Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

  9. Муляр А.Г. Общая рецептура: учеб.пос. – М., 2009.– 80 с.

  10. Торланова Б.О. Машины и автоматы для фасовки и упаковки лекарственных форм. – Шымкент, 2003. – 166 с.

  11. Сагиндыкова Б.А., Торланова Б.О., Анарбаева Р.М., Кыдыралиев Б.С. Биофармация и элементы фармакокинетики. – Шымкент, 2008. – 68 с.

  12. Маркевич М.П. Руководство к лабораторным занятиям по биофармации. – Шымкент, 2008. – 50 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

  1. Қатты дәрілік түрлер

  2. Ұнтақтар дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтардың жіктелуі.

  3. Ұнтақтар технологиясының сатылары.

  4. Ұнтақтардың сапасын бағалау. Сақтау.

  5. Жағар майлар. Анықтамасы. Сипаттамасы.

  6. Суппозиторийлер. Анықтамасы. Сипаттамасы.

№3 ТАҚЫРЫП: СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР. СТЕРИЛЬДІ ЖӘНЕ АСЕПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ДАЙЫНДАЛАТЫН ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР.

Мақсаты: сұйық дәрілік түрлер, стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлердің фармацевтикалық технологиясын меңгеру.

Дәріс тезистері

Рецепттегі ерітінділердің концентрациясының белгілері және жазылуы.

Ерітінді –бұл сұйық дәрілік қалып, ол бір немесе бір неше дәрілік заттарды еріту арқылы алған, ол инъекцияға ішке және де сыртқа, қолдануға арналады.

Ерітінділер құрамы мен қолданылуына байланысты ерекшеленеді.Нағыз ерітінділер бір фазалы,гомогенді жүйелі. Олар түссіз,ультрафильтраттар арқылы жақсы өтеді және ұзақ уақыттай бір қалыптылығын сақтайды.

Медициналық практикада ерітінділер күйінде – қатты,сұйық және газ тәрізді заттар ды қолданады. Еріткіштердің табиғатына байланысты ерітінділер сулы және сусыз болып бөлінеді. Ерітінділерді дайындау үшін медициналық практикада еріткіш ретінде тазаланған су, этанол, глицерин, майлы майлар және хлороформ қолданылады.

Еріткіштер- өте тұрақты, химиялық және фармокологиялық индиферентті, жақсы еріткіш қасиеті болуы керек. Сонымен бірге иіссіз және жағымсыз дәмді болуы қажет. Еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта болмауы керек.

Фармациялық практикада қолданылатын ерітінділерді – масса, көлем және масса көлемді әдіспен жасайды. Сұйық дәрілік қалыптарды масса көлемді әдіспен жасайды. Масса көлемді әдісте ерітетін затты масса бойынша алады, ал еріткішті қажетті ерітіндінің көлемі алынғанша қосады. Көлемдік әдісте этанолдың әртүрлі тұрақты ерітінділерін алу үшін. Масса бойынша (глицеринде, өсімдік майларында және т. б.) еріткіштермен жасайтын ерітінділер. Бұл жағдада ерітетін заттың және еріткіштің көлемін масса бойынша алады.

Ерітініділердің концекнтрациясы рецепте әртүрлі болуы мүмкін:

Rp: Solutionis Natrii bromidi 2% 200 ml

D.S: 1 ас қасықтан күніне 3 рет

Еріткіштің санын есептегенде (тазартылған суды) дәрілік заттың проценттік құрамын ескереді (немесе заттың суммасы). Егерде ерітіндінің концентрациясын 4 -ке дейін дайындайтын болса, онды судың көлемін рецептегі көлем бойынша алады, себебі еріткен кезде дәрілік заттың аз көлемі ерітіндінің көлемін өзгертпейді. Концентрациясы 4 - тен жоғары ерітіндіні көлемдік ыдыста дайындайды. Немесе судың санын КҰК бойынша есептейді. КҰК (мг\мл). Миллилитрдегі 1 г заттың ерітіндідіге ерітндісін көлемінің ұлғаюын көрсетеді.

Rp: Solutionis Magnesii sulfatis ex 20,0 200 ml

D.S: 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Бұл жағдайда судың көлемін есептеу үшін КҰК қолданады, ол 0,50 тең. Судың көлемі: 200 мл – (20  0,5) = 190 мл.

Ерітінділердің технологиясының жалпы схемасы.

