Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.3 Пәннің міндеттері:

  • химия-фармацевттік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптеріне білім беру;

  • дәрілік түрлер өндірісіне инновациялық технологияларды жасап ендіруге үйрету;

  • дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен тәлімдерді үйрету;

  • өндірісте шығарылатын дәрілік түрлер мен препараттарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;

  • өндірісте шығарылатын дәрілік түрлерді биофармацевттік бағалауды үйрету;

  • дайын дәрілік түрлері технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;

  • фармацевттік өндіріс үшін жаңа көмекші заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;

  • дайын дәрілік түрлердің, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевттік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету.

Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

  • кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевтикалық әдебиеттер номенклатурасын;

  • өнеркәсіптік өндірісте жасалынатын дайын дәрілік түрлер, препараттар мен жартылай өнімдердің номенклатурасын;

  • химия-фармацевттік кәсіпорындар мен ірі фармацевтік өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін;

  • негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, құрал-жабдықтарды іске қосу және қолдану ережелерін;

  • өндірісте сатылы бақылау жүргізу және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды стандарттау әдістері мен тәсілдерін;

  • дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін;

  • дәрілік препараттар мен дәрілік түрлерге және медициналық мақсатта қолданылатын құралдарға арналған орауыштар түрлерін және орауыш материалдарының номенклатурасын, оларға қойылатын негізгі және арнайы талаптарды;

  • дәрілік препараттардың және дайын дәрілік түрлердің тұрақтылығына сақтау жағдайлары мен орауыш түрінің әсерін;

  • дәрілерді тұрақтандыру және олардың әсерін ұзарту тәсілдерін;

  • жаңа дәрілік препараттарды іздестіру және жасап шығару саласындағы жетістіктерді;

  • еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария және қауіпсіздік техникасы ережелерін.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • кәсіптік міндеттерді орындау үшін анықтама және ғылыми фармацевттік әдебиеттерді қолдануды;

  • өнеркәсіп жағдайында (химия-фармацевтік кәсіпорындар мен шағын фарма-цевтік өндірістерде) дайын дәрілік түрлер, дәрілік препараттар дайындауды;

  • дайын дәрілік түрлер, препараттар, субстанциялар, жартылай өнімдер және басқа фармацевтік өнімдер өндірісінде технологиялық есептеулер жүргізуді;

  • дәрілердің сапасы мен биологиялық тиімділігіне фармацевтикалық факторлардың әсерін анықтауды және жұмыс барысында ескеруді;

  • өндірісте сатылы бақылау жүргізуді және дәрілік препараттарды, дәрілік құралдарды, жартылай өнімдерді стандарттауды;

  • дәрілік препараттар, субстанциялар мен дәрілік жартылай өнімдердің тұрақтылығына сақтау жағдайы мен орауыш түрінің әсерін анықтауды;

  • дәрілік түрлер мен олардың технологиясын жетілдіру және жаңа технологияларды жасау

бойынша зерттеулер жүргізуді;

  • дәрілік құралдар, препараттар өндірісінде технологиялық процесстің тиімділігін анықтауды;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауды.

Студент машықтануы қажет:

  • фармацевттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және талдауды;

  • кәсіптік қызмет саласындағы ақпаратты, соның ішінде компьютерлік ақпаратты да жинақтау, өңдеу және сақтауды;

  • өнеркәсіптік өндірісте дәрілік препараттарды дайындауды;

  • заманауи технологиялық процестер мен аппараттарды қолдану арқылы дәрілік құралдардың құрамдарын және технологиясын жетілдіруді;

  • дәрілік құралдардың сапасын сатылы бақылауды жүргізуді ұйымдастару;

  • медициналық, медицина-әлеуметтік және жедел көмек көрсетуді;

  • салауатты өмір сүруді насихаттау, аурудың алдын алу шараларын жүргізуді.

2.5 Пререквизиттер: физикалық және коллоидты химия, математика, физика, органикалық химия, микробиология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері, фармацияны басқару мен экономикасы

2.6 Постреквизиттер: фармакогнозия.