Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

    1. Тұндырма алу әдістерін қандай.

    2. Тұндырма алу ерекшеліктерін ата

    3. Тұндырмаларға жүргізілетін сынулар

№8 ТАҚЫРЫП: БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ. АППАРАТУРА.

Мақсаты: Тақырып бойынша берілген процесстерді, онда негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері

ЭКСТРАКТТАР Extracta

АНЫҚТАМАСЫ

Экстракттар- кептірілген өсімдік немесе жануар тектес шикізаттардан алынатын сұйық, қатты немесе қою консистенциялы концентрленген препараттар. Кейбір жағдайларда экстракцияланатын материалдарды алын-ала өңдейді, мысалы ферменттерді әлсіздендіру, ұсақтау немесе майсыздандыру.

Экстракттарды мацерация, перколяция немесе сәйкес келетін басқа валидирленген әдістермен этанол немесе басқа қажет еріткіштерді қолдану арқылы алады. Егер қажет болса экстракциядан соң керексіз матеиалдарды жояды.

ӨНДІРІСІ

Перколяция әдісі. Егер экстракцияланатын шикізатты қажет болса белгілі өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтайды, көрсетілген мөлшердегі экстрагенттің бөлігімен жақсылап араластырады және белгілі бір уақытқа қалдырады. Қоспаны экстракторға салып,барлық уақытта шикізаттың экстрактпен толық жабылуын қадағалай отырып, баяу перколяциялайды. Қалдықты сығып және алынған сұйықтықты перколяттпен қосуы мүмкін.

Мацерация әдісі. Егер экстракцияланатын шикізатты қажет болса белгілі өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтайды, көрсетілген мөлшердегі экстрагенттің бөлігімен жақсылап араластырады және жабық экстракторда белгілі уақыт арлығында мацерациялайды. Қалдықты экстрагенттен бөліп және қажет жағдайда сығады. Одан соң екі сұйықтықты біріктіреді.

Қажет консистенцияға дейін концентрлеуді әдетте төмендетілген қысымда және компоненттердің бұзылуы аз мөлшерде болатын температурада

сәйкес әдістерді қолданып жүргізеді. Экстракттардағы еріткіш қалдықтарының мөлшері көрсетілген шектен аспауы керек.

Экстракт құрамын оны құрайтын бөліктердің белгілі мөлшеріне жеткізуді реттеу үшін сәйкес келетін қосымша материалдар немесе осы препаратты дайындауда қолданылатын өсімдік немесе жануар тектес материалдардан алынған басқа концентрациядағы экстракттар қолданылады.

Сұйық экстракттар

АНЫҚТАМАСЫ

Сұйық экстракттар- әдетте бастапқы кептірілген өсімдік шикізатының массасының бір бөлігіне массасы немесе көлемі бойынша эквивалентті препараттар. Қажет жағдайда бұл препараттарды еріткіштер, әсер етуші заттар немесе құрғақ қалдық мөлшері қойылатын талаптарға сай болуы үшін стандарттайды.

Сұйық экстракттарды тек белгілі концентрациядағы этанол немесе суды қолданып жоғарыда аталған әдістермен, қою немесе құрғақ экстракттарды көрсетілген еріткіштердің біреуінде ерітіп алады, егер қажет болса фильтрлейді. Бірақ, әрбір әдіс құрамы бойынша салыстырмалы препараттарды беруі қажет. Егер құрамында айтарлықтай өзгерістер болмаса, сақтау кезінде азғантай тұнба түсуіне рұқсат етіледі.

Сұйық экстракттарға микробтарға қарсы сәйкес консерванттар қосылуы мүмкін.

СЫНАУЛАР

Салыстырмалы тығыздығы (2.2.5.) Сұйық экстракттардың салыстырмалы тығыздығының мәні жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Этанол мөлшері (2.9.10.). Құрамында спирті бар сұйық экстракттарда этанол мөлшерін анықтайды. Этанол мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Метанол және 2-пропанол (2.9.11.). Егер жеке бапта басқа көрсеткіштер болмаса, құрамында спирті бар экстракттарда метанол 0,05 % -дан(көлем/ көлем) және 2-пропанол 0,05 % -дан (көлем/ көлем) аспауы керек.

Құрғақ қалдық. Сұйық экстракттардағы құрғақ қалдық мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Түбі жазық табақшаға немесе диаметрі 50 мм және биіктігі 30 мм болатын бюксқа 2.00г. немесе 2,0 мл экстракты құйып, су моншасында құрғағанша буландырады және кептіргіште 100 оС-ден 105 о С-ге дейінгі температурада 3 сағат бойы кептіреді. Бюксты эксикаторда фосфордың (V) тотығының Р үстінде суытады және өлшейді. Нәтижені салмақтық пайызда немесе литрдегі граммен көрсетеді.

САҚТАУ

Тығыз жабылған контейнерлерде, жарық түспейтін жерде.

ТАҢБАЛАУ

Этикеткасында көрсетіледі:

-қандай шикізат қолданылған - өсімдік немесе жануар тектес;

-қажет жағдайда жаңа жиналған өсімдік немесе жануар тектес материалдар қолданылғаны;

-экстракты дайындауға қолданылған этанол концентрациясы пайыздық үлесте (көлем/көлем);

-қажет жағдайда дайын экстракттағы этанол мөлшері пайыздық үлесте (көлем/көлем);

-әсер етуші заттардың мөлшері және/немесе бастапқы заттардың мөлшерінің алынған сұйық экстракт мөлшеріне қатынасы;

-микробтарға қарсы әрбір консерванттардың атауы мен концентрациясы.