Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент, 2008. - 346 б.

  2. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

  3. Дільбарханов Р.Д., Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы.– 1998.–128 б.

  4. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002.–172 б.

Орыс тілінде

  1. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

  2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Л.А.Ивановой/ – М.,Медицина, 1991 г. – 2-й том. – 544 с.

  3. Чуешов В.И., Зайцев А.И., Шебанова С.Г. Промышленная технология лекарств. – Харьков, 2002. - В 2-х томах: 1-й том. – 716 с., 2-й том .– 557 с.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

  5. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. – (Под ред. Тенцовой А.И.). – М., 1986. – 271 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. Алматы, 2005.– 123 б.

  7. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  8. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Кері байланыс (сұрақтар)

  1. Пластырлерді өндіру.

  2. Қышалар.

  3. Аэрозольдер. Пропеленттер.

  4. Препараттардың сапасын бағалау.

№24 ТАҚЫРЫП: БИОТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. БИОТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ. ГЕНДІ ИНЖЕНЕРИЯ НЕГІЗІ. ГЕНДІ ИНЖЕНЕРИЯ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ПРОДУЦЕНТТЕРІ.

Мақсаты: Тақырып бойынша берілген процесстерді, онда негізігі терминдер мен түсініктерді меңгеру.

Дәріс тезистері

Биотехнология – бұл спецификалық (өзіндік) заттар алу үшін метоболизм мен биологиялық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, бактерия, жануарлар, өсімдіктер жасуша дақылдарын пайдалану. Фармацевтік өндірісте биотехнология гормондар, ферменттер, интерферондар, антибиотиктер, амин қышқылдар, витаминдер, алкалоидтар, полисахаридтер және басқа биологиялық белсенді заттар синтезін, вакциналардың өңдеуін қамтиды.

Биотехнологияның тарихи мағынасы сыраны бірінші дайындау кезінде ащытқыларды, ал иогурт алу үшін бактерияларды пайдаланғаннан басталған.

Биотехнология 1961 жылдан бастап, биотехнология биологиялық жүйелер мен процестердің, тірі ағзаның қатысуы кезінде коммерциялық өнім өндіріс кәсіпорынның аумағындағы зерттелулермен нақты және қайтымсыз байланысты. Осы уақыттан бастап БТ биохимиялық және өндірістік инженерияның, микробиологияның берік фундаменті болып қаланды. Коммерциялық өнім өндірісі үшін пайдаланатын микроорганиздер яғни биотехнологяның өндіріс процесі негізінен 3 этаптан тұрады:

  1. Бастапқы өңдеу: микроорганизмдер үшін қоректік заттар көзі ретінде пайдалануға арналған шикізатты өңдеу.

  2. Ферментациялау және биотрансформациялау: үлкен (100 л – ден жоғары) биореакторда микроорганизмдердің өсуі, қажетті метоболиттердің түзілуінен мысалы: антибиотиктер, амин қышқылдар немесе ақуыздар (биотрансформациялау).

  3. Соңғы өңдеу: культуральды (дақылды) орта компоненттерінен немесе жасушалы массадан өнімдерді тазалау.

СХЕМА БАР

Биотехнология дегеніміз белгілі қасиеттері бар әртүрлі өнімдерді алу үшін тірі биологиялық объектілерді пайдаланатын өндірістің саласы. Объектілерді пайдаланған кезде өнеркәсіптік әдістердің жиынтығын қолданады.

Биотехнология дегеніміз – белгілі қасиеттері бар өнімдерді құру микроорганиздерді жасушалармен ұлпалардың культурасының және олардың қабілетін өнеркәсіптік қолдану мақсатымен биохимия және инженерлік ғылымның жетістіктерін интеграциялық түрде пайдаланатын өндірістің саласы. Биотехнология объектілері 3 топқа бөлінеді.

  1. Микроорганизмдер

  2. Өсімдіктер

  3. Жануарлар

  1. Өсімдіктермен жануарлар ұлпаларынынң клеткалары. Арнайы қолданатын ББЗ яғни ферменттер. Биотехнологияның жеке ғылымға бөлінуі ғылымның басқа салаларындағы жетістіктерге негізделген.

Биотехнологияның зерттеу мақсаты - әрбір осы этаптардың эффективтілігін максимальды жоғарылату және мақсатты өнімдерді көмегімен алуға болатын микроорганиздерді іздестіру.

Биотрансформациялау этапын оптимизациялау үшін едәуір қиын. Табиғи микробтық штаммды пайдалану кезінде соңғы өнім шығын оптимальдылығы төмен болатындығын жиі көрсетті.

Бактерияларды жетілдірудің дәстүрлі генетикалық схемасына: жасыру, колониялардың мөлшерін таңдау және тестілеу кіреді. Осындай жұмыстар шығымы жоғары, көп уақытты алады, бұл үшін көрсетілген штаммның берілетін тұқым қуалаушылық қасиеттерін жетілдіруді тек есептеуге болады. Олардың генетикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге емес.

БТ жаңа технологияны пайдалана отырып, керекті өнімді шексіз мөлшерде өндіру мүмкіндігін алады.

