Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ТЛ КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. - Шымкент, 2008. - 436 б.

Орыс тілінде

2. Технология лекарственных форм. /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.,Медицина, 1991 г.- 1-й том. – 496 с.

3. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. – (Под ред. Кондратьевой Т.С.). – М., 1986.– 287 с.

қосымша:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 1. – Алматы, 2008. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 592 б.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фармакопея. – Басылым 2. – Алматы, 2009. – Баспа үй: Жібек Жолы. – 792 б.

  3. ГФ СССР Х издания М., Медицина, 1968.– 1080 с.

  4. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1987. – Том 1. – 336 с.

  5. ГФ СССР Х1 издания М., Медицина, 1989. – Том 2. – 400 с.

  6. Машковский М.Д. - Лекарственные средства. - М.: Медицина, 2008. – Изд. 15-е.

  7. Милованова Л.Н., Тарусова Н.М., Бабошина Е.В. Технология изготовления лекарственных форм. Ростов-на-Дону: «Феникс».– 2002.– 448 с.

Қорытынды бақылау (сұрақтар)

Тақырып бойынша тапсырмалар: тақырыптың негізгі сұрақтарымен жұмыс істеу

1. Ұсақтау. Елеу. Қатты материалдарды араластыру. Қолданылатын машиналар мен аппараттар, олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері.

2. Өнеркәсіптік дәрілер өндірісін нормалау. Ірілендірілген фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыру принциптері.

3. Технологиялық регламент, технологиялық регламенттердің түрлері,

өндірістік регламенттің бөлімдері;

4. Дайын өнім өндірісінің технологиялық сызбасы;

5. Материальдық баланс, материальдық балансты құру мақсаты, материальдық баланс теңдеуі.

6. Жинақтар дәрілік қалып ретінде. Сипаттамасы. Жинақтар технологиясы.

7. Өнеркәсіп өндірісіндегі ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Ұнтақтар технологиясы. Ұнтақтарды бөлшектеу және орамдау. Аппаратура.

8. Таблеткалар дәрілік қалып ретінде. Таблеткалардың МФ XI басылымы бойынша сипаттамалары. Даму перспективалары.

9. Таблеткалар классификациясы . Дәрілік қалып ретінде артықшылықтар мен кемшіліктері.

10. Таблеткалаудың теориялық негіздері. Ұнтақ тәрізді заттардың физикалық, физика-химиялық және технологиялық қасиеттері, олардың өзара байланысы. Таблеткалау механизмінің теориясы.

11. Таблеткалар өндірісінің технологиялық сызбасы. Технологиялық процестің сатылары.

12. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттар. Сипаттамасы, классификациясы, номенклатура.

13. Тікелей престеу. Тікелей престеу әдісінің артықшылығы мен олардың түрлері. Тікелей престеу әдісімен алынатын препараттардың номенклатурасы.

14. Түйіршіктеу. Түйіршіктеудің белгіленуі, түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Түйіршіктеуге қолданылатын аппараттары.

15. Гранулят анализі, олардың технологиялық қасеттері.

16. Таблеткалардың сапа бағасы және көрсеткіштері.

17. Таблеткалардың дәл дозалануына әсер ететін факторлар.

18. Таблеткаларың механикалық беріктігіне және ыдырауына әсер ететін факторлар.

19. Таблеткалаушы машиналар. Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері.

20. Тритурациялық таблеткалар. Сипаттамасы. Номенклатурасы. Тритурациялық таблеткалардың сапа бағасы.

21. Тритурациялық таблеткалар өндірісінің технологиялық сызбасы.

22. Таблеткаларды қабықпен қаптау. Престеу арқылы қаптау. Пленкалық жабын. Дражирленген жабын. Көп қабатты таблеткалар. Каркасты таблеткалар.

23. Дражелер. Гранулалр.

24. Капсулалар дәрілік қалып ретінде. Сипаттамасы. Классификациясы.

25. Медициналық капсулалар өндірісінде қолданылатын көмекші заттар. Номенклатурасы.

26. Желатин капсулалар. Желатиндік массаны дайындау. Қабықты алу – капсуланы пішіндеу, өндіру әдістері («батыру», тамшылату, престеу). Капсулалар өндірісіндегі қондырғылар.

27. Капсулаларды қабықпен қаптау. Капсулалардың сапа бағасы. Капсулаларды орамдау және сақтау.

28. Микрокапсулалар. Сипаттамасы. Номенклатурасы.

№ 12 ТАҚЫРЫП: СУДЫ ДАЙЫНДАУ. АПИРОГЕНДІ, ДЕМИНЕРИЛИЗАЦИЯЛАНҒАН СУДЫ АЛУ. АППАРАТУРАСЫ. ЖЕҢІЛ ТОТЫҒАТЫН ЗАТТАРМЕН (АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ, НОВОКАИНАМИД, ВИКАСОЛ) ШАНШУҒА АРНАЛҒАН ЕРІТІНДІЛЕР ДАЙЫНДАУ. САПАСЫН БАҒАЛАУ.

Мақсаты: Суды дайындауды, апирогенді, деминерилизацияланған суды алуды және аппаратура құрлысын, жеңіл тотығатын заттармен (аскорбин қышқылы, новокаинамид, викасол) шаншуға арналған ерітінділер дайындау. сапасын бағалауды үйрету.

Оқыту міндеттері Суды дайындауды, апирогенді, деминерилизацияланған суды алуды және аппаратура құрлысын талқылауға, жеңіл тотығатын заттармен (аскорбин қышқылы, новокаинамид, викасол) шаншуға арналған ерітінділер дайындау. сапасын бағалауға машықтану

Өткізу формасы: семинар

Оқыту және сабақ беру әдістері: «Дальтон- час» әдісі бойынша теориялық сұрақтарды талқылау.

Тақырып бойынша тапсырмалар: тақырыптың негізгі сұрақтарымен жұмыс істеу

- ампуладағы инъекциялық ерітінділер өндірісінің жалпы технологиялық сызбасы;

- ампуладағы инъекциялық ерітінділер сапасына қойылатын талаптар;

- арнайы тазалауды қажет ететін дәрілік заттардан ерітінділер дайындау;

- инъекциялық ерітінділердің ластану көздері;

- еріткіштерге қойылатын талаптар;

- инъкциялық ерітінділерді тұрақтандыру әдістері;

- тұрақтандыруды қажет ететін дәрілік заттар ерітінділерінің номенклатурасы;

- тұрақтандыруды қажет ететін инъекциялық ерітінділер өндірісі;

- ампуланы бекіту (тұйықтау) әдістері;

- ампуладағы инъекциялық ерітінділердің сапасын бақылау