бірнеше); тұрмыстық, көліктік-қызметтер; туристік маршруттар; өнеркәсіптік және саудалық фирмалар, әмбебап магазиндер, ресторандар, банктер, сақтандығу қоғамдары және басқалары.

Тысқы немесе сыртқы жарнама шетелдерде басқа жарнамалық құралдардың ішінде маңызды рол ойнайды. Тысқы жарнамаға көшедегі, көліктегі, жарықтық жарнама жатады.

Сататын жердегі жарнамалар. Бұл жарнама магазиннің, көрсету залының, салонның ішінде немесе сыртында жасалады.Сататын жердегі жарнаманың негізгі түрлері келесілер: витриналар, магазиннің сыртын бейнелеу, магазиннің ішіндегі және сыртындағы плакаттар мен афишалар, магазиннің, көрсету залының немесе салонның ішінде тауарды тұтыну кезінде көрсету және т.б.

Сатысты ынталандыру бойынша жарнамалар. Бұл жарнама тұрақты конрагенттерге, және бөлшек тұтынушыларға тегін сыйлықтар, тауар үлгілерін, сый ақылар беруді қарастырады. Жарнамалық сыйлықтар сатысты ынталандыру мақсатында беріледі. Олар сатып алушылардың естеріне сол таурларды жіберген фирмаларды немесе магазиндерді салып отырады. Жарнамалық сыйлықтар немесе кәдесыйлар ретінде әдетте арзан заттар - қойын кітәпшалар, күн тізбелер, автоқаламдар, тьемекі сауыттары, оттықтар, күл салғыштар, белгілер пайдаланылады.

Сыйлықтарбөлшек сатып алушыларға белгілі бір сомаға бір немесе бірнеше таурлар сатып алғаны үшін, сонымен қатар мерзімсіз тауарлар сатқаны үшін беріледі (мысалы, жылыту аспаптарын немесе тондарды жаз айларында). Сыйлық ретінде әдетте арзан үйде қолданылатын тауарлар, косметикалық бұйымдар, азық-түліктер, ойыншықтар және басқалары. Бұл жағдайда, қандай зат белгілі бір тауарды сатып алғанда берілетіндігі алдын ала хабарланады.

Халықаралық нарықта тауар үлгілері әлеуетті тұтынушыларға олардың сатып алуға қызығушылығын туғызу үшін, жарнамалық тауармен жақсы таныстыру мақсатында беріледі. Үлгілерді жіберу косметика, парфюмерия, азық-түлік тауарлары,темекі бұйымдары және т.б. саудасында өте жиі қолданылады.

Тауарды ресімдеудегі жарнама. Бұл тауарды буып түю (этикеткалар, қораптар, флакондар, пакеттер). Жақсы ресімделген бума- әлеуетті тұтынушының көңілін аудару және жарнамаланған тауарды сатып алуға оның ынтасын тудырудың белсенді құралдарының бірі болып табылады. Өзіне өзі қызмет көрсету магазиндерінде, жөнелтілім саудаларында бума сатушының көптеген фунцияларын орындай бастады. Ол ең алдымен тауар туралы ақпараттық материалдар беруі болып табылады: оның бағасы, салмағы, пайдалану мерзімі, пайдалану және дайындалу тәсілі.

Тауарды көрсетудегі жарнама. Тауарларды жәрмеңкелерде және көрмелерде, үлгілер бөлмелерінде, консигнациялық қоймаларда көрсету.- жарнаманың өте сенімді құралы. Ол сатып алушыға, тауардың қасиеті және артықшылықтары жайлы сендіріп, әсер етеді. Бұл ерекше машиналарды, құрал - жабдықтарды және аспаптарды көрсетуге қатысты. Әлеуетті тұтынушыларды соның арқасында шығарылатын өнімнің сапасының жоғарылығы, конструкциясының қасиеті, өнімділігінің жоғарылығына сендіруге мүмкіндік туады. Көрсету уақытында сату шарттары, бағалары,жеткізу мерзімі және басқалары туралы ақпарат алуға болады

Паблик рилейшнзге тек тауар ғана емес, сонымен қатар фирманы жарнамалау да кіреді. Өндіруші фирманың ғылыми зерттеу, осы заманғы жобалау, өндірістің алдыңғы қатарлы әдістері және жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылғандығы, сатып алушыларға сапалы қызмет көрсетудегі жетістіктері насихатталады. Кәсіпорынның жалпы саясаты, оның тарихы, іскерлік біліктілікті көтерудің зауыттық жүйесі, жеке басшы қызметкерлер және басқалары танымалдылық объектісі болып табылады.

Интернеттегі жарнама. Интернеттің пайда болуы және кең тарауы ақпараттық технологияның дамуында жаңа қадам және сөзсіз жалпы коммуникацияның және оның құрамды бөлігі маркетингтік коммуникацияның дамуында жаңа кезең болды.

Интернет жүйесі өте үлкен коммуникациялық мүмкіндіктерге қол жеткізеді: мәтіндіктен мультимедиялыққа дейінгі қандай да болмасын түрімен жұмыс істеуге, жер шарының қандай да болмасын нүктесінен нақты уақыт режимінде толық ақпарат алуға (100-ден астам ел Интернетке шыға алады) және тұтынушылардың шектеусіз санына таратуға.

Сонымен қатар, Интернеттегі ақпарат қатаң құрылымданған, оны жіберу және алу шағын нұсқада іске асырылады. Онда толық ақпарат енгізілген қайнарға сілтеме беріледі.