Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Завод ендірісіндегі линименттер

Линименттер - кою сүйықтықтар немесе сілікпе тәріздес, теріге жағылып қолданылатын сүйық жағар майлар.

Физико-химиялық түрғыдан линименттер біркелкі емес, сондықтан ерітінді, эмульсия, суспензия және аралас системалар болуы мүмкін.

Ямульсияяар мен суспензияларды өндірісте шығару жаңа эмульгаторларды іздеуді керек етті. Дәріханаларда қолданылатын эмульгаролар сақтау және тасымалдау кезінде тиісті тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады. Өте тиімді эмульгаторлар: N 1 эмульгатор (ВНИХФИ), үш этаноламин мен май кышқылдарының туындылары, эмульгаторлар Т-1, Т-2, твиндер мен спендер болып табылады.

Линименттер келесі тәсілдермен дайындаладьг: 1) араластыру 2) сүйык ортада ұнтақтау 3) ультрадыбыс көмегімен ұнтақтау (үгіту).

Ал дайындау тәсілін таңдап алу дәрілік заттың қажеті дисперстігіне, бастапқы заттар мен эмульгаторлардың ерекшеліктеріне байланысты.

  1. Фазаларды араластыру. Бұл тәсілмен линимент - қоспалар және лінимент - эмулъсиялар алынады. Бұл үшін пропеллерлі және турбиналық араластырғыштардың ашык және жабық түрлері қолданылады. Пропеллерлі араластырғыштар сүйықтықтардың 160-1800 айн./мин. жылдамдықпен айналуын және осьтік қозғалысын тудырады және түтқырлығы төмен системалар үшін қолданылады. Араластыру кезінде системаның тұрақтылығын төмендететін ауа көпіршіктерінен құтылу үшін жиі вакуум қолданылады. Өте ұсақ ұнтақталған және тұрақты суспензиялар мен эмульсиялар алу үшін турбиналық араластырғъшттар қолданылады. Ашық типті турбинкалар тік қиғаш немесе қисык сызықты қалақшалар болып келеді.

  2. Жабық типті аралыстырғыштар – бұлар 45-900С бұрышқа иілген қалақшалары бар қозғалмайтын доңгелектің ішіне орналасқан турбинкалар.

Сұйықьық турбинка табанында орналасқан дөнгелек тесіктер арқала араластырғышқа кіреді және центрге тепкіш күштің әсерінен одан дөңгелектің қалақшалары арасындағы тесіктер арқылы лақтырылады да, реактордың ішінде күшті араласады. Турбинканың айналу жылдамдылығы 1000-1700 айн/мин.

Суспензиялар мен эмульсиялар дайындау үшін роторлы-пульсациялық аппараттар кең қолданылады. Дисперсті системалар алу кезінде РПА-ны аралыстыратын зат батыруға болады.

РПА-тың жұмыс істеу барысында дисперсті фазаның бөлшектеріне күшті механикалық әсер көрсетіліп, қоспаның турбулизациясы мен пульсациясын тудырады. РПА-тың ұнтақтау тиімділігін арттыру үшін роторға немесе статорға қосымша қалақшалар, шариктер орнатуға болады.

РПА-тың тиімділігі суспензияның концентрациясы көтерілген сайын жоғарылайды, себебі, ұнтақтау тек РПА-ның көмегімен ғана емес, дисперсті бөлшектердің бір-бірімен күшті механикалық үйкелеуі нәтижесінде де жүреді.

РПА-ның көмегімен ұнтақ тәріздес заттарды ұнтақтау операциясы мен қоспаны эмульгирлеу операциясын қоса жүргізуге болады. Сонымен, РПА көп фазалы гетерогенді системалар – эмульсионды-суспензионды қоспаларды, мысалы стрептоцид, синтомицин және т.б. линименттерін қамтамасыз етеді.

