Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халыкаралык маркетинг_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5.5 Бәсекелік ортаны зерттеу. Бенчмакинг.

Бәсекелес-фирманың қызметін зерттеу нарығының фирмалық құрылымын зерттеу жұмысының маңызды аспектісі. Таңдап алынған базарға шыққанда бәсекелес-фирмалардың мінез-құлығының негізгі параметрлерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажет. Мақсатты базарда жұмыс істегенде барлық жарияланған тәсілдерді қолдана отырып өз бәсекелестерінің көз алдында тұрақты ұстау керек.

Таңдап алынған салада бәсекелестік ортаны зерттегенде шетелдік тәжірибеде бенчмакинг1 технологиясы кең қолданылады. Бәсекелестік өте қатаң және ымырасыз сипат алған бизнес салаларында бенчмакинг бағытындағы зерттеулер ерекше өзекті болып саналады. Бұндай жағдайда бизнесті кеңейту негізінен бәсекелестер есебінен іске асырылады. Сондықтанда қызметін зерттеу компанияның базардағы жағдайын күшейту бағдарламасын әзірлеудің маңызды талдау негізі болып саналады.

Бұл технология салалық талдауды, бәсекелестерді талдауды және стратегия әзірлеуді бір жүйеге біріктіреді.

Бенчмакинг келесілер үшін қажетті әдіс:

    1. сіздің саланың, сонымен қатар оның сыртында (басқа салалардың тәжірибесін жеткізу) басты табыстылық факторлары бойынша бәсекелестердің жақсы стратегияларын бағалау және салыстыру;

    2. бәсекелестердің өте жақсы көрсеткіштерге жету құралдары мен тәсілдерін анықтау;

    3. бұл мәліметтерді сіздің компанияның мақсаттары мен стратегиясын және іске асыру тәсілдерін анықтаудың негізі ретінде пайдалану.

Негізінде бұл стратегиялық жоспарлаудың жеткен деңгейден емес, бәсекелестер көрсеткіші бойынша баламалы әдісі.

5.6 Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу.

Сыртқы базарды зерттегенде жүргізілген талдау, кәсіпорынға мүмкіндіктерін бағалауға қажетті мағлұматтар береді. Шындығында, экспорт басқа стратегиялық мүмкіндіктері белгілі бір контексте бағаланады. Бұл экспорттық әлеуетті бағалау тәсілдарінің жасанды сипатын анықтауға жағдай жасайды. Бұндай тәсілдер ұйымдастыру мен қызмет етудің сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік береді.

Нарық және бәсекелестер алдында кәсіпорын өзінің күшті және әлсіз тараптарын салыстыруы тиіс. Осыған байланысты екі басты сұрақ туындайды. Қандай мүмкіндіктерге басымдылық беру және қандай жағдайды қарастыру, нақты ма немесе әлеуметті ме? Әдепкіде кәсіпорынның осы уақыттағы мүмкіндіктерін салыстыриалы талдауға кірісеміз. Бұл талдау фотосуретке түсірумен бірдей. Сонан кейін ресурстарды таңдаймыз. Кәсіпорыдар және бәсекелестер ұлттық немесе сыртқы базарларда соларға арқа сүйеді. Алынған нәтижелер рентгенограмманы еске түсіреді. Жеткіліктілік векторлары сәйкес келетін екі жағдайды қарастырамыз. Халықаралық маркетингтік бәсекемен қарсы келгенде кәсіпорын жеткіліктілік деңгейін сегіз вектормен қамтамасыз етеді[8, б. 512]:

  • кәсіпорын қызметі негізделетін тауар немесе қызмет тұжырымдамасы;

  • сұрау немесе тест жолымен анықталатын, нарық жетекшілерінің жоғары деңгейлі өніміне сәйкестілігімен белгіленетін сапа;

  • мүмкін болатын үстеме қосылатын баға;

  • қаржы, өз қаржысы, сондай ақ жеңіл жұмылдырылатын қаржы ресурстары;

  • коммерциялық әдістер мен құралдар тұрғысынан сауда;

  • кәсіпорынға өз тұтынушыларын бекітуге жағдай жасайтын сатыстан соңғы қызмет;

  • кәсіпорының саяси өкіметпен, баспасөзбен, қоғамдық пікірлермен өз қатынастарын басқару қабілетін көрсететін сыртқы саясаты;

  • кәсіпорынның тек қана болашақ тұтынушыларының сұраныстарын болжау қабілетін ғана емес, оның ол қажеттіліктерді қанағаттандыруға ерекше мүмкіндіктері бар екендігіне сендіретін сатысқа дейінгі әзірлік.

Кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау “бәсекеге қабілеттіліктің көпбұрышын” құруға жағдай жасайды. Бәсекеге қабілеттілікті талдау үшін әр бәсекелеске немесе жалпы бәсекеге бірдей қарау жеткілікті. Сызбаларды бірінің үстіне бірін қойып бір кәсіпорынның екіншісіне қарағанда күшті немессе әлсіз тараптарын көруге болады

Бағалар Сапа

Қағида

Сатысқа дейінгі Қаржы

әзірлік

А кәсіпорны Б кәсіпорны

Сыртқы саясат Сауда Сатыстан

кейінгі қызмет

Сурет 2. Бәсекеге қабілеттілктің көпбұрышы.

Әдебиеттер: 1 - 40