БТ өндірістік масштабта - биоиндустрия болып табылады.

Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері

  1. Жасушалардың штаммдарын немесе олардың құрамдық бөліктерін (Мысалы: ферменттерін). Заттардың күрделі молекулаларын өзгерту үшін, сонымен қатар керекті өнімдерді биосинтездеу үшін алу.

  2. Керекті өнімдерді жинақтауға алып келетін жасуша ішіндегі зат алмасу жолдарын бір деңгейде ұстау немесе активациялау.

  3. Белгілі қасиеттері бар керекті өнімнің максимальды шығымын қамтамасыз ету мақсатынпен технологиялық жабдықтарды жетілдіру және активациялау.

  4. Сыртқы ортаның жағдайын бақылау және қалдықтарын қайта өңдеу процестерді реттеу.

Биотехнологияның даму негізгі мақсаттары

  1. Биосинтез және биогредация белгілі процестерін жетілдіру және жаңа процестерді іздестіру.

  2. Химиялық өнеркәсіп үшін құрамында көміртегі бар, шикізатты алу экономикалық таза әдістерді іздестіру.

  3. Өнімдерді химиялық қайта өңдеу және тазарту, жаңа әдістерді іздестіру.

  4. Тұрмыстық химия өндірісінің өнімдерін жетілдіру.

  5. Энергияның жаңа көздерін зерттеп жасау.

  6. Микроорганизмдерден қорғалған және экономикалық таза азық- түліктер және сусындар өндірісін жетілдіру.

  7. Минералды шикізаттарды өндіру және өңдеу, рудалардан таза металдарды бөліп алу биотехнологиялық тәсілдерді өндіріске енгізу.

  8. Сыртқы ортаның маниторингын жүргізу жүргізу үшін биотехнологиялық тәсілдерді жүргізу.

  9. Фармацевтік және ветеринарлық препараттармен, сонымен қатар медицинаға қажетті бұйымдар алу биотехнологиялық тәсілдерді өндіріске енгізу.

БТ –да пайдаланатын биологиялық жүйе.

Биологиялық жүйе – биотехнологиялық процесс үшін аса маңызды. Көп жағдайда соңы коммерциялық өнім болып табылатын, генетикалық модифицирленген өзі - өзін өндіретін биологиялық бірлік (микроорганизмдер, вирустар, өсімдік және жануарлар).

Прокариоттар және эукариоттар. Барлық тірі ағзалар негізі 2 топқа бөліну қабылданған: прокариоттар және эукариоттар .

Бұдан 1,5 млрд. жуық жыл бұрын ішкі құрылысы қарапайым кішкентай жасушалардан (әртүрлі бактерияларға жататындарды прокариоттар деп атайды.) өлшемі бойынша үлкен, құрылысы жануарлар және өсімдіктер жасушасына ұқсас, анағұрлым күрделі эукариотты жасушаға ауысуына әкеледі.

Про – және эукариоттардың негізгі құрылымдық ерекшеліктері:

  • құрамында хромосомды ДНҚ ядросы болуы немесе болмауы;

  • жасуша қабырғасының химиялық құрамы және құрылымы;

  • цитоплазмалық органел субклеткасының болуы немесе болмауы;

Прокариотты бактерия жасушасында хромосомды ДНҚ цитоплазмада орналасады. Жасушада субклеткалық цитоплазма органелдері жоқҚолайлы (оптимальды ) жағдайда прокариотты жасушалар әрбір 20 мин бөлінеді және осылай бір тәулікке жетпей 10 млрд- тан астам жасушаға (жер шарының тұрғындырын 2 есеге көбейтеді) өмір береді. Эукариотты жасушада цитоплазмадан ядро мембранасы арқылы бөлінген бөлек ядро болады, ал хромосомды ДНҚ ядрода болады. Цитоплазма құрамында әр түрлі субклеткелы органелдер бар. Мембраналар, ядроны қоршаған, митохондриялар липидтер мен мембраналық ақуыздарды синтездейтін эндоплазмалық тор лабиринті түзеді. Мембраналар Гольджи жиынтығын құрайтын, әртүрлі органикалық молекулалардың транспорты мен синтезіне қатысатын, тығыздалған кішкентай үйінділер формалайды. Лизосоманы құрамынды гидролитті ферменттер, жасушаішілік ас қорыту үшін қажетті мембраналар қоршайды, Осы кезде мембраналар фермент ақуыздарынан және жасуша өзінің нуклейн қышқылдары әсерінен қорғайды. Сондай – ақ мембрана құрамында тотықтырғыш ферменттері, қауіпті жоғары реакцияға қабілетті бұзатын және өндіруші перекисі бар пероксисоманы қоршаған. Өзара жасуша ішілік алмасу мембрана құрылымымен қоршалған және жасаушыдан тыс ортада эндоцитоза көмегімен болады.

Бактериялар екі топқа бөлінеді: эубактериялар топырақта, суда және басқа ағзаларда болатын және архебактериялар мұхит терендіктерінде, батпақтарда, өте тұзды сулар мен ыстық қышқыл бұлақтарда кездесетін болып.