Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8 Тақырып. Шет ел нарығында фирманың және оның тауарының бәсекеге қабілеттілігі

8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.

8.2 Сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Тауардың бәсекелік қабілеттілігінің деңгейін бағалау.

8.3 Шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері.

8.1 Сыртқы нарықта фирманың бәсекеге қабілеттілігі.

«Басқару мәселелері бойынша Еуропалық форум» Халықаралық ұйымы кәсіпорындардың бәсекелік қабілеттілігінің түсінігін «бәсекелестерінің тауарларына қарағанда, тұтынушылар үшін бағалық және бағалық емес сипаттамалары бойынша тартымды болып табылатын, қалыптастырылған жағдайда фирманың жобалау, тауарларды өндіру және оны өткізудегі нақты және әлеуетті мүмкіндіктері жобалау» ретінде анықтайды.

Бәсекелік қабілеттілікті нақты бағалау үшін келесі үш жағдай маңызды болып табылады:

  1. Кәсіпорынның бәсекелік қабілеттілігі бағаланатын өнімі бір топтастыру тобына жатқызылуы тиіс.

  2. Есептеулер уақыттың нақтыланған ұзақтығы үшін жасалынуы тиіс;

  3. Нарықтың қарастырылатын географиялық шекарасы барлық талданатын кәсіпорындар үшін бірдей болуы тиіс.

Бәсекелік ортаның жағдайын бағалау, кәсіпорынды бәсекелік қабілеттілікті жоғарлатудың тиімді бағыттары туралы ақпараттармен қаматамасыз ететін сараптамалық кезеңдерді бейнелейді. Мұндай бағалау түрі бірқатар өзара байланысты жұмыстарды қамтулары тиіс:

А. Бәсекні реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерін анықтау. Мемлекеттік саясаттың келесідей маңызды элементтері анықталынады:

- монополияға қарсы саясат;

- бәсекені ынталандыратын қаржы саясаты;

- өнім экспрорты және импортын реттеу;

- өндірісте және өнімді өткізуде мемлекеттің қатысуы;

- мемлекеттік стандарттау;

- пайдалы қазбаларды өндіруді, шикізатқа, материалдарға, энергияға, суға, жерге бағаларды реттеу;

- патентті – лицензиялық саясат.

Б. Жаңа бәсекелестердің пайда болуының мүмкіндіктерін бағалау. Келесі факторларды ерекшелеу және бағалау ұсынылады:

- нарықтың сыйымдылығын және оның динамикасын;

- саладағы өндірістің ерекше түрі және онымен байланысты өндіріске, сонымен қатар өнімді өткізуге шекті шығындар;

- өнімнің саралану деңгейі;

- тарату каналдарына қол жеткізу;

- қосымша капиталдық салымдардағы қажеттілік;

- жеткізудің қолданылатын жүйесінің керітартпалылығы;

- әкімшілік кедергілер;

- нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейі.

В. Бәсекенің қарқындылығына өнімді тұтынушылардың әсерінің сипатын анықтау. Тұтынушылар бәсекеге түсетін кәсіпорындардың мүдделерін нарыққа әсер ететін арнайы құралдар көмегімен қақтығыстырады, бұл бағаның төмендеуіне, өнімнің сапасының жоғарлауына, тұтынылатын қызметтердің саны маен сапасының артуына алып келеді.

Г. Өнімді жабдықтаушылардың бәсеке қарқындылығына әсер етуі. Жабдықтаушылар саладағы бәсекелік күреске екі құрал көмегімен – жабдықталатын тауар және көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арқылы әсер етеді.

Д. Алмастыратын тауарлар тарапынан қауіпті бағалау. Алмастырушы тауарлар қауіпі нақтырақ болған сайын, көбірек болады:

- өндірілетін тауарды тиімді алмастырушылардың саны;

- өндіріс көлемі;

- түпнұсқа – бұйым және алмастырушы тауарлар арасында соңғының пайдасындағы бағалар бойынша айырмашылық.