Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

6.3 Стандарттау және бейімдеудің түрлері

А) Физикалық сипаттамалары бойынша

Амалсыз бейімделу. Барлық экспортшылар заңдармен және жергілікті жарғылармен санасады. Олар мыналарды есепке алулары тиіс:

  • қауіпсіздік нормалары: мысалы, автокөлік бамперінің немесе шамының биіктігін белгілейді, балалар ойыншығы жасалған материалдың жанбайтындығын анықтайды және т.б.

  • гигиена нормалары: бір кезеңде каталиттік сүзгілер барлық өндірісі дамыған елдерде міндетті болады, ал АҚШ-на тағамдық өнімдерді әкелуге көптен бері шек қойылған.

  • техникалық нормалар. 220 В кернеу 50 Гц жиілікпен электр тоғын және жұмыр розетканы барлық елдер бірдей пайдалана бермейді. Кейбір елдер 110 В кернеу, 60 Гц жиілік және розеткағы басымдылық береді. Бұл шетел базарларының жолына қойылатын тарифтік емес кедергінің ең қарапайым түрі.

Қажетті бейімделу. Амалсыз бейімделу кәсіпорын үшін бұлтаруға болмайтын сол елдің заңдарымен белгіленеді. Қажетті бейімделу базар заңы ретінде көрінеді. Бұл арада әңгіме маркетинг туралы, яғни экспорт жасалатын әр елдегі тұтынушылардың ерекше қажеттілігі мен сұраныстарын есепке алу қажет. Жай ғана тауар экспорты емес, халықаралық маркетингпен мықтап айналысу үшін өндіруші базарды терең зерттеуі керек. Ол ынталандыру және ынталандыруға қарсы әрекеттерді зерттеуді қажет етеді. Тамақтану саласындағы талғамдар мен үрдістер және оларды тұтыну жиілігі, климаттың, судың, топырақтың сипаттары және т.б. сыртқы базарды ішкі базар сияқты жақсы білген жағдайда ғана табысқа жетуге болады.

Б) Қызмет көрсету ерекшеліктеріне байланысты стандарттау немесе бейімделу.

Өндірістік мақсаттағы тауарлар, кейде тіпті кең тұтыну тауарлары да жинауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді қажет етеді. Оларға сол елдің тілінде жазылған пайдалану жөнінде нұсқаулар, қосалқы бөлшектер қажет. Кейбір жағдайларда оларды пайдаланғанда уақытша енмесе тұрақты техникалық көмек керек.

В) Символдық сипаттамалары бойынша.

Символды қабылдау. Қандай да болмасын зат, тіпті күнделікті қолданылатын болса да, Әр адамның ойында бір нәрсемен ұқсастырылады. Ол заттың мықтылығы немесе нӘзіктігі, сенімділігі немесе сенімсіздігі, сапасының өте жоғарылығы немес қарапайымдылығы, талғамының тамашалығы немесе нашарлығы және т.б. туралы ойға жетелейді. Бұл барлық ұқсастырулар елдің, тіпті Әрбір қоғам мүшесінің мәдениетіне байланысты. Сондықтан өзіміздің символдық қабылдауларымызда абстракцияланудың (дерексізденудің) маңызы зор. Ол бізге елдер мен сегменттердің, біздің тауарымыздың бағышталған Әлеуетті тұтынушылардың қабылдағыштарына баға беруге мүмкіндік береді.

Г) Ә р варианттың шығындарына сӘйкес стандарттау және бейімдеу.

Жергілікті заңдарға (техникалық нормаларға, гигиеналық және қауіпсіздік нормаларына) бейімдеу қажеттілігі туралы сұрақ туындайды. Бірқ ол базар заңының Әсерімен байланысты болғанда туындайды. Бұл арада мӘселе бейімдеу немесе стандарттауды жүргізу немесе жүргізбеуде емес, бейімдеуді іске асырғанда аз шығындар шығарғанда.

Әдебиеттер: 1 - 40