Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

  1. Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер.

  2. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы.

Зертханалық (семинар) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс 4

Пән: Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы

Құрастырушы:

Оқытушы Аюпова Р.Б.

Алматы, 2015 ж.

№ 1 ТАҚЫРЫП: ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. САТЫЛАР ЖӘНЕ ДАЙЫН ӨНІМ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДЫҚ БАЛАНС ҚҰРАСТЫРУ. ӨНЕРКӘСІПТІК РЕГЛАМЕНТ.

Мақсаты: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелерді, сатылар және дайын өнім бойынша материалдық баланс құрастыру, өнеркәсіптік регламент бөлімдерін меңгеру.

Оқыту міндеттері: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелерін есте сақтауға, сатылар және дайын өнім бойынша материалдық баланс, өнеркәсіптік регламент бөлімдерін құрастыруға машықтану.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма №1 100 кг меруертгүл тұндырмасын 10 г босататын сауытқа бөліп құйған. Алынған флакон саны 9950 дана. Осы өндірістің материалдық балансын құрып, техника-экономикалық көрсеткіштерін: шығым, шығын, шығын коэффициентін есептеңіз.

Тапсырма №2 Жанаргүл экстрактын дайындау үшін 96,0 кг ұсақталған өсімдік шикізаты алынды. Ұсақтаған соң 94,25 кг жанаргүл шөбі алынды, оның құрамында 1 г 75 ЛЕД; құрғақ экстрактті заттар 20,11%; ылғалдығы -10 %; құрғақ ерімейтін заттары – 65,88 %. Ұсақтағаннан соң 20%-дық 700 кг экстрагентпен экстрацияланды. Алынған сұйық экстракттың мөлшері 500 кг, құрамы келесідей: 3,6%-экстрактивті заттар, 1 г сығындыда -12,4 ЛЕД, этил спирті – 15,6%. Проэкстракцияланған материалдың құрамы: 1 г 3,2 ЛЕД; ерімейтін құрғақ экстрактті заттар 24,528%; ылғалдығы -11,4 %; экстрактті заттар – 0,261%. Шығын мөлшерін табыңыз және материалдық балансты ұсақтау және экстракциялау сатыларына құрастырыңыз.

Тапсырма №3 Құрамында алкалоидтар мөлшері 1,5% болатын 15 кг белладоннаның қою экстракттінің өндірісіне материалдық балансты құрастырыңыз. Бастапқы алынған 100 кг шикізаттың құрамындағы алкалоид мөлшері 0,3%.

Тапсырма №4 150 кг қайың смоласы, 301,5 кг нафталан мұнайы, 100,5 кг тазартылған бор, 301 кг жасыл сабын, 150,5 кг күкірттен 1000 кг дайын өнім-Вилькинсон жақпа майы алынды. Өндірістің шығынын есептеңіз (кг және % үлесте).

Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар дайындау