Ерітінділердің технологиясы мына стадиялардан тұрады: А және Б тізіміндегі заттардың дозасын тексеру; еріткіш санының есебі; фильтрлеу (тұндыру); қаптау; қаттау; дайын препараттардың сапасын тексеру.

Ерітінділердің технологиясы.

Сулы ерітінділер

Анықтаулар: көлем, улы және әсері күшті

дозаларының жалпы заттардың дозасын

саны, тәуліктік және тексеру

бір реттік мөлшер 

Еріткіштің санының есебі  Қатты заттар

 

Заттың ұсақталуы  Еру 3-ке дейін 3-тен кейін

Қыздыруы   

Араластырылуы  КҰК қолдану

Мақта  Фильтрлеу  Шыны фильтрлер

(тұндыру)

фильтрленген қағаз  

Қаттау және тығындау

Безендіру  ДС министірлігінің

бұйрығы

Органалептикалық  Сапасын тексеру  Көлеміндегі

бақылау ауытқу

Фильтрлеу. Ерітінділерді дайындағаннан кейін міндетті түрде тығыз сүзгіден (фильтрлейтін қағаз, асбест, шыны фильтрлер) немесе фильтрлеу жолы арқылы бөлшектерден босатылады. Фильтрлеу бұл сұйық фазадағы барлық бөлшектерден негізделген. Фильтрлеудің жылдамдығы қысымға байланысты. Осы кезде процесс жүреді, сұйықтың тұтқырлығы және т.б. факторлар тұтқыр сұйықтарды фильтрлеген кезде жылдамдығы аз болады. Себебі: фильтрлейтін материалдың қарсылығы тұтқыр сұйыққа пропорционал. Фильтрлеуде дәріханалық жағдайда қалыпты немесе төмен қысымды (вакуумде) жүргізіледі. Осы соңғысын инъекциялық және көзге арналған ерітінділерді тазалау үшін қолданады.

Құрамы мен фильтрленетін сұйықтардың санына байланысты әртүрлі материалдар қолданады, бұларға бір қатар талаптар қойылады. Фильтрленетін материалдар өтіп кететін ұстап қалатын белгілі бір сапасы болуы керек. Фильтрленетің материалдары ерітіндіге талшық немесе белшектерді бөлмеу керек, дәрілік заттарменен әсерлеспеу керек; термиялық стерилизацияға, фильтрленетін қысымға шыдау керек. Фильтрленетін материалдар биологиялық индиферентті болуы керек. Фильтрленетін материалдардың мынандай кемшіліктері болуы мүмкін: ісінеді, сапасы жеткіліксіз, сулы ортада диссоциация есебінен иондармен кейбір заттарды адсорбциялайды, теріс заряд алады. Фильтрлеу процесі күрделі және жылдамдығы үлкен емес. Ерітінділердің тазалау әдісі оның пайдалану жолына байланысты. Сыртқы және ішке қолданылатын ерітінділерді сүзеді. Көз тамшыларын және инъекциялық ерітінділерді фильтрлейді. Сұйықтарды сүзу үшін көбіне микроскопиялық мақтаны; бір неше қабатталған дәкені; сирек жағдайда холст; шолк; копрон және т. б. тканьдерді қолданады. Ерітінділерді фильтрлеу үшін фильтрлі қағаз және шыны фильтр қағазы қолданылады. Бөлшектерді ұстап қалу механизміне байланысты терең (пластинка тәрізді) және мембраналы (экранды) фильтрлер болып бөлінеді. Терең фильтрлерде бөлшектер талшықтардың айқасқан жерінде жиналады, механикалық немесе адсорбция нәтижесінде фильтр материалында жиналады. Терең фильтрлер ретінде мақта талшықты материалдар (мақта және дәке), целюлозды асбесті фильтрлер, полимерлі талшықтардан жасалған материалдар қолданылады.

Безендіру, қаптау, тығындау және дайын өнімнің сапасын бақылау. Қаптау және тығындау дайын ерітінділердің технологиясындағы ең негізгі аяқтаушы этап болып табылады. Флакондарды тығындау үшін пластмас тығындарды қолданылады.

Безеңдіру кезінде флакондарға нормативті – техникалық құжаттарға сай этикеткалар жабыстырылады.

Дайын препараттардың (ерітінділердің) сапасын бақылау нормативті техникалық құжаттарға сай жүргізіледі. Ерітіндінің мөлдірлігіне, түсіне, дәміне, иісіне, көлем ауытқуына және т. б. көңіл бөледі.