Суспензиялар мен эмульсиялар алу үшін коллоидты диірмендер қолданылады. Олар қатты бөлшектерді үйкелеу, фрикционды соққылау немесе қатар жүретін кавитация принциптері бойынша жұмыс істейді. Ұнтақтау немесе кедір-бұдыр, құрылысы қысқартылған конус тәрізді ротор және конусты ұяда айналып тұратын статор немесе жайпақ дискілер болып келеді. Дискілердің біреуі жылжымайтын болады, немесе екі дискі де қарама – қарсы бағытта айналады. Дискілерге саусақтар немесе ұсақ орлар (қанаулар) бекітілген.

Фрикциондық диірменнің жұмыс істеу барысында ротор 20000айн/мин жылдамдықпен айналады. Ұнтақталатын қоспа ротор мен статор арасындағы тесікке сорылып түседі. Тесіктің көлемі микровинтпен реттеледі және 0,025-0,05мм болады. Қоспа осы тесік арқылы көп қайтара айналып өткізіледі де, алынған суспензияның бөлшектерінің көлемі өте майда болады.

Соққылау принципі бойынша жұмыс істейтін коллоидты диірменде қоспа айналып тұрған дискімен бекітілген саусақтары бар корпустың арасына жіберіледі. Дискі айналған кезде дисперсті фазаның бөлшектерісаусақтардың сұйықтыққа түсіретін сансыз көп соққыларының нәтижесінде пайда болатын күшті гидравликалық әсерге дұшар болады. Осының нәтижесінде өте майда суспензия немесе эмульсия алынады.

Суспензиялар мен эмульсиялар өндірісте ультрадыспен ұнтақтауға арналған қондырғылар кеңінен қолданылады. Гетерогенді сұйықтықтарды дыбыстау кезінде қысу және сұйылту зоналарында қысым пайда болады. Ультрадыбысты толқын тудыратын артық қысым қатты гидростатикалық қысымның үстіне қосылады да, оның қосындысы бірнеше атмосфера болады. Сұйылту фазасында сұйықтықтың бүкіл көлемі бойында, әсіресе, фазаларды бөліп тұрған газ көпіршіктері мен өте ұсақ қатты бөлшектері бар шекарада қуыстар, кавитациялық көпіршіктер пайда болады. Қайта қысу кавитациялық көпіршектер жабысып қалады және қысымды жүздеген атмосфераға дейін көтеріп жібереді. Осылай қатты бөлшектерді механикалық ыдырауға ұшыратын және фазаларды бөліп тұрған беттен сұйықтықтың аздаған мөлшерін жұлып алып, майда тамшыларға бөлетін жоғарғы қарқынды соқпалы толқын пайда болады.

Ультрадыбыстың қарқыны мен алынатын эмульсия түрінің арасында белгілі тәуелдік бар. Ультрадыбыстың төмен қарқында судағы – май типті эмульсия, ал оның жоғарлаунда майдағы – су типті эмульсия пайда болады.

Ультрадыбысты толқынды алу үшін әртүрлі аппараттар мен қондырғылар қолданылады. Ультрадыбыстың шығар көзі механикалық және электормеханикалық дыбыс таратушылар болады. Электромеханикалық дыбыс таратушылар электродинамикалық, магнитострикторлық және электрострикторлық болып болінеді.

Механикалық энергияны ультрадыбыстық энергияға өзгертуші сұйықтықтық ысқырық ағысы куыс канал арқылы екі нүктеде бекітілген тілекшенің өткір ұшына беріледі. Сұйықтық ағысының соққысы әсерінің тілікше тербеледі де, оның бетіне перпиндикулярлы бағытталған екі шоқ ультрадыбыс таратады. Эмульсия дайындаған кезде сұйықтықтық ысқырықты дисперсиондық ортаға салады және ол арқылы бірнеше армосфера қысым күшімен дисперсті фазаны жібереді. Дыбыс таратушы шығаратын тербелістің жиілігі 30кГц-ке жуық.

