Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

9.2. Сыртқы саудалық операцияларда қолданылатын баға түрлері

Сыртқы экономикалық қызметтің әр түрлі аспектілеріне байланысты, фирмалардың мақсаттары мен міндеттеріне техникалық және басқа да себептерге байланысты сыртқы сауда операцияларында әр түрлі бағалар кеңінен қолданылады.

Әлемдік нарықта айналымдағы бағалар әлемдік бағаға негізделеді, олардың ең кемінде үш ерекшеліктері бар.

  1. Әлемдік баға ішкі бағадан ауытқиды. Ішкі бағалар ұлттық құнға негізделеді және ұлттық өндірушілер шығындарын көрсетеді. Әлемдік нарық бағалары жетекші экспортшы елдер қалыптастыратын интернационалдық құнға негізделеді. Негізін-де, әлемдік баға ішкі бағадан төмен болады, арасындағы айырма 30%-ға жетуі мүмкін. Бұл жағдайда ол дайын өнімдерге, шикізат-тарға қарағанда жоғарылау. Ол дайын өнім әкелгендегі тарифтік және бейтарифтік кедергілердің жоғарғы деңгейімен байланысты.

  2. Әлемдік бағалардың көптігі, яғни бірдей тауарға бірнеше бағалар қатарының барлығы. Бұл көптік, әр түрлі сапа, жеткізудің әр түрлі шарттары мен мерзімдері, буып түю және т.б. байланысты. Сондықтан бағаны ақырғы белгілеу кезінде келесі реквизиттерді толық көрсету керек: сапалық сипаттар немесе тауардың шығу тегі; жеткізу шарттары; жеткізу мерзімі; буып түю.

  3. Әлемдік бағалардың тез “ескіруі”, бұл тауар нарықтарының конъюнктурасындағы қозғалыстарды көрсетеді. Мысалы, кейбір жылжымалы биржалық тауарларға бір күн ішінде бағалар 100% және одан да көпке ауытқиды.

Әлемдік бағалар, негізінде сыртқы сауда баға қалыптастыруының негізі болып табылады, бірақ сатушылардың, сатып алушылардың және т.б. еркін бағаларына көңіл аудару керек.

Еркін бағалар – фирмалардың өздері дербес немесе тауар және қызмет нарығында сұраныс пен ұсыныс қатынастарын ескеріп, келісім шарттық негізде белгілейтін бағалары.

Сатып алушы бағалары – сатып алушы нарығы жағдайында, сатып алу–сату мәмілесі жасалатын тауарлардың нақты бағасы; тауардың нарықтық құнынан төмен болады.

Сатушы бағасы – сату мәмілесі сатушы нарығы жағдайында жасалатын, тауардың нақты бағасы. Тауар өндіруді, дамытуды тиімді ынталандырады.

Өндіріс бағасы - өндіріс шығыны қосу барлық инвестицияланған капиталға орта пайдаға тең.

Нарықтық баға – нарықта өткізілетін тауарлар құнының ақшалай көрсетілуі; сатып алу–сату іске асырылатын нақты баға.

Базистік баға – белгілі сапа және сортты тауардың сатып алушы мен сатушы арасында келісілген бағасы. Нақты (контрактілік) бағаны анықтау үшін негіз болып табылады, әр түрлі шегермелер және үлестемелер болуы мүмкін.

Контрактілік (фактурлық) баға – контрактіге сәйкес барлық құжаттарда көрсетілетін, сату бағасы. Экспортшы, импортшы немесе үшінші ел валютасымен көрсетіледі.

Тіркеу тәсілдеріне сәйкес оның бірнеше түрін айырады:

- тұрлаулы баға – контрактіге қол қойылған сәтте белгіле-неді және оның әрекет ету мерзімінде өзгеріске ұшырамайды;

- жылжымалы баға – контракті жасалғанда тіркеледі, бірақ келешекте нарықтық жағдайлар және контрактіде айтылған шарттар өзгерген жағдайда қайта қарала алады;

- тайғанақ баға – контракт орындалған сәтте келісім шарттық, базистік бағаларды қайта қарау жолымен өндіріс шығындарындағы өзгерістерді ескере отырып саналады.

Атаулы баға – прейскурант және анықтамаларда жарияланған баға. Ол сонымен қатар тауардың биржалық квотировкалық бағасы деп те аталады, бірақ котировка күні мәміле жасалмауы мүмкін.

Үлестік баға – тауар бірлігінің немесе тұтыну құны бірлігінің орта бағасы, халықаралық саудада қолданылатын бағалар қозғалысының статистикалық көрсеткіші. БҰҰ-ның статистика басқармасы жыл сайын 33 қатар экспорттық үлестік баға жариялайды.

Анықтамалық баға – белгілі бір кезең ішінде нақты жасалған мәміленің деңгейін көрсететін, көтерме баға түрі. Анықтамалық бағалар базистік бағаны анықтау үшін келіссөздерде қолданылады. Ресейде кейбір тауарларға анықтамалық бағалар жүйелі түрде шетелдік коммерциялық ақпарат бюллетенінде (ШКАБ) жарияланады.