Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.2 Халықаралық маркетингтік зерттеудің мақсаттары мен түрлері.

Кәсіпорындардың өз тапсырыстары бойынша жүргізілетін ұлттық немесе халықаралық маркетингтік зертеулердің нәтижесіне қанағттанбауы олардың мақсаттары мен келісім шарт жағдайының анық белгіленбегенділігімен түсіндіріледі. Зерттеу мақсаттары ақпаратты, орындаушыларды, әдістер мен технологияны таңдауды қажет етеді.

Халықаралық маркетингтік зерттеулерді 4 түрге бөлуге болады:

  1. Жалпы және алдын ала зерттеулер.

  2. Шетелдік нарықтың қызмет ету ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеулер

3.Тестілер.

4. Филиалдар құрұ алдындағы арнайы зерттеулер .

4.3. Екінші ақпарат көздері

Ұлттық экспортты дамытудың маңыздылығы және ел кәсіпорындарының табысты интернационалдандырылуы заңды мәселе. Бұл міндеттерді шешуге мемлекеттік сектор (Сауда Палаталарының консулдық қызметтері) және салалық бөлімшелер жұмылдырылады. Аталған ұйымдардың қолындағы басты құралы шетел нарықтары туралы ақпараттар және оларды ел кәсіпорындарына беру.

Әр түрлі құжаттардан жиналатын ақпараттар екінші деп аталады. Ал бірінші ақпаратты кәсіпорын өзі жинайды. Қазіргі кезде басты мәселе екінші ақпараттарды көп жинау емес, оларды үйлестіру және қолдануға ыңғайлы күйге келтіру. Яғни жиналатын мәліметтердің негізгі көлемін жалпы қолдануға ыңғайлылығы мен кәсіпорынның ерекше сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігін біріктіру керек.

Мысалы Францияда екінші ақпаратты арнайы экспортшы – кәсіпорындарға көмек үшін құрылған ұйымдар, немесе экспортқа байланысты қызмет көрсетуші ұйымдардан алуға болады.

Арнайы ақпараттық ұйымдар

А. Сыртқы сауда Француздық орталығы: ақпараттарды жинау және тарату оның үш функциясының бірі, ал қалған екеуі француз кәсіпорындарына кеңес беру және француз тауарларын шетелге ығыстыру.

Б. Экономикалық Экспансия бекеттері. Сыртқы экономикалық қатынастар дирекциясының 131 елде 184 сыртқы қызмет бекеті бар. Оларды сауда кеңесшілері басқарады. Оларға сауда атташелері мен өкілдері көмектеседі. Әр түрлі елдерде 2500 мамандар әр салада жұмыс істейді: материалдық-техникалық жабдықтау, заң, фискалдық мәселелер және т.б. Олар француздық сыртқы сауда орталығының делдалдығымен жалпы мағұлматтар береді. Бірақ кәсіпорындар шетел тауарлары мен кәсіпорындары туралы айрықша анықтамалар қажет болған жағдайда оларға тікелей шығуы мүмкін.

В. Сауда-өндірістік палаталар. Кәсіпорындардың халықаралық маркетингін дамыту мақсатында кейбір аймақтық палаталар сыртқы нарықтар бойынша ақпараттық қызмет көрсету бөлімдерін құрды. Мысалы, Париждің сауда өнеркәсіптік палатасы сыртқы сауда нарығы және француздық экспортшы фирмалары туралы мәліметтері бар ТЕЛЭКСПОРТ және ФИРМЭКСПОРТ мәліметтер банкін құрып пайдаланады.

Г. Шетелдердегі француз сауда өнеркәсіптік палаталар. 50-ге жуық жеке меншік сауда палаталары шетелдерде орналасқан. Олар «экономикалық экспансия бекеттерінің» қызметтерін толықтыратын ақпараттық қызметтер ұсынады. Сауда өнеркәсіптік палаталардың тиімділігі әр түрлі елдерде бірдей емес. Олардың “елдер клубы” немесе “аймақтар клубынан” қолдау табатындығы болжамдалды. Сол себептен бір елмен айналысатын ұйымдар өз әрекеттерін үйлестіруді күшейтеді.

Д. Басқа ұйымдар. Басқа мемлекеттік, қоғамдық және кәсіби ұйымдар бар. Оларға экспортқа әсер ету, шетелдік филиалдар құру және технология беру міндеттері жүктелген. Бұл ұйымдарға Агроөндірістік сектордағы СОПЕКСА, Техника, өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтасу бойынша агенттік, француздық патронаттың ұлттық орталығы және олардың салалық бөлімдері жатады.