Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12 Тақырып. Сыртқы нарықтарға шығу стратегиялары

12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері

12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау

12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары

12.4 Бірлескен кәсіпкерлік қызметінің негізгі нысандары

12.5 Нарық субъектілерінің халықаралық қызметінің нысаны ретіндегі франчайзинг ерекшеліктері

12. 1. Халықаралық нарыққа ену әдістері

Тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығу тәсілдеріне әдетте үш үлкен топқа біріктіреді (сурет). Осындай әдіске сәйкес келесілерді бөліп көрсетуге болады:

  • экспорт;

  • бірлескен кәсіпкерлік;

  • тікелей инвестициялау.

Сыртқы нарыққа тауар өндірушілердің шығу тәсілдерінің әр бірінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Фирма экспортты іске асырғанда өте жоғары дәрежедегі икемділікке және өте төмен деңгейдегі тәуекелге ие болады. Бірақ оның сыртқы нарықтағы қызметке ықпалды бақылау жасауға мүмкіндігі болмайды.

Бірлескен кәсіпкерлік жайғдайында тауар өндіруші жүргізілетін бизнеске үлестік қатынас жасайды, ол мақсатта нарықта өзінің әріптестерімен кәсіпкерлік қызметтің тәуекелін бөліседі және бірге бақылау жүргізеді.

Ал тікелей инвестициялау жағдайында өзі құрған құрылымдағы меншікке толық құқығын анықтайды. Ол халықаралық маркетингпен қоса қызметтің барлық салаларына толық көлемде бақылау жасай алады.

Бірақ ол үшін шетел нарықтарында орналастырылатын әжептәуір ресурстар қажет болады. Ол өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін біраз арттырады.

Шындығында, шетел нарықтарына шығудың мінсіз тәсілі жоқ, сондықтан бір фирма, қандай да болмасын бір шетел нарығына шыққанда, оны іске асырудың әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады. Сол сияқты әр түрлі тауар өндірушілердің белгілі бір шетел нарығына шыққанда, сыртқы нарыққа шығудың әр түрлі тәсілдерін пайдалануға мүмкіндігі бар.

12.2 Тауар қозғалысының каналдарын таңдау

Халықаралық нарыққа шығатын кәсіпорындар үшін маңызды міндеттердің бірі, өткізу қозғалыстарының жолдарын анықтау болып табылады, оның көмегімен тауарлар соңғы шетелдік сатып алушыларға дейін жеткізіледі. Тауар қозғалысының жолдарын таңдауға келесідей факторлар әсер етеді:

  • фирма аумағы, оның қызметінің көлемі;

  • фирманың басқарушылық мамандарының құрамы (кәсіпорын);

  • коммерциялық қызметтен фирманың табысы.

Сыртқы экономикалық қызметте шектелген тәжірибесі бар фирмаға (кәсіпорынға) келесідей қызметтерді орындайтын, шетелдік делдалдарды қолдану қажет:

  • әртүрлі тауар өндірушілердің тауарларын, жергілікті нарық сатып алушыларының сұраныстарына сәйкес келетіндей етіп, бір топқа біріктіру;

  • бөлшек сауда мүддесінде тауарлар партиясын ірілендіру;

  • тауарды жергілікті нарық шарттарына байланысты бейімдеу;

  • тауарларды тасымалдау және жинақтау;

  • нарықпен және әртүрлі өндірушілермен тқрақты байланыс нәтижесінде бағаны тағайындау;

  • тауар жарнамасы;

  • сатып алушыны іздеу және тауарларды сату;

  • сатып алушыларға несие ұсыну.

12.3 Кәсіпорындардың халықаралық қызметін ұйымдастыру нысандары

Тауар өндіруші бірлескен кәсіпкерлік жағдайында шетел нарықтарында жергілікті әріптестерді немесе үшінші елден әріптестерді тартып, өз бизнестерін ұйымдастырады. Бұл жағдайда бас фирма құрылған бірлескен құрылымның толық меншік иесі болмайды.

Бірлескен кәсіпорынның меншігі және оның кәсіпкерлік қызметін бақылау бас компания мен оның шетелдік әріптестері арасында бөлінеді.

Бірлескен кәсіпорын үшін оны іске асырудың әр түрлі ұйымдық нысандары тән. Келесі ұйымдық нысандар өте жиі қолданылады:

  • контрактілік өндіріс;

  • халықаралық лицензиялау;

  • халықаралық франчайзинг;

  • бірлескен кәсіпорын;

  • стратегиялық одақ;

  • контракт бойынша басқару.

Контрактілік өндіріс (мердігерлік өндіріс), шетелдік фирма жасалған келісім шарт бойынша, тартымды нарықтарға өткізетін өнімдерді кейбір кәсіпорындарға өзі өндіріп шығаруға бергенде жүзеге асады. Бұндай нарықтар өз елінде, тауар өндірілетін елде, сонымен қатар, қандай да болмасын басқа елде болуы мүмкін.