Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Тарату материалы

Дәрілік заттар парентеральды қолдануы – бұл стерильді препараттар, инфузия немесе имплантация адамның ағзасына немесе жануарға инъекция жолымен енгізуге арналған. Олар: ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, ұнтақтар және таблеткалар жатады. Ерітінділер және имплантация алу үшін организмге парентеральды енгізілетін лиофилизиалды препараттар қолданылады.

Қазіргі уақытта барлық дайын дәрілік заттардың ішінде, Мемлекеттік фармацевтикалық өндіріспен шығарылған, көпке дейін парентеральды препараттар 30% жуық келеді. Инъекциялық дәрілік қалыптар дәрілік зат номенклатурасында маңызды орын алады. Инъекциялық препараттарға әлем бойынша 10%-15%-дейін әр түрлі фармакопеялық баптар жатады.

Ампула шығаратын кәсіп орындарды басқа фармацевтикалық өндірістермен салыстырғанда спецификалық ерекшеліктері болады, инъекциялық ерітінділерге талаптар қойылады; стерильді, апирогенді басқа ешқандай механикалық қосылыстар болмау керек, тұрақты болуы керек. Ампула әйнегінің сапасы ерекше рөл атқарады, олардың көпшілігі инъекциялық ерітінділердің тұрақтылығын анықтайды. Ампула әйнегінің анализі кезінде химиялық және термиялық тұрақтылығына назар аударады, сонымен қатар ампуланы ерітінділермен толтырғанда разрядталу тереңдігіне назар аударады. Ампуланың шығаруы өндіріс кәсіп орынға

шоғырланған. Олардың техникасында қолданылатын аппаратура үлкен әртүрлі сапасымен ерекшелінеді. Сондықтан ампулдық ерітінділердің технологиялық өндірістерін, ампуланы шығаратын кәсіп орындардың техникасын, ампулдық ерітінділердің сапалық бағасы және ампуланың әйнегін, қолданылатын приборларды зерттеуге қолайлы.

Әдебиеттер

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

Орыс тілінде

2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

3. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

қосымша:

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

6. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

7. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

8. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

9. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

10. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Қорытынды бақылау (сұрақтар)

- парентеральды қолдануға арналған дәрілік құралдар;

- инъекция, инфузия түрлері;

- стерильді өнім өндірісіне арналған шарттар, GMP шарттары.

- инъекциялық ерітінділердің ластану көздері;

- стерильді өнім өндірісіне қойылатын жалпы талаптар: бөлімнің тазалық кластары;

- қызметкерлерге, техникалық процеске және өндіріске, өнім сапасын бағалауға қойылатын талаптар;

- өнеркәсіп жағдайындағы ампулалар өндірісі;

- инъкциялық ерітінділерге арналған шыны, алу, қойылатын техникалық талаптар;

- шынының химиялық және термиялық тұрақтылығы;

- ампула шынысының классы және маркасы;

- ампула шынысының негізгі көрсеткіштерін анықтау;

- ампуланы өндіру;

- ампуланы толтыруға дайындау;

- ампуланың кептірлу және стерильдеу;

- ампуладағы инъекциялық ерітінділер өндірісінің технологиялық жалпы ызбасы;

№ 14 ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТІК ӨНДІРІСТЕ СТЕРИЛЬДІ СУСПЕНЗИЯЛАР МЕН ЭМУЛЬСИЯЛАР ДАЙЫНДАУ. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ.

Мақсаты: Фармацевтік өндірісте стерильді суспензиялар мен эмульсиялар дайындауды үйрету.

Оқыту міндеттері Фармацевтік өндірісте стерильді суспензиялар мен эмульсиялар дайындауға машықтану

Өткізу формасы: семинар

Оқыту және сабақ беру әдістері: «Дальтон- час» әдісі бойынша теориялық сұрақтарды талқылау.

Тақырып бойынша тапсырмалар: тақырыптың негізгі сұрақтарымен жұмыс істеу

Оқытушы студенттерге жұмыс береді. Студенттер екіге бөлінеді және әр топ келесі жұмыстарды орындайды:

1. Ампуланы ашу (капиллярды кесу).

2. Ампуланың сыртын жуу.

3. Ампуланың ішкі бетін жуу: 20-25 ұсақ сыйымдылықтағы (сыйымдылығы 1 немесе 2мл) – вакуум әдісімен, 9-10 үлкен сыйымдылықтағы (сыйымдылығы 10 немесе 20 мл) – шприц әдісімен (фонтан тәрізді) әдісімен.

4. Ампуланы кептіру (сонымен бірге стерилизациялау).

5. Ампула шынысының сапасына бақылау жүргізу: химиялық және термиялық тұрақтылығын және қалдық қысымды анықтау. Анықтау нәтижесін қорытындылау.

6. Ампула шынысынң химиялық және термиялық тұрақтылығын тексеру үшін сыйымдылығы 1мл 5 ампуланы қолдану.