Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

3.1.Оқытушылар туралы мәлімет:

Нәбиев Ербоз Нәбиұлы – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Газизова Майя Ривелевна – магистр, оқытушы

Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы бас корпустың 448 кабинетінде орналасқан.

3.2 Пререквизиттері: (бұл курстың басталуына дейін зерттеп оқуды қажет ететін пәндер) - Экономикалық теория, Маркетинг.

3.3 Постреквизиттері: алынған білімдер диплом алдындағы тәжірибені өту мен дипломдық жұмысты жазу үшін қажет.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:

Халықаралық экономикалық қатынастар саласында маркетинг түсінігі белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Фирманың сыртқы экономикалық қызметіне байланысты маркетинг деп сыртқы базарда тиімді өткізу саясатын әзірлеу және белсенді түрде жүргізуге бағытталған қызмет түсініледі.

Оның дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық:

Шетелдегі маркетингтік қызмет тек өткізуді ғана қамтымайды, кәсіпорынның барлық функционалдық салаларын, яғни жабдықтау, ғылыми зерттеу әзірленімдері, өндіріс, қаржыны қамтиды. Бұл іс жүзінде шетелдік нарыққа бейімделген түрде басқару болып табылады.

Халықаралық маркетингтің жоғарғы түрі көпұлттық маркетинг –маркетингтік операцияларды әлемдік шаруашылық көлемінде іске асыру. Маркетингтік операциялардың соңғы түрі трансұлттық корпорацияларға тән (Т¦К)болып табылады.

Егер халықаралық маркетинг жағдайында фирма бір немесе бірнеше шетелдік базарға бейімделсе, өз елінде тауарларын шығарып, оны шетелге өткізсе, ал Т¦К –лар әртүрлі елдерде жұмыс істейді және шетелдік өндірістік, өткізу бөлімшелерін пайдаланады. Олар тұтас әлемдік базарда қызмет етеді.

Сонымен, халықаралық маркетинг кәсіпорынның тауар мен қызметті өз елінің сыртында өткізуге бағытталған кешенді іс –шарасы.

Әлемдік нарықтың қызметі бойынша негізгі, бәсеке жағдайында халықаралық фирмалардың іс-әрекеттері туралы көзқарастарды қалыптастыру.

Курсты зерделеудің міндеттері мен мақсаты:

  • Халықаралық маркетингтің негізгі түсініктерін ұғып білу;

  • Халықаралық маркетингтің принциптері мен мақсаттарын зерделеу;

  • Әлемдік нарықтың кызмет ететін субъектілерінің іс-әрекеттерін зерделеу;

  • Халықаралық коммерциялық бизнестің ұйымдастыру нұсқалары туралы көзқарасты қалыптастыру;

  • Халықаралық маркетингтік зерттеулерді тыңғылықты зерделеу;

  • Зерттеулерді жүргізу тәртібі және екінші ақпарат көздері туралы түсініктерді анықтау.

4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:

№

Жұмыс тұрі

Тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер тізіміне сілтеме

Орындау ұзқтығы

Бақылау форомасы (рейтинг – шкалаға сәйкес)

Балдар

(рейтинг – шкалаға сәйкес)

Есеп беру формасы

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Бақылау жұмысы

Теориялық білімді бекіту және тәжірибелік тәсілдерді дамыту.

Негізгі және қосымша әдебиеттер.

3-4 апталар

Ағымдық бақылау

50-100

Жазбаша жұмыс

5-ші апта

2

Реферат

Зерттеушілік әрекеттерді дамыту.

Негізгі және қосымша әдебиеттер.

7-ші апта

Ағымдық бақылау

50-100

Реферат мәтіні мен ауызша жауап

8-ші апта

3

Коллоквиум

Білімді тексеру

Негізгі және қосымша әдебиеттер.

13 және 14 апталар

Ағымдық бақылау

50-100

Ауызша

13 және 14 апталар (аралық бақылау тапсырған соң)

4

Белсенділігі үшін

Студенттердің білімдерін бекіту және жүйелеу, танымдық белсенділікті дамыту.

Негізгі және қосымша әдебиеттер.

1-15 апталар

Ағымдық бақылау

50-100

Ауызша

15 апталар