Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  7. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Қорытынды бақылау (сұрақтар)

  1. Тұндырмалар анықтамасы, сипаттамасы

  2. Тұндырмалар өндірісінде қолданылатын экстрагенттер

  3. Тұндырмалар өндірісінде қолданылатын әдістер

  4. Тұндырмалар өндірісінде қолданылатын қондырғылар

  5. Тұндырмалар сапасын бақылау

  6. Тұндырмалар сақтау жағдайлары

№ 7 ТАҚЫРЫП: МАКСИМАЛДЫ ТАЗАРТЫЛҒАН (ЖАҢА ГАЛЕНДІ) ФИТОПРЕПАРАТТАРДЫ АЛУ. СТАНДАРТТАУ.

Мақсаты: Студенттерге максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттарды алу, стандарттауды үйрету.

Оқыту міндеттері: Студенттерге максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттарды алу, стандарттау технологиясына машықтану

Өткізу формасы: семинар

Оқыту және сабақ беру әдістері: разбор теоретических вопросов по методу «Дальтон-

час».

Тақырып бойынша тапсырмалар: тақырыптың негізгі сұрақтарымен жұмыс істеу

  1. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар анықтамасы, сипаттамасы

  2. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар өндірісінде қолданылатын экстрагенттер

  3. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар өндірісінде қолданылатын әдістер

  4. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар өндірісінде қолданылатын қондырғылар

  5. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар сапасын бақылау

  6. Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар сақтау жағдайлары

Тарату материалы

АНЫҚТАМАСЫ

Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар р- кептірілген өсімдік немесе жануар тектес шикізаттардан алынатын сұйық, қатты немесе қою консистенциялы концентрленген препараттар. Кейбір жағдайларда экстракцияланатын материалдарды алын-ала өңдейді, мысалы ферменттерді әлсіздендіру, ұсақтау немесе майсыздандыру.

Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттарды мацерация, перколяция немесе сәйкес келетін басқа валидирленген әдістермен этанол немесе басқа қажет еріткіштерді қолдану арқылы алады. Егер қажет болса экстракциядан соң керексіз матеиалдарды жояды.

ӨНДІРІСІ

Перколяция әдісі. Егер экстракцияланатын шикізатты қажет болса белгілі өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтайды, көрсетілген мөлшердегі экстрагенттің бөлігімен жақсылап араластырады және белгілі бір уақытқа қалдырады. Қоспаны экстракторға салып,барлық уақытта шикізаттың экстрактпен толық жабылуын қадағалай отырып, баяу перколяциялайды. Қалдықты сығып және алынған сұйықтықты перколяттпен қосуы мүмкін.

Мацерация әдісі. Егер экстракцияланатын шикізатты қажет болса белгілі өлшемдегі бөлшектерге дейін ұсақтайды, көрсетілген мөлшердегі экстрагенттің бөлігімен жақсылап араластырады және жабық экстракторда белгілі уақыт арлығында мацерациялайды. Қалдықты экстрагенттен бөліп және қажет жағдайда сығады. Одан соң екі сұйықтықты біріктіреді.

Қажет консистенцияға дейін концентрлеуді әдетте төмендетілген қысымда және компоненттердің бұзылуы аз мөлшерде болатын температурада

сәйкес әдістерді қолданып жүргізеді. Экстракттардағы еріткіш қалдықтарының мөлшері көрсетілген шектен аспауы керек.

Максималды тазартылған (жаңа галенді) фитопрепараттар құрамын оны құрайтын бөліктердің белгілі мөлшеріне жеткізуді реттеу үшін сәйкес келетін қосымша материалдар немесе осы препаратты дайындауда қолданылатын өсімдік немесе жануар тектес материалдардан алынған басқа концентрациядағы экстракттар қолданылады.