Магнитостикторлық дыбыс таратқыштар ұнтақталған орта құйылған ыдысқа орнатылған орамы бар магнитті сымнам тұрамы. Магнитті сым феромагнитті металдардан, әртүрлі өзгертуге қабілетті басқа да материалдардан жасалынады. Мұндай қасиеттер никель, темір, кобальт, тотықпайтын болат және олардың қорытпаларына тән.

Бұл құрал май, су және эмульгатор құйлатын ыдыстан тұрады. Ыдыстың түбінде орамы бар никельді стержень болады, ол арқылы ультрадыбысты жиіліктегі ток өткізеді. Никельді стерженьнің тербелесі сұйықтыққа беріледі және бірнеше минуттан соң одан эмульсия пайда болады. Ультрадыбыстық кавитация әсерінен сұйықтық өте үлкен күшпен араласындағы соншалық, оның бетінде биіктігі 25см фонтандар пайда болады.

Никельді стерженьдер өте қатты қызады, сондықтан оларды сумен салқындатады.

Электрострициялық дыбыс таратқыштардың әсері пъезоэлектриктік эффектке негізделген, 100-500 кГц-ке дейінгі жоғарғы толқынды ультрадыбыс алуда қолданылатын қондырғылар болып табылады.пъезоэлементтер кварцтан немесе басқа кристалдардан дайындалатын, қалындығы өзгеріп тұратын тілікшелер (пластинкалар) болып табылады. Бұл тілікшелердің формасы тік бұрышты, көлемдері 10х15х1м3. тілікшенің бір қыры кристалдың оптикалық осіне параллелді, екіншісі – оның электриктік осінің бірі болуы тиіс. Жиіліктің резонансын тудыру үшін тілікше екі жағынан металл қоршаумен жабдықталған. Осындай тілікшелері электр осі боймен қысқанда немесе созғанда олардың бетінде қарама-қарсы электр зарядтары пайда болады.

Мұндай құбылыс пъезоэффект деп аталады. Электр өрісін қосқан кезде тілікше созылу (теріс зарядта) немесеқысу (оң зарядта)деформациясын сезеді, яғни, құбылмалы электр өрісінде пъезокварцтық тілікше резонансты тербелістер жасайды.

Электорстрикциялық дыбыс таратқыштар көмегімен ұнтақтау схемасы көрсетілген. Пъезоэлементтік элемент арнайы механизмде май моншасына орналастырады. Май изоляциялаушы агент ролін атқарады және акустикалық энергияны жақсы өткізеді. Оның үстінде 5 мм ара қашықта ұнтақталатын заттар салынған колба бекітіледі. Пъезоэлементке жоғарғы толқынды құбылмалы ток көзі газотронды түзеткіш және генератор арқылы келтіріледі, токтың бағыты элементтің электр өсімен сәйкес келуі керек. Майдың ішіндегі кезектен қысу мен созу пъезоэлементтен колбаның шынысы арқылы ұнтақталушы системаға беріледі.

Колбаның ішіндегі заттың қызып кетпеуі үшін оның айналасына ирек түтік арқылы салқын су жіберіліп тұрады.

Ультрадыбыс қолдану дисперстік фазасының көлемдері 0,1-1,0 мкм аралығында және 0,1 мкм-ден төмен монодисперсті системалар алуға мүмкіндік береді. Олардың біркелкілігі мен жоғарғы дисперстік дәрежесі жоғарғы биологиялық тиімділігін қамтамасыз етеді. Ультрадыбыс көмегімен дайындалған эмульсиялар мен суспензиялар механикалық тәсілмен алынған эмульсиялар мен суспензияларға қарағанда сақтау кезінде тұрақты болады. Дыбысталған эмульсиялар қайтымды деп аталады. Олар бөлінген жағдайда, сілкілеген жағдайда, сілкілігін кезде қайта біртекті эмульсия түзеледі.